Қазақстан Республикасының Су кодексінің 71-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндеттін атқарушы |
Е. Ибрайханов |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндеттін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 189-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 71-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленіп, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіруі, жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіруі мүмкін апаттық жағдайларға әкеп соқтыратын бұзылу немесе зақымдану қаупі бар әлеуетті қауіпті гидротехникалық құрылысжайды (бұдан әрі – ГТҚ) қауіпсіз пайдалану талаптарын ескере отырып ГТҚ пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібі
2. ГТҚ пайдалану қағидалары оның меншік иесі (иеленушісі) тарапынан әзірленеді, бекітіледі және түпнұсқасы меншік иесінде (иеленушіде) сақталады.
3. ГТҚ пайдалану қағидалары мынадай бөлімдерден тұрады:
1) пайдалануды ұйымдастыру;
2) техникалық зерттеу және тексерулер;
3) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) пайдаланудан шығару тәртібі;
5) құжаттама және есептілік.
4. Меншік иесі (иеленуші) су шаруашылығы мен ГТҚ тізіліміне енгізу үшін су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясына (бұдан әрі – бассейндік су инспекциясы) пайдалану қағидаларының электрондық нұсқаларын енгізуді қамтамасыз етеді.
5. Жаңадан салынатын ГТҚ үшін пайдалану қағидалары жобалау сатысында әзірленеді.
ГТҚ жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін пайдалану қағидалары қайта бекітілуге жатады.
6. "Пайдалануды ұйымдастыру" тарауында нормативтік база, ГТҚ-ны қолдану саласы, ГТҚ-ның орналасқан жері мен сипаттамасы, пайдалану қағидаттары, жауапты тұлғалар, ГТҚ-ны пайдалану процесі; ГТҚ үшін пайдалану жүктемелерінің нормалары, олардың жобалық сипаттамаларына, нақты жай-күйіне, пайдалану шарттарына, олардың қызмет ету мерзімдеріне және әрбір ГТҚ-ның мақсатына сәйкес ГТҚ-ны пайдалану режимі; ГТҚ пайдалану режимін өзгерту рәсімі; ағымдағы және күрделі жөндеулерді орындау рәсімі, негізгі және қосалқы жабдықтарды ауыстыру, реконструкциялау; "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес ГТҚ-ны күрделі жөндеуді және реконструкциялауды жүзеге асыратын мердігер ұйымдарға қойылатын талаптары баяндалады.
ГТҚ-ны пайдалану процесі тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасында техникалық құжаттамамен ресімделеді.
ГТҚ пайдалану режимін өзгерту үш жұмыс күні ішінде бассейндік су инспекциясын хабардар ете отырып, меншік иесінің (иеленушінің) өкімдік құжатымен ресімделеді.
7. "Техникалық тексеру және қарау" тарауында техникалық жай-күйді, оның ішінде жұмыс істеуін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерін тексеру рәсімі қамтылады.
ГТҚ техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу үшін меншік иесі (иеленуші) зерттеп-қарау графигі мен бағдарламасын әзірлейді.
ГТҚ техникалық жай-күйін зерттеп-қарау қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарының жоспары жасалады, онда су ысырабын және оның ағып кетуін азайтуға бағытталған іс-шаралар да қамтылуға тиіс.
ГТҚ мерзімді техникалық тексерулерді, сондай-ақ жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді өткізу үшін меншік иесі (иеленуші) комиссия құрады, оның құрамына меншік иесінің (иеленушінің), жобалық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган), қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Техникалық тексеру мерзімділігі жылына кемінде бір рет белгіленеді, олардың нәтижелері осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.
8. "Пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бөлімінде еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздік; азаматтық қорғаудың жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру және тұрақты әзірлікте ұстау;білікті персоналды қамтамасыз ету; суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жабдықтар мен аппаратураны жарамды күйде ұстауға және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерін сақтауға; материалдық-техникалық ресурстар қорын құру шаралары көрсетіледі.
9. "Пайдаланудан шығару тәртібі" бөлімінде ГТҚ пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдаудың негіздемесі мен тәртібі көрсетіледі.
ГТҚ пайдаланудан шығарған жағдайда меншік иесі (иеленуші) бұл туралы үш жұмыс күні ішінде бассейндік су инспекциясына хабарлайды. ГТҚ-ны пайдаланудан шығару меншік иесі (иеленуші) құратын жұмыс комиссиясының қорытындысы бойынша ГТҚ-ны пайдаланудан шығару актісімен ресімделеді. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті орган ведомствосының, жобалық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
10. "Құжаттама және есептілік" бөлімінде меншік иесінің (иеленушінің) ГТҚ пайдалану жөніндегі құжаттамасы мен есептілігін сақтау тәртібі көрсетіледі.
Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу қағидаларына 1-қосымша |
Гидротехикалық құрылысжайды пайдалану жөніндегі техникалық құжаттаманың тізбесі
№ | Атауы құжаттама | Құжаттаманы жүргізетін лауазымды тұлғалар | Құжаттаманы сақтау орны | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Гидротехникалық құрылысжайлардың жағдайы мен пайдалану режиміне техникалық тексеру жүргізу журналы | меншік иесі | меншік иесі | толтырылған журналдар мұрағатта сақталуға тиіс |
2 | Гидротехникалық құрылысжайларды мерзімді техникалық қарап тексеру бойынша актілер мен есептер | мерзімді техникалық қарап тексерулер жүргізу жөніндегі комиссия және меншік иесі | меншік иесі | мерзімді техникалық тексерулер өткізу бойынша материалдар есепке жинақталады |
3 | Гидротехникалық құрылысжайларды кезекті тексеру туралы акт | кезекті техникалық қарап тексеру жүргізу жөніндегі комиссия және меншік иесі | меншік иесі | |
4 | Гидротехникалық құрылысжайларды кезектен тыс тексеру туралы акт | кезектен тыс техникалық қарап тексеру жүргізу жөніндегі комиссия және меншік иесі | меншік иесі | |
5 | Гидротехникалық құрылысжайларды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері | құрылысжайларды күрделі жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссия | меншік иесі |
Гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Үлгі |
Гидротехникалық құрылысжайлардың жағдайы мен пайдалану режиміне техникалық тексеру жүргізу журналы
__________________________________________________________________________
су шаруашылығы құрылысжайы
Гидротехникалық құрылысжайлардың жағдайы мен пайдалану режиміне техникалық
тексеру жүргізу журналы
№__________________________
гидротехникалық құрылысжайды пайдаланатын меншік иесі
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________________________
журнал жүргізетін жұмыскердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және
қолы
журналдың басталу немесе жалғастыру күні
басталуы: _______________________
жалғасты: ___________________
тұрақты техникалық тексерулер | анықталған ақауларды жою жөніндегі іс-шаралар | ||
күні, саны, айы, жылы | қарап тексеру нәтижелері және анықталған ақауларды жою бойынша белгіленген іс-шаралар | күні, айы, жылы | орындалған жұмыстар туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 |