БҰЙЫРАМЫН:
1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында өткізіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі:
зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде;
саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Скринингтік зерттеулердің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқу себептерін белгілеу үшін өткізіледі.
12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.
Скринингтік зертеулердің екінші кезеңінің көлеміне сәйкес келетін бұрын көрсетілген (соңғы үш ай ішінде) медициналық қызметтердің нәтижелері болған кезде АЕК ұйымының дәрігері клиникалық диагнозды белгілей отырып, скринингті аяқтайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.
Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.
Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі.
Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу.
Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.";
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрыққа 2-қосымша Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 1-қосымша/ |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі
Ескертпе:
ТМККК | - | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
МӘМС | - | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
РНҚ | - | Рибонуклеин қышқылы |
ПТР | - | Полимеразды тізбекті реакция |
УДДГ | - | Ультрадыбыстық доплерография |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрыққа 3-қосымша Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 2-қосымша |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері
№ | Нысаналы топтың атауы | Мерзімділігі | Зерттеудің аяқтау мерзімі |
1 | Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
2 | Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
3 | Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер | 4 жылда 1 рет | 60 күн |
4 | Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
5 | Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
6 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2-кезеңдік) | 6 айда 1 реттен жиі емес | 3 ай |