Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 шiлдеде № 36457 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 15 шілдедегі
№ 131 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді" (бұдан әрі - Заң) және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды қабылданған күні тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.".

      2. "Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. "Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса берү үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 117) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      4. "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 255 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 10648 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      5. "Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24545 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 130) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық туристік брендтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық туристік брендтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 130) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық туристік брендтердің тізілімін (бұдан әрі-Тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.".

      6. "Туристендіру картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24950 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады