БҰЙЫРАМЫН:
1. "Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларында:
42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Есептің жалпы бөлігімен танысқаннан кейін заңды тұлға қажет болған жағдайда есепті не есептің бір бөлігін өтеусіз негізде алуға өтінім береді. Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпараттың көшірмесін/телнұсқасын өтеусіз негізде алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) негізінде пайдалануға беріледі. "Minerals.e-qazyna.kz" интернет-порталындағы Жеке кабинеттен не тапсырыс бойынша жасанды жеткізгіштер арқылы геологиялық ақпараттың көшірмесі түрінде талап етілетін геологиялық ақпаратты беру 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, Оператор көрсетілген мерзімде бір жер қойнауын пайдаланушыға 10-нан аспайтын есепті ұсынуды қамтамасыз етеді";
"43. Бастапқы геологиялық ақпарат 6-қосымшаға сәйкес өтінім негізінде 15 жұмыс күні ішінде электрондық және (немесе) табиғи жеткізгіштердегі ақпараттың телнұсқалары түрінде пайдалануға беріледі";
6-қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Геологиялық ақпараттың көшірмесін/телнұсқаларын сатып алуға өтініш
Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор "ҰГҚ" АҚ-ға шығыс № ______ күні_______
Геологиялық ақпарат тізбесі:
№ | Түгендеу | Автор/объекттін атауы | Геологиялық ақпараттың атауы | Құрастыру/іріктеп алу жылы |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Геологиялық ақпараттың түрі:
____________________________________________________________________
(қайталама/бастапқы)
Жеткізгіштің түрі: ____________________________________________________
(жасанды/табиғи)
Алу тәсілі: __________________________________________________________
("Minerals.e-qazyna.kz" интернет-порталынан жүктеп алу, жасанды/табиғи
жеткізгіштерде тапсырыс бойынша)
Жеткізу қажеттілігі: __________________________________________________
(қажет (жеткізу мекенжайын көрсету)/қажет емес)
______________________________ _______________________________
жеке тұлғаның (ТАӘ (бар болса) (қолы, күні) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мөр орны (бар болса)