"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19985 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |