"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 тамызда № 36551 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.";

      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқытылатын лауазымдар санаты мен оқытудың тақырыптық жоспарларын айқындайды.";

      көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
1-қосымша";

      көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
2-қосымша";

      көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
3-қосымша";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының орталық өрт байланыс пунктімен, авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерімен, өзара іс-қимыл қызметтерімен, кезекшілік және өртке, аварияға шығу режимдерінде күзетілетін объектілердің диспетчерлік қызметтерімен байланыс

2

1

1

      ";

      көрсетілген Бағдарламаға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
4-қосымша";

      көрсетілген Бағдарламаға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәсіби өртке қарсы
қызметтердің мамандарын
арнайы даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
5-қосымша";

      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік үлгісін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 29 шілдедегі
№ 294 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 қаңтардағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша

Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі

Мамандандырылған
оқу орталығының атауы

Оқу орнының логотипі


Наименование
Специализированного учебного центра

      № __________ КУӘЛІК

      Осы куәлік__________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________________арнайы даярлау курсын ойдағыдай өткенін растайды

      оқыту кезеңі _____________________________________________________________

      Директор ___________________________________

      (Т.А.Ә.(ол болған кезде) (қолы) М.О.

      Берілген күні 20__жылғы "____"__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады