Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 1-ші тармағының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1024 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21477 тіркелінген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі