ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22899 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтарына қойылатын талаптарда:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Оқу орталығы сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
3. Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау және біліктіліктерін арттыру біліктілік курстары нысанында жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) сәйкестікті растау (өнімнің, көрсетілетін қызметтің, менеджмент жүйесінің, персоналдың) бойынша жұмыс жасайтын сарапшы-аудиторлардан тұратын, сәйкестікті растау саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 5 (бес) жылды құрайтын және ҚР СТ 1.45 "Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар. Жалпы талаптар" белгіленген тәртіпте тестілеуден өту арқылы 3 (үш) жылда бір рет өз құзыреттілігін растайтын, оқыту саласына байланысты оқу жоспарына сәйкес тыңдаушыларды даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқытушылар құрамы болуы тиіс.".
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірменің болуы | Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) |
";
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" және (немесе) ҚР СТ 988 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірменің болуы ____________".".
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағын, 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 15 шілдедегі № 210-НҚ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23412 болып тіркелген).
2. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 111-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34052 болып тіркелген).