1. "Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 6001-16-7-6/196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13794 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулықта:
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Шет мемлекеттердің соттары мен басқа мекемелерінің тапсырмаларын Қазақстан Республикасының соттары оларды Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) немесе оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Департаменттер) арқылы алған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта құжаттарды жіберудің өзге тәртібі көзделмесе орындайды.
Қарым-қатынас тәртібін бұза отырып, соттарға келіп түскен шет мемлекеттер соттарының немесе басқа мекемелерінің тапсырмалары орындалуға жатпайды және халықаралық шартқа не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орталық немесе аумақтық орган арқылы бастамашыға қайтарылады.
8. "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы өтінішхаттар бойынша аталған конвенциялардың ережелерін орындауға Департаменттер уәкілетті.
Осы конвенцияларды іске асыру кезінде Департаменттер тапсырмаларды орындауға байланысты жасалған тапсырмаларды, өтінішхаттарды, құжаттарды, сондай-ақ өтініштерді қанағаттандыру туралы сот актілерін конвенцияға қатысушы мемлекеттердің құзыретті шет органдарына тікелей, ал шет мемлекеттердің соттары мен басқа да мекемелерінің орындалмаған тапсырмаларын және қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтару туралы сот актілерін – Сот әкімшілігі арқылы жібереді.
Департаменттердің тапсырмаларды, өтінішхаттарды, сондай-ақ тапсырмаларды немесе өтінішхаттарды қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот актілерін орындауға байланысты жасалған құжаттарды қарау мерзімі олардың түпнұсқалары келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
9. Сот әкімшілігіне келіп түскен шет мемлекеттердің соттары мен басқа мекемелерінің тапсырмалары, олардың орындалуына кедергі келтіретін себептер болмаған кезде, олардың орындалуын ұйымдастыру үшін шет мемлекеттің құзыретті органы хабардар етіле отырып, аумақтылығы бойынша Департаменттерге жіберіледі.";
15 және 16 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Шет мемлекеттердің соттары мен басқа мекемелерінің тапсырмаларын орындаудан Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара бас тартылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде шет мемлекеттердің соттары мен басқа да мекемелерінің тапсырмаларын орындаудан Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 476-бабының екінші бөлігінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 569-бабының екінші бөлігінде және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 882-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас тартылуға тиіс.
Тапсырманы орындаудан бас тартқан не оны орындау мүмкін болмаған жағдайда сот Департамент және Сот әкімшілігі арқылы тапсырманы және оған қоса берілген құжаттарды шет мемлекеттің құзыретті органына қайтарады.
16. Сот тапсырмаларды орындау кезінде тиісті құжаттар (жауап алу хаттамасы, құжаттарды тапсыру туралы растау, шығыстар туралы анықтама және басқа құжаттар) судьяның қолымен бекітіледі, соттың елтаңбалы мөрімен куәландырылады және Департаментке жіберіледі.
Департамент процестік заңнаманың, Қазақстан Республикасының халықаралық шартының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тапсырмалардың орындалуына байланысты жасалған құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді және құжаттарды Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің құзыретті органына жібереді не анықталған бұзушылықтарды немесе кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Заңды күшіне енгеннен кейін өтінішхатты қанағаттандыру туралы сот актісі немесе оның куәландырылған көшірмесі одан әрі Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің құзыретті органына жіберу үшін Департаментке жолданады.
Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартылған немесе қайтарған жағдайда тиісті сот актісі немесе оның куәландырылған көшірмесі Департамент арқылы Сот әкімшілігіне жіберіледі, ол оны шет мемлекеттің құзыретті органына жібереді не анықталған бұзушылықтарды немесе кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің соттарына немесе басқа мекемесіне жолданатын тапсырма Департаментке жіберіледі.
Департамент тапсырманың Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық шартының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ресімделуін тексеру қорытындылары бойынша оны Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің құзыретті органына жібереді не анықталған бұзушылықтарды немесе кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.
27. Өтінішхатты сот актісі пайдасына шығарылған тарап аумағында сот актісі орындалуы тиіс шет мемлекеттің құзыретті сотына береді. Ол сондай-ақ бірінші сатыда сот актісін шығарған сотқа берілуі мүмкін. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, бұл сот өтінішхатты Департаментке жібереді.
Департамент өтінішхатты Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық шартының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ресімделуін тексеру қорытындылары бойынша оны Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің құзыретті органына жібереді не анықталған бұзушылықтарды немесе кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.".
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сот әкмішілігінің Құқықтық бөліміне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің басшысы |
Н. АХМЕТЗАКИРОВ |