"Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 шiлдеде № 36529 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау саласында оқудан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қорғау саласындағы оқудан өтуі туралы сертификат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 285
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 857 бұйрығына
Қосымша

Азаматтық қорғау саласында оқудан өтуі туралы сертификат нысаны

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігі
Ұйымның атауы (оқу
орнының немесе аумақтық
органның)
мемлекеттік тілде

ҚР ТЖМ
рәмізі
Символика
МЧС РК

Министерство по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Наименование организации (учебного заведения или территориального органа),
на русском языке

 


Берілді __________________________________________________________________
Выдан
Азаматтық қорғау саласындағы оқудан өтуі туралы
О прохождении обучения в сфере гражданской защиты
Білім алушылардың санаты ______________________________________________
Категория обучаемых
Оқу кезені___________ Сертификат ________дейін жарамды
Период обучения Сертификат действителен до _______
Ұйым басшысы (оқу орнының, ҚР ТЖМ аумақтық органның)
Руководитель организации (учебного заведения, территориального органа МЧС РК)
___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________ Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Мөр орны Берілген күні ________
Место печати Дата выдачи_______


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады