БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) жергілікті атқарушы органдардың тізілімі - қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелерінің тізілімін;
3-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізілімі - газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын түтіктердің иелерінің тізілімін;";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар жоспарланатын тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдер ұсынады.
Өтінімдегі мәліметтер өзгерген кезде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жергілікті атқарушы органның қарауына мынадай:
1) инфрақұрылымның және олардың қуаттарының болуы бойынша, сондай-ақ өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер ұсынбаған немесе толық емес және (немесе) анық емес мәліметтер ұсынған тұлғалардың;
2) ағымдағы немесе алдыңғы тоқсанда инфрақұрылымның болуы және оның қуаты туралы, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізу туралы анық мәліметтер негізінде сұйытылған мұнай газын бөлуде көлемін алған тұлғалардың;
3) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүргізу шеңберінде Заңның 27, 27-1 және 28-баптарында белгіленген сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібінің бұзушылығы анықталған тұлғалардың;
4) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы жоқ тұлғалардың;
5) осы Қағидаларда көзделген мерзімдерді бұза отырып, сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінім берген тұлғалардың өтінімдері қабылданбайды.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Егер бөлу жобасын қалыптастыру немесе оны өзгерту кезінде осы Қағидаларға сәйкес бөлінген көлемнің барлығы немесе оның бір бөлігі мыналарды құрайды:
1) теміржол көлігімен тиеп-жөнелткен кезде мынадай:
18 (он сегіз) тоннадан кем болса – онда мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейді;
18 (он сегіз) тонна және одан астам, бірақ вагон-нормадан кем болса – онда мұндай өтінім берушіге вагон-норма көлемінде сұйытылған мұнай газы бөлінеді;
2) автомобиль көлігімен тиеп-жөнелткен кезде 20 (жиырма) тоннадан кем болса – онда мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейді.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Заңның 27-1-бабының 4-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын, қосымша өнім беру жоспарын және сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемдерін бөлуді орындауға міндетті.
Ағымдағы айда өнім беру жоспары, қосымша өнім беру және бөлу жоспары орындалмаған кезде сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері осындай айға өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлеміне қосымша келесі айда жеткізілуге жатады.";
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде осы Қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген қалған тұлғаларының пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы немесе алдыңғы тоқсанда инфрақұрылымның болуы және оның қуаты туралы, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізу туралы анық емес мәліметтер негізінде бөлуде көлемдерді алу фактісін анықтаған жағдайда тиісті тұлға бөлуді түзету жолымен сұйытылған мұнай газын ағымдағы тоқсанға бөлуден алып тастауға жатады. Сұйытылған мұнай газының қалған жеткізілмеген көлемін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қалған тұлғалардың пайдасы осы Қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тиісті тоқсанға немесе айға қайта бөледі.";
30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"30. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу мынадай:
қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан аз және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген әкімшілік-аумақтық бірліктің газ толтыру станцияларының иелері арасында;
қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан артық және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында;
автомобиль көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалардың арасында жүзеге асырылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін республикалық маңызы бар қалалар, астана және оларға іргелес жатқан тиісті облыстардың әкімшілік-аумақтық бірлігіне кіретін газ толтыру станциялары ретінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, сондай-ақ оларға іргелес жатқан тиісті облыстардың аумағында орналасқан газ толтыру станциялары есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2 және 30-3-тармақтармен толықтырылсын:
"30-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жеткізу жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемі осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған тәртіпте осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында бөлінеді.
30-2. Жеткізу жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газы көлемін бөлу жобасын жергілікті атқарушы орган әзірлейді және оны осы Қағидалардың 12–16-тармақтарына сәйкес Комиссия қарастырады.
30-3. Комиссия шешімімен мақұлданған, жеткізу жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газы көлемін бөлу жобасы тиісті жергілікті атқарушы органмен бекітіледі және үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында Комиссия отырысының хаттамасы осы Қағидалардың 3-тарауымен көзделген тетікке сәйкес жүргізілген осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың арасында сұйытылған мұнай газын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бөлудің есептеулері қоса беріле отырып жарияланады. Сонымен қатар ол уәкілетті органға және сұйытылған мұнай газын өндірушілерге жіберіледі.";
31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін өндірушіден және жергілікті атқарушы органдардан сұйық мұнай газының көлемін бөлуді алғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен ерте емес және 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар 5 (бес) жұмыс күн ішінде өнім берушіге мыналарды:
1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газының төлемі мен оны жеткізу үшін көрсетілген қызметтері туралы мәліметті;
2) төленген сұйытылған мұнай газын алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның уәкілетті өкілі қол қойған хатты жібереді.
Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның көрсетілген мерзім ішінде ресми жауап бермеуі, еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайларды қоспағанда сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту деп танылады.
Өнім берушілер күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті органға және тиісті жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тартқаны туралы хабарлайды.";
36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"36. Сұйытылған мұнай газының көлемін газ толтыру станцияларының (есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондарда өткізілетін көлемдерді қоспағанда), есепке алу жүйесі жоқ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлу мынадай өлшемшарттарға:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын иелерінің мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте осындай тұлғалар пайдаланатын объектілердің жобалық қуатына (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын иелерінің өнеркәсіптік тұтынушыларының тізіліміне енгізілген объектілер арқылы өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірлікте өткен кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын өткізудің нақты көлемдерін (бұдан әрі – P2 көрсеткіші) сүйене отырып жүзеге асырылады.";
39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"39. P1 көрсеткішін бағалау кезінде өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген пайдаланылып отырған қуаттарының жалпы көлемінің жиынтық көрсеткіші көрсетіледі, оның ішінде мыналарды қоса алғанда:
1) газ толтыру станциялары;
2) есепке алу жүйесі жоқ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру пункттері;
3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары.
Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалардың мәліметтері өзгерген кезде үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға мәліметтердің өзгергендігі туралы хабарлайды.";
40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40. P2 көрсеткішін бағалау кезінде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы жүзеге асырған сұйытылған мұнай газын өткізуінің нақты көлемі көрсетіледі, бұл ретте топтық резервуарлық қондырғылар және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі есепке алынбайды.";
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"41. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін нақты өткізу туралы мәліметтерді растау үшін осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар топтық резервуарлық қондырғылар арқылы және есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемдерін қоспағанда, өтініммен бірге жергілікті атқарушы органға өтініш берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырылған сұйытылған мұнай газын өткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті атқарушы органға сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелерін (жеткізу шарттарын, электрондық шот-фактураларды, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттарын, қорларды басқа жаққа босатуға арналған жүкқұжаттарды, тауар-көлік немесе теміржол жүкқұжаттарын), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген және сұйытылған мұнай газын өткізу жүзеге асырылатын барлық объектілер бойынша "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады.
Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан сұйытылған мұнай газын импорттаған жағдайда осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті атқарушы органға тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесін және мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық форматтағы хабарламасын ұсынады.
Бұдан басқа, Заңның 7-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның сұрау салуы бойынша осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын автогаз құю станциялары арқылы өткізу фактісін растайтын бақылау-касса машиналарының тәуліктік есептерінің (Z-есептерінің) көшермелерін ұсынады.";
43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"43. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаның көрсеткішінің қорытынды мәні (Ри) көрсеткіштердің пайыздық көрсеткенде орташа өлшенген мәні ретінде анықталады:
Рқ (%) = Р1*К1+Р2*К2,
мұнда:
К1 – 30 %;
К2 – 70 %;";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 24 шілдедегі № 287-н/қ Бұйрығына 1-қосымша Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларына 1-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінім
____________________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________,
(алушының атауы) орналасқан жері
_____________________________________________________ _____(тоқсан)
____________ жыл, жеткізудің әкімшілік-аумақтық бірлігі
____________________________________________________________________
(жеткізудің әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
тонналарда |
Сұратылатын жеткізу көлемі | оның ішінде одан әрі өткізу түрлері бойынша бөле отырып | |||||||
моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы | газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар) | Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы* | Сыйымды газ | |||||
өз меншікті | өзге | өз меншікті | өзге | Тұрмыстық тұтынушыларға | Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға | Өнеркәсіптік тұтынушыларға | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түскен сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болса) | Түсіру орны: жөнелтілетін темір жол станциясын көрсете отырып, меншікті газ толтыру станциясының және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша мекенжайы** |
Сұйытылған мұнай газының нақты өткізу көлемі***, | ||
1 ай | 2 ай | 3 ай | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе:
*тек Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері ғана толтырады;
** сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен зауыттардан жеткізу кезінде газ толтыру станциясымен сақтау (ауыстырып тиеу) шарты талап етілмейді;
*** сұйытылған мұнай газының нақты өткізу көлемі туралы мәліметтерді растау үшін өтініммен бірге осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.
Осы арқылы ____________________________________________________,
(алушының атауы)
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және мыналарды:
1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 170-бабына сәйкес жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін;
2) оған қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 170-бабына сәйкес тоқтатылмағанын;
3) мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте сұйытылған мұнай газын өткізуді растайды.
Күні, қолы