"Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 тамызда № 36575 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының зерттеу өрт сынақ зертханалары (бұдан әрі – ЗӨСЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады