"Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 31 шiлдедегi № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 тамызда № 36548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат беру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 204 бұйрығымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, олардың жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға мыналар жатады:

      1) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      2) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      3) командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушы –даярлықтың белгілі бір саласында (арнайы, техникалық-тактикалық, жалпы дене шынықтыру) спортшылардың оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын және (немесе) спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысымен дайындық процесін қосымша жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      4) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы (бұдан әрі – бас жаттықтырушы) – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасына басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретін жаттықтырушы.

      3. Ақшалай көтермелеуді алуға үміткер Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында төртінші, бесінші, алтыншы орын алған спортшылар мен командалар, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрінен әлем рекордтарын орнатқан спортшылар мен командалар (бұдан әрі – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командалардың мүшелері) жатады.

2-тарау. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару тәртібі

      4. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне спорттың жеке түрлерінде ақшалай көтермелеуді төлеу әр спортшыға алған спорт түрлері бойынша әрбір орны үшін ақшалай көтермелеудің жүз проценті (100%-і) мөлшерінде "Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32990 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін спорттың жеке түрлерінде дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығына сәйкес әрбір алынған орын үшін мынадай қатынастарда белгіленеді:

      1) бірінші жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-і;

      2) жеке жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 80 %-і;

      3) бас жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-і.

      6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жаттықтырушының бірі спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың бірнеше чемпионы мен жүлдегерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшесін дайындаған кезінде жаттықтырушы (бірінші, жеке, бас) әрбір спортшы үшін жеке ақшалай көтермелеу алады.

      7. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары мүшелерінің жеке жаттықтырушысы болған кезінде жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      8. Егер жеке жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командалары мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған кезінде жеке жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      9. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командалары мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған кезінде жеке жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      10. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командалары мүшелерінің жеке және бас жаттықтырушысы болған кезінде жеке жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      11. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу әрбір спортшыға әрбір алған орны үшін ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.

      12. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) иеленген әр орын үшін ақшалай көтермелеу төлемін бас жаттықтырушы және команда екі спортшыдан құралған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген екі жаттықтырушы алады.

      13. Командада (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) екі спортшы болған кезінде ақшалай көтермелеулерді төлеу осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген командалық спорт түрлеріндегі (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушылар спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының жаттықтырушылар кеңесінің хаттамасымен айқындалады.

      15. Командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) бас жаттықтырушыға ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.

      16. Командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.

      17. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, жаттықтырушылары және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері ақшалай көтермелеу төлемдерін алу үшін тек қана осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес құжаттарды спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары спорттық жарыс аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      18. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылары мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне берілетін ақшалай көтермелеу төлемдерін алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      спортшының және осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      спортшының бірінші және жеке жаттықтырушылары көрсетілген нотариалды куәландырылған өтініші;

      спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мөрімен және басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      спортшы мен жаттықтырушының (лардың) банктік немесе карт-шоттың болуы туралы анықтама;

      командалық спорт түрлері үшін (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының ұсынуы бойынша жаттықтырушылар кеңесінің хаттамасы;

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының тізімдерінде бірінші және (немесе) жеке жаттықтырушының болмаған жағдайда дене шынықтыру-спорт ұйымы бұйрықтарының көшірмелері (бірінші және (немесе) жеке жаттықтырушының спортшылармен жұмыс өтілін растау үшін) ұсынылады.

      19. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жоғары спорттық нәтижелер негізінде спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған соң жүзеге асырады.

      20. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу ағымдағы қаржы жылының соңына дейін республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      21. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың, Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жарыстар қаржы жылының төртінші тоқсанында өткізілген кезінде, Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері болып табылатын жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың, Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу келесі қаржы жылы ішінде жүзеге асырылады.

      22. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері спорттық жарысты өткізу күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.

      23. Осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударады.

      24. Екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоты немесе карт-шоты болмаған кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударылады.

      25. Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген кезінде спорттық нәтиже жойылғаны үшін ақшалай көтермелеуді алған кезде жеке және (немесе) бас жаттықтырушы болмаған бірінші жаттықтырушыларды қоспағанда, спортшылар және осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар ақшалай көтермелеуді қайтаруға тиіс.

      26. Ұлттық спорт федерациясы спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациядан және (немесе) тиісті допингке қарсы ұйымнан спорттық нәтиже жойылғаны туралы хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күні ішінде хабарламаны (еркін түрде) "е-Otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      27. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық федерациядан спорттық нәтиже жойылғаны туралы хабарлама алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде спортшы мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылардың тұрғылықты жері бойынша ақшалай көтермелеуді қайтару қажеттігі жөнінде хабарлама (еркін түрде) поштамен немесе электронды тәсілмен жібереді.

      28. Спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар ақшалай көтермелеуді республикалық бюджет қайтаруы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

      29. Ақшалай көтермелеу қайтарылғаннан кейін спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар 3 (үш) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ақшалай көтермелеудің республикалық бюджет қайтарылғанын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.

      30. Осы Қағидалардың 27-тармағын спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар сақтамаған кезінде төленген ақшалай көтермелеуді өндіріп алуды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган сот тәртібімен жүзеге асырады.

      31. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін қайта қарау жүргізіледі.

      32. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде ақшалай көтермелеу төлемдерін алу үшін осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның немесе Халықаралық Олимпиада комитетінің немесе Халықаралық Паралимпиада комитетінің немесе Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің немесе Халықаралық федерацияның шешімін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның немесе Халықаралық Олимпиада комитетінің немесе Халықаралық Паралимпиада комитетінің немесе Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің немесе Халықаралық федерацияның шешімін алғаннан кейін ұсынады.

      33. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде ақшалай көтермелеу төлемдері осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның немесе Халықаралық Олимпиада комитетінің немесе Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің немесе Халықаралық федерацияның шешімін ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

      34. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде халықаралық спорттық жарыстардың, жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың, Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 95 және 98-баптарына сәйкес республикалық бюджетті нақтылау және (немесе) түзету кезінде бюджеттік жоспарлау және ақшалай қаражат бөлу жөніндегі орталық уәкілетті органға өтінім бергеннен кейін жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады