"Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 шiлдеде № 36495 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35220 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрық тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрыққа 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік сатып алу мынадай:

      1) конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) электрондық дүкен арқылы тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Қағидаларға сәйкес айқындайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жоспарланатын мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастырады. Хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) тапсырыс беруші(лер) мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың заңды мекенжайы;

      2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

      3) әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінішхаттарын қабылдау күні мен уақыты;

      4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап еткен кезде Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) болуы;

      5) жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы қысқаша сипаттама.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің тізімге енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды.

      Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 7), 20), 21), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу хабарландыру орналастырылмай жүзеге асырылады.

      6) бір миллион теңгеге дейін, он миллион теңгеге дейін, жүз миллион теңгеге дейін, бір миллиард теңгеге дейін, бір миллиард теңгеден асатын шекті сомаға сәйкестендіру бойынша конкурстың болжамды сомасы;

      7) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізу орны (Қазақстан Республикасының облысы, республикалық маңызы бар қалалары және астанасы).

      Хабарландыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтердің болуына жол берілмейді.

      Хабарландыруды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда өтінішхатты қабылдау күніне дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырады.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді (ұсынады).

      24. Атына хабарлама жіберілген (ұсынылған) әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарға рұқсат. Рұқсаттың көшірмесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау күні аяқталғанға дейін қағаз тасығышта қолма-қол ұсынылады.

      Бұл ретте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге рұқсаттың болуы мемлекеттік құпияларға қатысты мәліметтер пайдаланылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ғана міндетті;

      2) Заңның 7-бабында көзделген шектеулер болмаған кезде;

      3) веб-порталда тиісті тіркеудің болуы;

      4) ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының 8-қосымшасына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме.

      Міндеттеме әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады, онда конкурстың атауы және әлеуетті өнім беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) толтырылады;

      5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап ететін жағдайларда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсатты (хабарламаны) қамтиды. Рұқсаттың (хабарламалардың) көшірмесі, егер олар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаса, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхатпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;

      6) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады;

      7) азық-түлік тауарлары мен тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.

      8) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.

      Бұл ретте, атына хабарлама жіберілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тауарларды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер болмаған не 2 (екіден) кем әлеуетті өнім берушілер болған жағдайларда Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Әлеуетті өнім берушілер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде болмаған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда барлық әлеуетті өнім берушілер арасында тізімді қалыптастыру туралы хабарландыру орналастырады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талабы конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады, егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқығы бар.

      Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын әлеуетті өнім берушінің кірістері мен негізгі құралдары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады.

      Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады:

      әлеуетті өнім берушінің өткен жылдың алдындағы үш жылдағы кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде он мың еселенген мөлшерін құрайды;

      мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жарым мың еселенген мөлшерін құрайды.

      Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардың талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманың тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен бірге Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінім беруінің соңғы күніне дейін кемінде 10 (он) жұмыс күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді (ұсынады).

      Хабарламаға жауап ретінде әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін жібереді (ұсынады) және конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұлға туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы ұсыну фактісінің хронологиялық тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етеді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді ұйымдастырушы конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілермен кездесуді ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып жүргізеді.

      Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі қажет болса конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күні өткенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Қағидалардың 47-тармағымен көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтеусіз негізде жібереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 10 (он) күн мерзімге ұзартылады.

      Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген тұлғалар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберіледі.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.

      Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу өткізеді.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.";

      70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпеген не кері қайтарып алған;

      2) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан кезде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізбеген не уақтылы белгілі мерзімде енгізбеген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.

      71. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды);

      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізген;

      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарылады.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның отырысы өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.";

      88-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:

      олар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда әлеуетті өнім берушінің рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының және басқа да құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынбауы;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынбауы;

      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (жеке тұлға үшін, ол бар болса) нотариат куәландырылған үзінді көшірмені ұсынбауы (Т.А.Ә. (ол бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі);

      конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасын ұсынбауы;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: www.kgd.gov.kz сайттан алады) мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың сәйкес келмеуі;

      әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;

      үлгілік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы, соған тең толық ұсынылмауы;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуге тиіс);

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы фактісінің анықталуы;

      оның банкроттық рәсіміне не таратуға жатуы;";

      89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:

      жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын жеке тұлға құжатының көшірмесін ұсынбау (бұл ретте, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде: www.kgd.gov.kz сайтында "Электрондық қызметтер / салық төлеушілерді іздеу" айдарынан алады);

      кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке басының куәлігін (паспортын) ұсынбауы;

      олар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және сатып алынатын тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының және басқа да құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынбауы;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: www.kgd.gov.kz сайттан алады) мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың сәйкес келмеуі;

      әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;

      үлгілік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы, соған тең толық ұсынылмауы;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі);

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтердің фактісінің анықталуы;

      оның банкроттық рәсіміне не таратуға жатуы негіздері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Конкурстық комиссияның отырысында:

      1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:

      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді хронологиялық тіркелу тәртібімен ашады;

      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тіркелу тәртібімен жариялайды;

      конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;

      2) конкурстық комиссия:

      конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

      осы Қағидаларда белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды және конкурсқа қатысушының демпингтік баға болып табылатын конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;

      конкурсқа қатысушылардың бағаларын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды;

      ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындайды;

      әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсынысы тең болған кезде әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.

      Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушілер тізімін толықтыру жағдайында, веб-порталда әлеуетті жеткізушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттардың болмауына байланысты, әлеуетті жеткізушілердің ең төменгі баға ұсынысының теңдігі кезінде қатысуға өтініші бұрын басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтініші келіп түскен конкурстың қатысушысы екінші орын алған деп танылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған шарттар және олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар өзге де шарттар бойынша ғана ескеріледі.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия әрбір жылын ескере отырып, осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады, бұл ретте:

      егер конкурстың нысанасы жаңа объектілердің құрылысы болып табылса, тек жаңа объектілердің құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      егер күрделі жөндеу конкурстың нысанасы болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда консорциум келісімінде айқындалған консорциумның негізгі қатысушысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша Тапсырыс беруші атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша бағасы тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бұрын тіркелген конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.";

      107-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз конкурстық баға ұсынған әлеуетті өнім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.

      Егер бірнеше әлеуетті өнім берушілер ең аз конкурстық баға ұсынысын ұсынса, әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының ең төмен бағалары тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Конкурстық комиссия, қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді жазбаша нысанда, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда сұратады.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салулары мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдары түсініледі;

      5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:

      конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;

      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың сәйкес келмеуі;

      әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;

      Заңның 7-бабында көзделген шектеулер болса;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасының болмауы немесе жеткіліксіздігі;

      әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;

      әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;

      әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді, техникалық ерекшелікті, конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған не оларды тиісті емес нысан бойынша ұсынған жоқ;

      әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, жазбаша сұрау салудың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, қабылданбай қайтарылуға жатады;

      конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып табылса;

      конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы қағидалардың 109, 110, 111, 112 және 113-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында көзделген қызметтерді қоспағанда) конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.";

      15-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қажеттілігі үшін (бұдан әрі – Қарулы Күштер) тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалау үшін өлшемшарттарды көздейді.

      Баллдарды есептеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады.";

      5-1-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі";

      127-1, 127-2, 127-3, 127-4, 127-5, 127-6, 127-7 және 127-8-тармақтармен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "127-1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарлар электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылады.

      Электрондық дүкен арқылы әдісті қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін ұсақтауға жол берілмейді.

      127-2. Бірыңғай оператор электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электрондық сауда алаңдары мен олардың әлеуетті өнім берушілерінің тізімін қалыптастырады. Әлеуетті өнім берушінің тауарға баға ұсынысын тек бір электрондық сауда алаңынан беруіне жол беріледі.

      127-3. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Тапсырыс беруші электрондық сауда алаңында Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды;

      2) электрондық сауда алаңы әлеуетті өнім берушілер және олардың тауарларға бағасы туралы ақпаратты Тапсырыс беруші таңдаған тауарлар бойынша электрондық дүкенге жібереді;

      3) электрондық дүкен өсім сомасы бойынша тауардың ең төмен құнынан тапсырыс берушінің таңдалған тауарлары бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады.

      Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер ұсынған жағдайда, бұл мәліметтер басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық алаңда орналастырылған баға ұсынысынан өсіп келе жатқан мәліметтер бойынша қалыптастырылады;

      4) электрондық дүкен веб-порталда жарияланбайтын ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 14-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындылардың алдын ала хаттамасының жобасын қалыптастырады. Қорытындылардың алдын ала хаттамасының мәліметтері Тапсырыс берушіге ғана қолжетімді;

      5) Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қорытындылардың алдын ала хаттамасында сәйкес келмеу себептерін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын қабылдамауға, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюға және қорытындылардың алдын ала хаттамасын электрондық дүкенге жіберуге құқылы;

      6) Тапсырыс беруші қол қойған қорытындылардың алдын ала хаттамасының негізінде электрондық дүкен тапсырысты әлеуетті өнім берушіге хабарлама түрінде жібереді, оның бағасы өнім берушілердің басқа бағаларымен салыстыру бойынша ең төмен болып табылады. Хабарламада Тапсырыс берушінің толық атауы, тауардың атауы мен саны, Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша тауарды жеткізу орны көрсетіледі.

      7) әлеуетті өнім беруші тапсырыспен танысу алдында электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 8-қосымшасына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық дүкен арқылы жария етпеу туралы міндеттеме ұсынады;

      8) тапсырысты ресімдеуге кемінде 2 (екі) әлеуетті өнім берушіден алдын ала хаттамада жол берілген баға ұсыныстары болған кезде жол беріледі;

      9) тапсырысты әлеуетті өнім беруші жұмыс уақытында хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 (үш) сағат ішінде растайды (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін). Егер тапсырысты растау туралы хабарламаны Тапсырыс беруші Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберген болса, сағат саны сағат 18:00-де тоқтатылады. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласы уақытымен сағат 09:00-ден бастап қайта басталады;

      10) электрондық сауда алаңдарында тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырған әлеуетті өнім беруші тапсырысты растау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      11) егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырысты растамаса не бас тартса, электрондық дүкен тауардың бағасы ең төмен бағадан кейін келесі болып табылатын тапсырысты автоматты түрде әлеуетті өнім берушіге жібереді;

      12) тауардың бағасы тапсырыста көзделген көлемде межелі пунктке дейін тауарды жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен болып табылатын тапсырысты әлеуетті өнім беруші растаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің тапсырысты растауы ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес тапсырыста және шарттың үлгілік жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, Тауарды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады;

      13) әлеуетті өнім беруші Тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен веб-порталда жарияланбайтын ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 14-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, бұл мәліметтер тек жеңімпаз мен Тапсырыс берушіге ғана қолжетімді. Қорытындылар хаттамасымен бірге электрондық дүкен ерекше тәртіпті қолдана отырып Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үшін Тапсырыс беруші таңдаған тауар бойынша техникалық ерекшелікті түсіреді;

      14) жеңімпаздың баға ұсынысы тармақшаларда көзделген жағдайларда автоматты түрде қабылданбауға жатады 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) 9) және 13) Заңның 7-бабы 1-тармағының, сондай-ақ егер оның бағасы демпингтік болып табылса немесе не әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы 1 (бір) реттен көп және (немесе) әртүрлі электрондық сауда алаңдарынан берілді.

      Электрондық дүкенде орналастырылған тауарға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер ол көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 30 (отыз) пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады.

      Орташа арифметикалық баға Заңның 7-бабына сәйкес шектелмеген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары арасында есептеледі.

      127-4. Қорытындылар хаттамасы қалыптастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеңімпазға ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тапсырыс беруші қол қойған қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы екі данада жіберіледі.

      Егер әлеуетті өнім беруші Тапсырыс тауарларының әрбір түрі бойынша жеңімпаз болып табылса, Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда шарт жобасында электрондық дүкеннің бір санатына енгізілген тауарлардың бірнеше түрін көрсетеді.

      Бұл ретте жеңімпаз Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды және бір данасын Тапсырыс берушіге жібереді.

      Тапсырыс беруші жасалған шарттың нөмірі мен күні туралы ақпаратты электрондық сауда алаңы арқылы жеткізушіден алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық дүкенге енгізеді.

      Егер жеңімпаз шарттың жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші Шарт жобасын жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды қайталап жүзеге асырады.

      127-5. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тараптар оны тіркеген және қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

      Бұл ретте техникалық ерекшелік шартқа қосымша болып табылатын электрондық сауда алаңдарында орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады.

      127-6. Егер Тапсырыс 2 (екі) жұмыс күні ішінде расталмаса немесе осы Қағидалардың 8-тарауында белгіленген мерзім ішінде шарт жасалмаса не баға ұсыныстары қабылданбаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады.

      127-7. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      Заңның 10-бабының 1-тармағында айқындалған өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.

      127-8. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талаптар құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.";

      6-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі";

      "6-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жол толықтырылсын:

      "1-параграф. Өтпеді деп танылған мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру";

      128 және 129-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 15-бабы 1-тармақтын 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда қабылдайды.

      129. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;

      3) әлеуетті өнім берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін, оның бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негіздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қарауы;

      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;

      5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.

      Заңның 15-бабы 1-тармақтын 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 136-1-тармақпен толықтырылсын:

      "136-1. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған оларды әзірлеу тәртібі ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

      1) егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;

      3) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) әлеуетті өнім беруші қатысудан, оның ішінде шақыру жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жауап бермеуден бас тартқан;

      5) әлеуетті өнім беруші техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.

      Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып осы Қағидалардың осы тармағына сәйкес өткізілмеген деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда көзделген конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-параграфпен толықтырылсын:

      "2-параграф. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      137-1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;

      2) тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;

      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;

      4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;

      5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Егер:

      1) шағым осы Қағидалардың 139-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.";

      147 және 148-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес үлгі шарт бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағын дәйектеуге тиіс.

      Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      148. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылады.

      Тапсырыс беруші жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қойылады.";

      150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізеді.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде белгілейді.

      Егер конкурстың нәтижелері бойынша демпингке қарсы соманы енгізу көзделген болса, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізеді.

      Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші авансты төлеуден бас тартуға құқығы бар.

      Тиынмен есептелген шарттың орындалуын қамтамасыз етуі, авансты қамтамасыз етуі (егер шартта аванс беру көзделсе), демпингтік деп танылмайтын ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде сомасы (болған жағдайда) дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз ету туралы талапты Заңның 5-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, тапсырыс беруші айқындайды.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлермен не мемлекеттік сатып алу жеңімпазы конкурсқа қатысуға өтінімінде көрсеткен қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылармен жасалған шарттардың көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсыну туралы талап қамтылды.

      Жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) берілетін жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан аспайды.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың нысанасы болып табылатын жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орындауға өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруге тыйым салынады.";

      8-тараудың 3-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингі";

      164, 165 және 166-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, жинақтау, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      165. Ерекше тәртіп қолданылатын, Мемлекеттік сатып алу мониторингін өткізілген мемлекеттік сатып алу жөніндегі деректер негізінде мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      166. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша тапсырыс беруші есепті кезеңнен кейінгі бесі күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайынғы есепті орналастырады, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда.";

      осы Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша";

      осы Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
  мемлекеттік сатып алуды
  жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша";

      осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша";

      осы Қағидаларға 5-қосымшада:

      Мемлекеттік сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама:

      12-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      құқық қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар, жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін) (бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы жөніндегі ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/Салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады);

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмағанда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);

      сатып алынатын тауарларды өндіру, өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      осы үлгiлік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесіне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;

      егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздесе, онда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері.

      Ескертпе: жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер жалпы көлемінің отыз пайызынан аспайды.

      Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып белгіленген заңды тұлғалармен Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған жағдайларда қолданылмайды.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады;";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

      2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;

      3) ең төмен баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды;

      ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындайды;

      әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсынысы тең болған кезде әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады;

      Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушілер тізімін толықтыру жағдайында, веб-порталда әлеуетті жеткізушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттардың болмауына байланысты, әлеуетті жеткізушілердің ең төменгі баға ұсынысының теңдігі кезінде қатысуға өтініші бұрын басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтініші келіп түскен конкурстың қатысушысы екінші орын алған деп танылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды);

      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (бар болған кезде) енгізген;

      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарылады.";

      осы Қағидаларға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша"
Бекітемін:
  _________________________
  (тапсырыс берушінің толық
  атауын және осы конкурстық
  құжаттаманы бекіткен оның
  лауазымды тұлғасының тегі,
  аты, әкесінің аты
  (ол бар болса) көрсету)
  Шешімнің №
  20___ жылғы "___"________;

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша";

      осы Қағидаларға 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша";

      осы Қағидаларға 8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша";

      осы Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша";

      осы Қағидаларға 10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша";

      осы Қағидаларға 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша";

      осы Қағидаларға 14-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-қосымша";

      осы Қағидаларға 14-1 және 14-2-қосымшалар осы бұйрыққа 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 15-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
15-қосымша";

      осы Қағидаларға 16-қосымшада:

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа:

      3.1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде теңгеге тең, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мән-жайлары бойынша көзделген аванс мөлшері (бар болса) теңгеге тең, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) теңгеге тең мөлшерде енгізілсін онсыз жалпы алғанда теңге түрінде:

      тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.

      Осы тармақшаның талаптары тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды.

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";

      6.3-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.2. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 %-нан аспауға тиіс.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 % аспауға тиіс.";

      осы Қағидаларға 16-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
16-қосымша";

      осы Қағидаларға 17-қосымшада:

      Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа:

      4.1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде <сомаға> теңгеге тең, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшеріне тең <сомаға> теңгеге, сондай-ақ демпингке қарсы сомаға (бар болса) тең мөлшерде енгізілсін <жалпы сомасы> теңге, бұл <қамтамасыз ету сомасы> (<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:

      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";

      8.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.";

      осы Қағидаларға 17-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша";

      осы Қағидаларға 18-қосымшада:

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа:

      4.1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:

      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";

      7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде Жобалаушы/Орындаушы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.";

      12.5-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      осы Қағидаларға 18-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
18-қосымша";

      осы Қағидаларға 19-қосымшада:

      Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа:

      4.1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:

      Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";

      8.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден/Орындаушыдан Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.";

      осы Қағидаларға 19-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша";

      осы Қағидаларға 20-қосымшада:

      Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:

      3.1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:

      Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;

      не:

      Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";

      7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.3. Қызмет көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда Тапсырыс беруші Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда Мерзімі өткен. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 15% - нан аспауға тиіс.";

      12.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12.5. Шарт бірдей заңды күші бар, қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Тараптар айырбастайтын шартқа қатысты барлық хат-хабарлар және басқа құжаттама осы шарттарға сәйкес келеді.";

      осы Қағидаларға 20-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-қосымша";

      осы Қағидаларға 21-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
21-қосымша";

      осы Қағидаларға 22-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-қосымша";

      осы Қағидаларға 23-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше тәртіп қолданылатын, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың тоқсан сайынғы есебі";

      осы Қағидаларға 23-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
23-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елу бірінші, елу екінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз отыз үшінші, жүз отыз төртінші, жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы, жүз отыз жетінші, жүз отыз сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырықыншы, жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші, жүз қырық үшінші, жүз қырық төртінші, жүз елу екінші, жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші, жүз елу тоғызыншы, жүз алпысыншы, жүз алпыс бірінші, жүз алпыс екінші, жүз алпыс үшінші, жүз алпыс төртінші, жүз алпыс бесінші, жүз алпыс алтыншы, жүз алпыс жетінші, жүз алпыс сегізінші, жүз алпыс тоғызыншы, жүз жетпісінші, жүз жетпіс бірінші, жүз жетпіс екінші, жүз жетпіс үшінші, жүз жетпіс төртінші, жүз жетпіс бесінші, жүз жетпіс алтыншы, жүз жетпіс жетінші, жүз жетпіс сегізінші, жүз жетпіс тоғызыншы, жүз сексенінші, жүз сексен бірінші, жүз сексен екінші, жүз сексен үшінші, жүз сексен төртінші, жүз сексен бесінші, жүз сексен алтыншы, жүз сексен жетінші, жүз сексен сегізінші, үш жүз он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
1-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхат

      ___________________________________ мемлекеттік сатып алу конкурсы

      (толық атауын көрсету керек)

      Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Aтауы _________________________________________________________

      БСН/ЖСН/______________________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мекенжайы, байланыс деректері ___________________________________

      Осымен конкурсқа шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу үшін өтініш білдіреміз, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында және осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкес екенімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім береміз.

      Конкурстық құжаттаманың көшірмесін мына мекенжайға жіберуді сұраймыз: ________ қаласы, _____________ көшесі, ____________ үйі/құрылысы, __________ пәтері/қызметі, ______________ әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары.

      Конкурстық құжаттаманың көшірмесін:

      егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан болса, конкурс қорытындыларынан кейін;

      егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысудан бас тартқан болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеміз.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
2-қосымша
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға 2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (тапсырыс берушімен әрбір лотқа жеке беріледі)

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Лоттың № ______________________________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________________________

      Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келеді.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (ол бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықты қолдану туралы талап көрсетілуге тиіс.

      Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.

      Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді, жұмыстарды тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер, жұмыстарды сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
3-қосымша
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

Ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)

      Конкурстың атауы __________________________________________________


Лоттың №


Лоттың атауы


Тауардың атауы (маркасын, моделін, түрін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)


Шығарылған жылы


Шығарылған елі


Өндіруші зауыт (өндіруші зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі (мекен-жайы, бар болса))


Кепілдік мерзімі (бар болса) (ай)


Жеткізу мерзімі


Тауарды жеткізу орыны


Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда ұсынылатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған, ұсынылатын тауардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі (нақты сипаттамалары көрсетіледі)


Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы (нақты сипаттамалары көрсетіледі)


Конкурстық құжаттаманың (техникалық ерекшеліктің) талаптарына тауардың сәйкестігін растайтын өзге де мәліметтер.


Байланысты қызметтер


      Әлеуетті өнім беруші конкурстың жеңімпазы деп танылған және онымен шарт

      жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі конкурс жеңімпазының

      техникалық ерекшелігінің негізінде қалыптастырылады.

      _________________________________/________________________________/

      (Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және оның қолы)

      мөр орны (жеке тұлға үшін, бар болған жағдайда)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
4-қосымша
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Лоттың № ______________________________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _____________________________________________

      2. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурста сатып алынатын тауарларға ұқсас (осындай) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 (он) жыл ішінде әлеуетті өнім беруші жеткізген (өндірген) тауарлардың көлемі (болған жағдайда толтырылады).

Жұмыстың атауы

Алушының атауы

Тауарды жеткізу орны

Тауарды жеткізу күні

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге







      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      ___________________________________/___________________________/

      (Әлеуетті өнім берушінің басшысының лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса), және оның қолы)

      мөр орны (жеке тұлға үшін, ол бар болса)

      Ескертпе:

      Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
5-қосымша
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер (жұмыстарды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Лоттың № ______________________________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _____________________________________________

      2. Әлеуетті өнім беруші ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 15 (он бес) жыл ішінде орындаған, конкурста сатып алынатындарға ұқсас (осындай) жұмыс көлемі, растаушы құжаттардың* көшірмелері қоса беріледі* (болған жағдайда толтырылады).

Жұмыстың атауы

Жұмыс орындалатын жер (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмыс аяқталатын жыл, ай

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге

      3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелермен қоса, жұмыстарды орындау үшін қажетті, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдер, машиналар) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдер, машиналар) бар екендігі туралы мәліметтерді көрсетеді**.

Р/с №

Жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Меншікті (меншік құқығын растаушы құжаттарды қоса беру), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса беріледі)

Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі

      4. Растаушы құжаттардың көшірмелерімен қоса, еңбек ресурстары туралы мәліметтер**.

Р/с №

Жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі)

Лауазымы

Азаматтығы

Білімі туралы құжат бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі)

1





2









      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      * егер конкурстың нысанасы құрылыс болса, орындалған жұмыстар және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;

      егер конкурстың нысанасы жұмыстың өзге түрі оның ішінде ағымдағы жөндеу болса, орындалған жұмыстар актілерінің және шот-фактуралардың көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;

      егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса, жаңа объектілерді салудағы жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қайта жаңғырту болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігі (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігі ескеріледі.

      ** Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілуі көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.

      Өтілі бойынша талап бар болған жағдайда, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі қызметкердің өтілін растайтын құжат болып табылады (бұл ретте, конкурстық құжаттамаға сәйкес қызметкердің талап етілетін мамандық/біліктілік бойынша өтілі расталатын құжат қана ескеріледі).

      Бұл ретте қызметкердің соңғы 5 (бес) жылдағы өтілі ескеріледі.

      ___________________________________/_________________________/

      (Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса) және оның қолы)

      мөр орны (жеке тұлға үшін, ол бар болса)

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      СН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      СН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
6-қосымша
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
10-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Лоттың №______________________________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _____________________________________________

      2. Растаушы құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 (он) жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.

Көрсетілген қызметтің атауы

Қызмет көрсету орны

Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет көрсету жылы мен айы (__ бастап __дейін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге

      3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

р/с №

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны (дана)

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

      4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.

р/с №

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілсін)

Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың көшірмелері қоса берілсін)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы

      егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.




Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Көрсетілген қызметтер актілерінің (орындалған жұмыстар актілерінің) және шот-фактуралардың көшірмелері мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

      Техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      Салық кодексінің 397-бабынла көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты қызметтерді көрсету кезінде, сондай-ақ есепке алу сертификатталған есепке алу жүйелері (құрылғылары), оның ішінде коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураның көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      2. Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілуі көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.

      3. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының көшірмесі немесе алдын ала жалдау шартының көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем емес болып табылады.

      4. Еңбек өтілі бойынша талап болған кезде қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірменің немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтердің көшірмесі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларда көзделген құжаттардың бірі болып табылады.

      Бұл ретте қызметкердің соңғы 10 (он) жылдағы өтілі ескеріледі.

      5. Материалдық ресурстардың қосалқы жалдау шарттарының көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.

      6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтердің аяқталу жылы танылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
7-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша

Тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары

р Р/с №

Өлшемшарттар

Баллдар

Растайтын құжат

1

2

3

4

5

1

Ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) сериялық өндіру

жоқ (0 балл)

- бір өнім - 1 балл
- өнімнің екі түрі - 2 балл
- өнімнің үш түрі - 3 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) партиясын өндіру

жоқ (0 балл)

- бір өнім - 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі - 1 балл
- өнімнің үш түрі - 1,5 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

2

Сүт өнімдерін сериялық өндіру (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес)

жоқ (0 балл)

- бір өнім - 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі - 1 балл
- өнімнің үш түрі - 1,5 балл
- өнімнің төрт түрі - 2 балл
- өнімнің бес түрі - 2,5 балл
- өнімнің алты түрі - 3 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Сүт өнімдерін партиясын өндіру (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес)

жоқ (0 балл)

- бір өнім - 0,25 балл
- өнімнің екі түрі - 0,5 балл
- өнімнің үш түрі - 0,75 балл
- өнімнің төрт түрі - 1 балл
- өнімнің бес түрі - 1,25 балл
- өнімнің алты түрі - 1,5 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

3

Нан-тоқаш өнімдерін сериялық өндіру (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны)

жоқ (0 балл)

- бір өнім - 1 балл
- өнімнің екі түрі - 2 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Нан-тоқаш өнімдерін партиясын өндіру (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны)

жоқ (0 балл)

- бір өнім-0,5 балл
- өнімнің екі түрі-1 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT - KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

4

Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша әлеуетті өнім берушінің аумақтық әділет органында тіркелуінің болуы

жоқ (0 балл)

бар (3 балл)

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.​kgd.​gov.​kz сайтындағы "Электрондық сервистер/Салық төлеушілерді іздеу" бөлімінен алады.

5

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі соңғы 10 (он) жыл ішінде

жоқ (0 балл)

бар (әр жұмыс жылы үшін 1 балл, бірақ 10 балдан аспайды)

1. Көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін).
2. Шот-фактураның көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін).
3. Шарттың көшірмесі.

      Ескертпе:

      *Қызметтер көрсетілетін жер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағы шегінде айқындалады).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
8-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша
Бекітемін:
  ________________________
  (тапсырыс берушінің толық
атауын және оның осы
конкурстық құжаттаманы
бекіткен лауазымды
адамының тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса)
көрсетіледі)
20 ___ жылғы "___"
№ шешім

Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама

      ___________________________________________

      (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы)

      Тапсырыс беруші ___________________________________________

      (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Тапсырыс берушінің өкілі ___________________________________________

      (Тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын және бар болған жағдайда, электрондық поштасының мекенжайы)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі ___________________________________________

      (Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі, лауазымы, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштаның мекенжайы)

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі).

      2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ___________ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлген жағдайда сома әрбір лот үшін бөлек көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттамада қамтылады:

      1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, қызмет көрсету шарттарын, көрсету мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

      2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері;

      3) үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;

      4) үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер қамтылады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

      1) мынадай банк шотында __________________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері көрсетіледі) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;

      2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

2-тарау. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының түсіндіруі

      6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 20__ жылғы "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімше мен бөлменің нөмірі көрсетіледі).

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.

      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 20__ "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді.

      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге өтеусіз негізде жібереді. Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн мерзімге ұзартады.

      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін ___________ (кездесуді өткізу орны, күні мен уақыты көрсетіледі) кездесу өткізеді.

      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын жасайды, онда көздерін көрсетпей, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

3-тарау. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдері бар конверттерді беруі

      3.1. Конкурсқа қатысуға өтінім

      11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.

      12. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін) (бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екені туралы ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервистер/Салық төлеушілерді іздеу" бөлімінен алады);

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмағанда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі;

      сатып алынатын тауарларды өндіру, өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді;

      үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;

      2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік;

      3) конкурсқа қатысуға өтінімді банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету;

      4) Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетушілерді таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттар;

      5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

      13. Қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.

      3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (ол бар болса) куәландырады.

      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (ол бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      15. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (ол бар болса) тиіс.

      16. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

      17. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетіледі: "(Конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс" және "(Конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз".

4-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз ететін адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.

      19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығы ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдерінің жеке өздеріне қайтарылады.

      20. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

      21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.

5-тарау. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

      22. Әлеуетті өнім берушінің өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен (ол бар болса) бекітіледі.

      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

      23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.

      24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші мыналарға:

      1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

      2) қажет болса осындай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпай, осындай сұрау салуды қабылдамайды.

      25. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.

6-тарау. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіледі). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең 2 (екі) сағаттан аспайды.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, осы конкурсқа қатысуға өтiнiм де ашылады және қаралады.

      27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркеледі (тіркелетін орны, күні және уақыты көрсетіледі, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).

      Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің аудиожазбасы мен бейнетүсірілімін пайдалануына жол берілмейді.

      28. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

      29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бір тұлға әрекет еткен жағдайларда ол туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:

      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

      конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер саны;

      әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар не жоқ екені, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;

      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екені, сондай-ақ себептері;

      белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінім берген, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;

      2) конкурстық комиссия төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға анықтаған тұлға:

      конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

      3) конкурстық комиссияның хатшысы:

      тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

      әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.

      Көрсетілген конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

7-тарау. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу. Өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелерінде конкурсқа қатысушылар жинаған баллдар санын, конкурсқа қатысушыларды конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

      30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болса:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

      Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

      32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:

      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;

      2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

      3) біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 11-бабының 7-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

      Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

      33. Конкурстық комиссия мынадай:

      1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;

      2) конкурстық комиссияға:

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;

      банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

      34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

      2) Заңның 7-бабының не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 7-бабы 1-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларының талаптарын бұзса;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

      егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе:

      конкурс қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

      Заңның 7-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

      35. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конвертті ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      36. Күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар күрделі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелер бойынша конкурстық комиссия бағалайды және өлшемшарттар бойынша, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде есептеу нәтижелері бойынша конкурс қатысушылары жинаған баллдар санын салыстырады.

      38. Өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша баллдарды есептеу Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      39. Әлеуетті өнім беруші өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия оларды бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.

      40. Баллдар саны тең болған кезде әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты мемлекеттік сатып алу веб-порталына басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын берілген конкурс қатысушысы жеңімпаз болып танылады.

      41. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді, бағалау мен конкурсқа қатысуға баллдар санын салыстыруды қарау нәтижелері бойынша:

      1) конкурсқа қатысуға жіберілетін, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылардың жинаған баллдарының санын бағалайды және салыстырады;

      3) конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия отырысына қатысып отырғандарға конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу нәтижелерін айтады және қатысып отырғандарға конкурс жеңімпазын жариялайды.

      42. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптары бойынша әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;

      2) ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;

      3) конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

8-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:

      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;

      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;

      4) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарып береді.

      44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.

9-тарау. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      45. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес және Көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және өнім берушіге жібереді.

      46. Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге қайтарады.

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес тұлғалар кірісіне төлеу фактісі белгіленген күннен бастап шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      47. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.

      48. Отандық тауар өндірушілермен және отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      49. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса) енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

      50. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

      1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;

      2) қажет болса мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
9-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-1-қосымша

Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылар туралы алдын ала хаттамасы

      Жалпы мәліметтер:

Сатып алу түрі

Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу

Қаржы жылы


Тауардың атауы


ЭД-дегі тапсырыс нөмірі


Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты


      Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:

      Тапсырыс берушінің атауы ___________________

      БСН Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН

Тауардың атауы

Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен

ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты

ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты

Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себебі

Өнім берушінің бағасы қайдан алынған ЭСА атауы

Тапсырысты растау мәртебесі (Иә / Жоқ)










      Тапсырысты растауға сұрау салу өнім берушіге жіберілді: (тапсырысты растамаған әлеуетті өнім берушілерді есепке алмағанда, ең төмен бағаны көрсеткен әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы).

      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      **деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      ЭСА - электрондық сауда алаңы;

      ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;

      ЭД - электрондық дүкен;

      кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 381 бұйрығына
10-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-2-қосымша

Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамасы

      Жалпы мәліметтер:

Сатып алу түрі

Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу

Қаржы жылы


Тауардың атауы


ЭД-дегі тапсырыс нөмірі


Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты


Тапсырысты растау күні мен уақыты


      Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:

      Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі атауы ___________________

      Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі атауы ___________________

      БСН

      Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН

Тауардың атауы

Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен

ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты

ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты

Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себебі








      1. № ___ жоспардың тармағы бойынша жеңімпаз болып белгіленсін: (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің БСН/ЖСН атауы).

      2. Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.

      Немесе:

      "Мемлекеттік сатып алу (№___ жоспардың тармағы бойынша сатып алудың атауы) _________________ байланысты өтпеді деп танылсын":

      (Мынадай мәндердің бірі көрсетілсін: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысын ұсыну" не: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды).

      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      **деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      ЭСА - электрондық сауда алаңы;

      ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;

      ЭД - электрондық дүкен;

      кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады