"Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 шiлдеде № 36477 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тиімділік аудитінің объектілерін немесе жеке оның қызметінің бағыттарын іріктеу мемлекеттік органның даму жоспарының және бюджет шығыстарымен өзара байланыста облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының орындалуын және мемлекеттік органның өткен жылдардағы жүргізілген қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талдау, корпоративтік басқаруды, мемлекеттік мүлікті басқаруды бағалау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалуын, мемлекеттік органның басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмаларын, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін және өзге де мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.

      ІАҚ мемлекеттік аудит объектісімен өзінің функцияларын, мақсаттары мен белгіленген болжалды кезеңге қойылған міндеттерін, жарғылық қызметінің түрлерін (квазимемлекеттік сектор үшін), олардың тиімділігі мен нәтижелілігін орындалуының функционалдық талдауын жүргізеді.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, мемлекеттік органның қызметінің бағыттары бойынша тиімділігін бағалау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерінің орындалуын және өзге де мәліметтерін;";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. ІАҚ басшысы аудит тиімділігі нәтижелері туралы орындалған ұсынымдардың ішкі рәсімдерге, жұмыстың тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің көрсеткіштерінің нәтижелеріне қол жеткізу бойынша бизнес-процестерге әсері туралы орталық мемлекеттік орган басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің алдында есеп береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады