"Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 3 шілдедегі № 167-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 11 шілдедегі № 66 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 15 шiлдеде № 36447 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы";

      көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметі жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Тексеру парағының нысанымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақылау субъектісі (объектісі) – суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілері;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи монополиялар салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген, табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан астам жүзеге асыратын және негізсіз кіріс (түсім) алған, суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметі жөніндегі табиғи монополиялар субъектілері жатады.

      Табиғи монополиялар салаларында орташа тәуекел дәрежесіне Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген, табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан астам жүзеге асыратын, суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметі жөніндегі табиғи монополиялар субъектілері жатады.

      Табиғи монополиялар саласында төмен тәуекел дәрежесіне табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан аз жүзеге асыратын, суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметі жөніндегі жаңа құрылған табиғи монополиялар субъектілері жатады.";

      1-қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша";

      1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілеріне қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі";

      2-қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша";

      Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия саласындағы тексеру парағында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілеріне қатысты

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министірдің міндетін атқарушы _________А. Касенов
      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі м.а.
_______А. Абдраимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады