"Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 шiлдеде № 36445 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17064 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;";

      4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;";

      4-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) кешенді жұмыс – жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын, "толық аяқталған" құрылыс, "толық аяқталған" жабдықты немесе бағдарламалық қамтуды (лицензиялық бағдарламалық қамту) жеткізуді, жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын басқаруды, "толық аяқталған" құрылысты және жұмыстарға тауарларды ілеспелі жеткізуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;";

      4-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мердігер – қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);";

      4-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) шартты баға – жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға төмендетуді ескере отырып есептеген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын баға;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалау рәсімін жеңілдету және ТЖҚ сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы – теңге болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖҚ сатып алу кезінде тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада мұндай ТЖҚ лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргізуіне жол беріледі.

      Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖҚ бірнеше түрін сатып алу ТЖҚ олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде өзінің қалауы бойынша лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖҚ саны (көлемі) бойынша қосымша бөле алады.

      Тапсырыс беруші біртекті ТЖҚ жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше лицензия (келісімшарт) шеңберінде сатып алған жағдайда, ТЖҚ жеткізу (орындау, көрсету) жері бірыңғай болу шартымен осындай ТЖҚ сатып алынатын ТЖҚ көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша үлестірілуін көрсете отырып бір лотпен сатып алынады.

      ТЖҚ жеткізу (орындау, көрсету) орны ретінде жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияда (келісімшартта) көрсетілген өз шекаралары шегіндегі кен орын немесе мекенжай (жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері) болып табылады.

      Бір лотпен жабдықтың, көлік құралының белгілі бір үлгісінің қосалқы бөліктерін (толымдаушы бұйымдарын) сатып алуға жол беріледі.

      Жабдықтың немесе көлік құралының техникалық құжаттамасында аналогты қосалқы бөлшектерді (компоненттерді) пайдалануға рұқсат ету және осы қосалқы бөлшектерді (компоненттерді) өндірушілердің қазақстандық өндірушілердің тізілімінде болуы туралы шарт болса, қосалқы бөлшектер (компоненттер) бөлек партиялармен сатып алынады.

      Толық аяқталған құрылыс немесе кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Конкурстық құжаттаманы жасау кезінде осы Қағидаларды бұзушылықтар анықталған жағдайда, ашық конкурс (лот) ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін жойылады, конкурстық құжаттама сәйкестендіріледі және ашық конкурс (лот) қайтадан жарияланады.

      Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін негізсіз жіберу (қабылдамау) бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, тапсырыс беруші шарт жасасу сәтіне дейін ашық конкурс қорытындыларының күшін жояды, қарау хаттамасын түзетеді және бұрын анықталған бұзушылықтарды жоя отырып, қорытындылардың жаңартылған хаттамасын қалыптастырады.

      Ашық конкурстың қорытындылары ашық конкурсқа (лотқа) қатысқан әлеуетті өнім берушілердің сол құрамында конкурстық өтінімдерді өзгертпей қайта қаралады.

      Тапсырыс беруші ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу жөнінде қабылдаған шешімі туралы оны өткізбеудің себебін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тізілім (жүйе) арқылы хабардар етеді.

      Әлеуетті жеткізуші ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу туралы тапсырыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда, қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады.

      Жер қойнауын пайдаланушының бекітілген ТЖҚ сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді бағдарламаларында көзделген ТЖҚ сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізуден бас тартуы туралы хабарлама жасау арқылы ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізуден бас тартады.

      Ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу немесе оны өткізуден бас тартуға тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.";

      25-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін көрсете отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар, ал олар болмаған кезде сатып алынатын ТЖҚ-ға мемлекетаралық стандарттар, олар болған кезде "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес көрсетіледі.

      Конкурстық құжаттамаға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы (бар болса) қоса беріледі;

      Жер қойнауын пайдаланушы құрылыста мердігерлік жұмыстарды (жобалық жұмыстарды қоса алғанда) сатып алған кезде техникалық және сапалық сипаттамаларға, нарықтық құнға және нарықта тауарлардың қолжетімділігінің болуы шартымен Қазақстан Республикасында өндірілген құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, инженерлік жабдықтары мен құрылғыларын басым пайдалану шартына енгізіледі;";

      25-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) конкурстық өтінімді ресімдеу.

      Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн мөлшерінде белгіленеді.

      Көрсетілген мерзім ішінде әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімге қоса беретін құжаттардың ағымдағы қолданылу мерзімдері (бар болса) болуы тиіс.

      Егер конкурстық құжаттамада материалдық ресурстардың болуы жөніндегі талап қамтылған жағдайда, онда материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау (алдын ала жалдау) мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) мерзімінен кем емес (жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттарды қоса беру) құрайды.

      Материалдық ресурстардың қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді;";

      26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алынатын тауар өндірушісімен:

      бұрын шығарылған тауар сапасы немесе, егер өндіруші осы тауарды бұрын шығармаған болса, тауардың техникалық сипаттамасы туралы;

      сатып алынатын тауарды осындай әлеуетті жеткізушімен жеткізу үшін жеткілікті мерзімде тауардың әлеуетті жеткізушіге жеткізілуінің кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттамада белгіленген көлем мен сапада тауар жеткізу кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізуші ұсынатын шығын материалдарын бұған дейін өндіруші жеткізген жабдықпен немесе көлік құралымен салыстырымдылығы, сондай-ақ аталған шығын материалдары қолданылған жағдайда, бұған дейін жеткізілген жабдық немесе көлік құралы кепілдіктен алынбайтындығы туралы растаманы қамтитын хаттарды әлеуетті жеткізушінің тапсырыс берушіге ұсынуы туралы;

      Өндірушімен сауда-делдалдық қарым-қатынаста болатын тұлға берген хатты ұсынған кезде конкурстық өтінімге хат немесе лицензиялық шарт, немесе авторлық құқық иеленушінің (авторлық құқық иеленушісі уәкілеттік берген тұлға) және нарық субъектілерінің арасындағы тауар белгісімен немесе авторлық құқық иесін дараландырудың өзге де құралдарымен тауарды өткізуді ұйымдастыру туралы өзге де шарт қоса беріледі;";

      27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті талап болған жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талапты белгілеу.

      Жұмыскерлерге жұмыс тәжірибесін белгілеу кезінде конкурстық құжаттамада жұмыс тәжірибесінің талап етілетін мерзімін көздейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актісіне сілтеме көрсетіледі;";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен немесе конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші қайта бекітуі тиіс және конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімін тапсырыс беруші конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен бастап конкурстық өтінімдерде әлеуетті өнім берушілердің осы өзгерістерді есепке алуы үшін өзгерістер енгізілген сәттен бастап кемінде он жұмыс күніне ұзартады, бұл ретте конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзарту саны шектелмейді.

      Енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс беруші оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы барлық әлеуетті өнім берушілерге ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастырылуға тиіс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      Ашық конкурсты қайтадан өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде сегіз жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      ТЖҚ сатып алу бойынша қайта ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағының 16) тармақшасында көзделген талаптарды қоспағанда, қайтадан ашық конкурс өткізу үшін өтпеген ашық конкурстың конкурстық құжаттамасының талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      36-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

      36-1 және 36-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1. Белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу туралы шарт өнім берушінің тізілімде (жүйеде) ұсынылған тауарларды жеткізуге арналған өтінімдер негізінде сатып алынатын тауардың қазақстандық тауар өндірушілерінен тауарларды сатып алу жөніндегі міндеттемесін қамтиды.

      Конкурстың жеңімпазы тауарларды жеткізуге өтінімдерді конкурстың қорытындылары шығарылған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қабылдайды.

      Тауарларды жеткізуге өтінімдерді қазақстандық тауар өндірушілер немесе қазақстандық тауар өндірушілермен сауда-делдалдық қатынастардағы тұлғалар береді.

      Өтінімге қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат қоса беріледі. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.

      Тауардың бағасы мен сипаттамалары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурс жеңімпазы ең төмен бағаны ұсынған өнім берушімен шарт жасасады.

      Тараптардың орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күнге дейін өнім берушінің тауарларды қабылдау-беру актілерін ұсынуы өнім берушінің осы тармақта көзделген міндеттемені орындағанын растау болып табылады.

      36-2. Өнім беруші мынадай негіздердің бірі туындаған кезде осы Қағидалардың 36-1-тармағына сәйкес Қазақстанда шығарылған тауарды жеткізуге шарт жасаспайды:

      1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ұсынылмаған. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз қолданысын сақтайды;

      2) тауарды жеткізу мерзімі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жоспарында көзделген мерзімнен асып кетсе;

      3) ұсынылған баға конкурстық құжаттамада көрсетілген сметалық құннан асып кетсе;

      4) ұсынылатын тауар конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарына сәйкес келмесе.

      Егер қазақстандық тауар өндіруші осы Қағидалардың 36-1-тармағына сәйкес жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, өнім беруші Қазақстанда шығарылған тауарды жеткізуге арналған шартты бұзады.

      Егер конкурс қорытындылары бойынша шарт жасалмаса, бір көзден сатып алу тәсілімен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде бір көзден сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім беруші конкурс өткізу кезінде берілген Қазақстанда шығарылған тауарларды жеткізуге арналған өтінімдерді қарайды.";

      41-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуетті жеткізуші көрсетілетін қызметті алатын банктің немесе банк филиалының әлеуетті жеткізушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелері бойынша анықтамасының электрондық көшірмесі (екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын әлеуетті жеткізуші, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес күнгі жай-күйі бойынша беріледі;";

      41-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық ерекшеліктің, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы сипаттамаларға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері болуға тиіс.

      Тауар сатып алынған кезде техникалық ерекшелікте жеткізуге ұсынылатын тауардың шығарушы елі, өндірушісі, модельдің атауы және техникалық сипаттамалары көрсетіледі.

      Егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзақ мерзім көзделмесе, қазақстандық тауар өндіруші конкурстық өтінімде шарт жасалған күннен бастап немесе жеткізілетін тауардың бірінші партиясына өтінім жіберілген кезден бастап күнтізбелік тоқсан күнді құрайтын тауарды дайындау үшін қажетті жеткізу мерзімін көрсетеді;";

      41-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сатып алынатын тауарларды өндіруші (өндірушімен сауда-делдалдық қатынастарда жүрген тұлға) тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес берген хаттың электрондық көшірмесі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      10) тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарнаның енгізілуін растайтын төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі немесе конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде ұсынылған, осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес енгізілген банк кепілдігі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тұрған қазақстандық тауар өндірушілер конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден босатылады;";

      41-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін, жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, дара кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың электрондық көшірмесін (дара кәсіпкерлік субъектілері үшін) ұсынады.

      Әлеуетті жеткізуші заңды тұлға болып табылса мынадай құжаттарды ұсынады:

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңы) 7-бабына сәйкес бекітілген жарғының электрондық көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің электрондық көшірмесі;

      құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі (жарғыда құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер болмаған кезде);

      конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акциялар ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме (акционерлік қоғамдар үшін);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Заңының 12-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Қазақстан Республикасының бейрезиден ттері осы тармақшада көрсетілген және Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінде белгіленген тәртіпте алынған ақпаратты, ұқсас ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;";

      64-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өрт және (немесе) өнеркәсіптік қауіпсіздікке байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде конкурстық комиссияның мүшесі (мүшелері) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілер ұсынатын техникалық сипаттамалар туралы толық ақпарат алу үшін қажеттілік бойынша әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген объектілердің орналасқан жері бойынша шығуды жүзеге асырады, ол туралы тиісті акт жасалады. Актіде тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген әлеуетті жеткізушінің нақты материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) осы Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаса немесе конкурстық құжаттаманы және осы Қағидаларды бұза отырып ұсынылса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашудағы қатемен ұсынылған ақпараттан тұрса;

      3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 39-тармағының нормаларын бұза отырып ресімделген немесе ұсынылған құжаттарды қамтыса;

      4) төлем мерзімі Салық кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан артық мөлшердегі берешек туралы мәліметтер болса;

      5) банк немесе банк филиалының анықтамасының электрондық көшірмесінде әлеуетті жеткізуші міндеттемелерінің кемінде бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі болса;

      6) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ашық конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер болса.

      Конкурстық комиссия банкроттық рәсімдердің өткізілуіне бақылау жүргізетін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды;

      7) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

      7-1) осы Қағидалардың 64-тармағының 4) тармақшасына сәйкес объектілердің орналасқан жері бойынша шығу кезінде әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелікте көрсетілген мүлікті ұсынбаған болса;

      8) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), ұсынылатын ТЖҚ-ның елішілік құндылығы бойынша міндеттемелер конкурстық құжаттамада көрсетілген елішілік құндылық көрсеткіштерінен төмен болса;

      9) жалған ақпарат беру фактісі анықталған.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына дәйексіз ақпарат беру фактісін растайтын әлеуетті өнім беруші ұсынған ақпарат авторы хаттарының не дәйексіз мәліметтер ұсынылғанын растайтын ресми жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың электрондық көшірмелері (оның ішінде электрондық почта арқылы) қоса беріледі;

      10) әлеуетті өнім беруші (консорциумға қатысушылар), олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) және қатысушылары "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына әлеуетті өнім берушінің (консорциумға қатысушылардың), олардың басшысының, құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі;

      11) әлеуетті өнім беруші осы ашық конкурсқа, төмендетуге арналған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттыққа) қатысуға бұрын өтінім берген;

      12) әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары), атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса;

      13) әлеуетті жеткізуші:

      Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз болып табылса;

      оны тіркеу заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылса;

      заңды күшіне енген сот актісі негізінде жалған кәсіпорын болып табылса;

      салық тексеруі нәтижелері бойынша тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаса;

      Салық кодексінің нормаларын бұзуға байланысты қайта құрылған болса;

      Салық кодексіне сәйкес жүргізілген жіктеу нәтижелері бойынша жеткізушінің қызметі жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылды.

      Конкурстық комиссия бюджетке салықтар мен төлемдер түсуді қамтамасыз ету саласында басшылық жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексіне сәйкес орналастырылған ақпаратты қарайды.

      14) осы конкурстық өтінімдерді берген тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушілер, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдардың) қатысушылары арасында бұрын жасалған ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын сот (төрелік сот) шешімі күшіне енген кезден бастап жиырма төрт ай ішінде;

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын заңды күшіне енген сот шешімдерінің (төрелік шешімдердің) электрондық көшірмелері қоса беріледі;

      15) тапсырыс берушіде меншік иелері осы ақпаратты заңды негіздерде орналастыруға уәкілетті ресми жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпарат болған кезде, оған қатысты:

      әлеуетті өнім берушінің (консорциумға қатысушылардың), оның құрылтайшыларының, акционерлерінің, қатысушыларының;

      тауар, тауары әлеуетті өнім берушінің жеткізуі жоспарланып отырған өндіруші (өндіруші ел);

      әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша заңды күшіне енген және (немесе) оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық және өңірлік ұйымдар тарапынан саяси, экономикалық сипаттағы шектеу шаралары (санкциялары) енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңды және іс жүзінде таныған елдер сотының үкімі шығарылған жағдайларда тоқтатылады.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылық фактісін растайтын заңды күшіне енген сот үкімдерінің электрондық көшірмелері, адамдарға (елдерге) қатысты шектеу шаралары (санкциялар) енгізілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында себептерін түсіндіре отырып және әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған құжаттарды көрсете отырып, осы тармақта көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамау үшін негіздерді көрсетеді.

      Осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша конкурстық өтінімдерді қабылдамауға жол берілмейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде әлеуетті жеткізушінің қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес ұсынған мәліметтерді ескереді.

      Әлеуетті жеткізуші оның қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына Кодекстің 213-бабының 1-тармағына сәйкес бағаны шартты төмендетуді қолданбайды.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Осы Қағидалардың 74-тармағында келтірілген шарт бойынша бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) бағаланады және салыстырылады және Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша талапты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде ашық конкурстың жеңімпазы (лоттар бойынша) айқындалады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша талапты қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, артықшылық қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірушіге беріледі.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың тізбесінен тұратын автоматты түрде хабарлама жасалады (құжаттарды талап ету болған кезде), ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда), сұратылған құжаттарды қоса беріп, қол қойылған ТЖҚ сатып алу туралы шартты жеңімпаздың жіберуіне арналған мерзімді көрсетумен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.";

      84-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өнім берушінің міндеттемелерді орындамауына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша ТЖҚ сатып алу туралы шарт бұзылды. Бір көзден сатып алу қорытындылары бойынша шарт осы Қағидалардың 86-тармағында көзделген талаптармен бұрын бұзылған шарт бойынша ТЖҚ-ның орындалмаған көлеміне жасалады.

      ТЖҚ сатып алу туралы шарт негізінен екінші әлеуетті өнім берушімен жасалады, оның конкурстық баға ұсынысы бұрын өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін неғұрлым қолайлы болып табылды (бар болса және келіссе).";

      85-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою, он екі ай ішінде аварияларды жою үшін ТЖҚ;";

      85-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) бұрын өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушінің бұрын сатып алған жабдыққа кепілдік міндеттемелерін сақтау қажеттілігіне байланысты сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу қажеттілігі туындаған кезде;";

      85-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасында біртекті жабдықтар және (немесе) көлік құралдары өндірісі болмаған кезде сауда-делдалдық қатынастарда өндірушімен бірге жүрген сол өндірушінің немесе өнім берушінің жабдығы және (немесе) көлік құралдары;";

      85-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жер қойнауын пайдаланушылар үшін экономикалық орындылығы болған кезде Қазақстанда шығарылған тауарлар.

      Тауарлар қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме және (немесе) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат негізінде сатып алынады. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және индустриялық сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.

      Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат болмаған кезде тауарды сатып алу туралы шарт "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат және тауарды жеткізумен бірге қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмені немесе сертификатты ұсыну туралы кепілдік хат негізінде жасалады ЕО болжамды үлесін көрсете отырып, "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және индустриялық сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз қолданысын сақтайды;";

      85-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жобалық, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар мен құрылыстардың жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарын қоспағанда, жобалау алдындағы жұмыстар;";

      85-тармақтың 13) және 14) тармақшасылар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде ТЖҚ:

      қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмені немесе "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификатты не осындай ТЖҚ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмеген жағдайда, шетелде шығарылған тауарды Қазақстан Республикасында шығаруға тыйым салынады.

      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және индустриялық сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.

      Осы тармақша өндіріс көлемін тоқтатуға және төмендетуге жол бермеу, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады;

      14) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіптің болуына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін қажетті ТЖҚ.

      Осы негізді қолдану үшін тапсырыс беруші адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін зақымданулардың фотосуреттерін қоса бере отырып, ғимараттарды және (немесе) құрылыстарды техникалық байқау актісін ресімдейді және бекітеді;";

      85-тармақ мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келісімшарттық сатып алу шарты шеңберіндегі тауарлар;

      16) жабдықтың немесе көлік құралының белгілі бір моделіне, типіне, тобына, сондай-ақ, осы жабдықта немесе көлік құралында орнатылған тораптар мен агрегаттарға қосалқы бөлшектерді (толымдаушы бұйымдарын), оларды өндірушілерден немесе осы өндірушілермен сауда-делдалдық қатынастағы тұлғалардан сатып алу.

      Бір лотпен жабдықтың немесе көлік құралының белгілі бір моделіне, типіне, тобына қосалқы бөліктерін (толымдаушы бұйымдарын), сондай-ақ осы жабдықта немесе көлік құралында орнатылған тораптар мен агрегаттарға бір көзден сатып алу хаттамасына қосалқы бөлшектер (толымдаушы бұйымдар) тізімін қоса бере отырып сатып алуға жол беріледі.

      Жабдыққа немесе көлік құралына арналған техникалық құжаттамада қосалқы бөлшектердің (жинақтауыштардың) аналогтарын қолдануға жол беру туралы шарттар болған және осы қосалқы бөлшектерді (жинақтауыштарды) өндірушілердің қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде бар болған кезде қосалқы бөлшектер (жинақтауыштар) Қағидалардың осы тармағының 10) тармақшасына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілерден жекелеген лоттармен сатып алынады;";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстырып тексеру тізілімде (жүйеде) жүзеге асырылады, және Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту жөніндегі өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасы негізінде жеңімпаз анықталады.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған соңғы күннен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпарат қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде қалыптастырылады және орналастырылады.

      Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың тізбесінен тұратын автоматты түрде хабарлама жасалады, ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін (талап ету болған кезде), ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда), сұратылған құжаттарды қоса беріп, қол қойылған ТЖҚ сатып алу туралы шартты жеңімпаздың жіберуіне арналған мерзімді көрсетумен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Ашық конкурс, қайталама ашық конкурс, төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), төмендетуге арналған қайталама ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде, бірақ қорытындылар туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен ерте емес жасалады. Тараптардың келісімі бойынша осы тармақта көрсетілген мерзім қысқартылады.

      Егер ТЖҚ-ны сатып алу бірнеше лот бойынша жүргізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттардың жобаларын Тапсырыс беруші әрбір лотқа жеке жасайды.

      Әлеуетті өнім беруші бірнеше лот бойынша жеңімпаз деп танылған жағдайда, әрбір лотты жеке техникалық ерекшелікке бөле отырып, ТЖҚ сатып алу туралы бірыңғай шарт жасалады. Бұл ретте техникалық ерекшеліктер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бір қосымшада баяндалады.

      Әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылған жағдайда әрбір келесі конкурста жаңа шарт жасалады немесе шарт тараптарының келісімі бойынша осы өнім берушімен бұрын жасалған шартқа жеке қосымша түрінде техникалық ерекшелік ресімделеді.";

      119-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем туралы талаты;

      Бұл ретте қазақстандық тауар өндірушілерге жеткізілген Қазақстанда шығарылған тауар үшін ақы төлеу тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі;";

      119-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ТЖҚ сатып алу туралы шарт сомасынан "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасына кемінде 5 (бес) пайыз инвестициялау бойынша шарт қамтылады.

      Бұл шарт:

      ТЖҚ сатып алуға бөлінген жылдық сома тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз мың есе АЕК асқан;

      сатып алынатын тауар өндірісі Қазақстан Республикасында болмаған;

      тауар жеткізу офтейк-келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылмаған кезде көзделеді.

      Осы тармақшада көзделген шарттар осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес сатып алулар өткізген кезде ТЖҚ сатып алу туралы шартта белгіленеді;";

      119-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей төленетін шарт сомасының кемінде 30 (отыз) пайызы (бір реттік жеткізу кезінде) мөлшерінде немесе жеткізілетін тауардың әрбір партиясына өтінім сомасының кемінде 30 (отыз) пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді көздейтін шарт, егер шарт қазақстандық тауар өндірушімен жасалса.";

      120 және 121 тармақтылар мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Тапсырыс беруші қазақстандық тауар өндірушімен тауарды сатып алу туралы шарт жасасқан кезде, шарттың ережелерінде жеткізушінің қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмені немесе "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсыну туралы талап көрсетіледі. сатып алынатын тауардың номенклатурасына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын бұл ретте үзінді көшірмеде немесе сертификатта көрсетілген тауардың өндірістік қуаты немесе көлемі, жасалған шарт шеңберінде жеткізілетін тауардың өндірістік қуатынан немесе көлемінен кем емес көрсетіледі.

      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.

      Тапсырыс беруші жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушімен ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт жасасқан кезде осы шарттың ережелерінде Кодекстің 215-бабына сәйкес өнім берушінің сатып алынатын ТЖҚ-ны және олардағы ел ішіндегі құндылық үлесі туралы есепті ұсынуы туралы талап көрсетіледі.

      121. ТЖҚ сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер тараптардың өзара келісімі бойынша мынадай:

      1) елеулі болып табылмайтын шарт талаптары;

      2) әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып айқындалған күннен ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) шетел валютасының бағамына қатысты ресми бағамы өзгерген жағдайда, ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасы бағасының өзгеруі бөлігінде енгізіледі.

      ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасы бағасын тараптардың мөлшерлей отырып қайта есептеуі ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) ағымдағы бағамы бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте әлеуетті жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берумен, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарлар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасының бағасын арттыру немесе азайту қажеттілігінің негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады.

      3) сатып алу қорытындылары қайта қаралған жағдайда, сатып алу қорытындыларын қайта қарау және шарт жасасу үшін пайдаланылған күндер санына жеткізу, қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) мерзімдерін өзгертуі.

      4) конкурс жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған (не шарттың орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбеген) және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз ретінде анықтаған жағдайда, сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап конкурс жеңімпазы болып танылған күнге дейін өткен күндер санына екінші орын алған конкурс жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған (жұмыстарды орындау), қызметтер көрсету, қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) мерзімдерін өзгертуі;

      5) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған және жеңімпаз конкурс қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындаған жағдайда сатып алу жеңімпазымен шарт жасасқан күннен бастап сатып алу жеңімпазымен шарт бұзылған күнге дейін өткен күндер санына жеткізу, қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) мерзімдерін өзгерту;

      6) тізілімнің (жүйенің) техникалық жұмыстарын жүргізуге байланысты тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мерзімдерін техникалық жұмыстарды жүргізу күндерінің санына ұзарту.";

      122-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы тауарды сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен сатып алынатын тауар көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының жиырма пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      2) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт сомасын сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының жиырма пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      Осы Қағидалардың 117-тармағына сәйкес бірнеше лоттар бойынша әлеуетті өнім берушімен ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ТЖҚ сатып алу туралы шарттың құнын әрбір лот бойынша жиырма пайыздан аспайтын ұлғайтуға жол беріледі;";

      122-тармақ мынадай мазмұндағы 14) 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының талаптарына негізделген тауарларды уақтылы жеткізбеген, жұмыстарды орындамаған, қызметтер көрсеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ТЖҚ берушімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шартта төлем тәртібін өзгерту бөлігінде;

      15) тауарларды жеткізудің логистикалық маршруттарының шарттың жалпы сомасының жиырма пайызынан аспайтын өзгеруі себебінен тауар бірлігіне, оның ішінде орындалатын жұмыстарға бағаның өзгеруі бөлігінде;

      16) жанар-жағармай материалдарының қымбаттауына немесе арзандауына байланысты автокөлік қызметтеріне арналған шарт сомасын ұлғайту немесе азайту бөлігінде енгізіледі.

      Бұл ретте, жеткізуші тапсырыс берушіге ұлғайту немесе азайту шарттың құнын көрсете отырып, егжей-тегжейлі калькуляция шығындарды жанар-жағар май материалдарына әсер ететін ұлғайту немесе шығындарды азайту, қызмет көрсету, растайтын құжаттарды қоса бере отырып қажеттіліктің негіздемесін ұсынады.";

      123-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123-1. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен сатып алу нәтижелері бойынша ТЖҚ сатып алуға жасалған шарт туралы ақпаратты "Сатып алудың бірыңғай терезесі" интернет-порталына беру үшін тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімде (жүйеде) орналастырылған нысанды толтыру арқылы жасалған шарт туралы ақпаратты ұсынады.

      Тізілімде (жүйеде) бұрын толтырылған нысанда көрсетілген ТЖҚ сатып алуға жасалған шарт туралы деректер өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алуға арналған шартқа қосымша келісім (ТЖҚ-ны сатып алуға арналған шартты бұзу туралы келісім) жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімде орналастырылған нысанды толтыру арқылы жасалған шарт туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Толтырылған нысанға тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің тұлғасы тізілімнің жабық бөлігіне орналастырады.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Заңды тұлғалар қайта құрылған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын көшіру кезінде қаржылық міндеттемелерді немесе құқықтар мен міндеттердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен берілуін қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап ету құқығы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шарт бойынша міндеттемелерді орындау (талаптан қайту) құқығы берілмейді.";

      1-қосымшада:

      29) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:

      "42) Қазақстан Республикасында өндірілмейтін, сондай-ақ тапшылық болған кезеңде (растайтын құжаттар болған кезде) Қазақстан Республикасында өндірілетін жанар-жағармай материалдарын сатып алу.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, жиырмасыншы, алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс тоғызыншы, сексен үшінші, жүз қырық тоғызыншы, жүз елуінші, жүз бесінші, жүз елуінші, жүз бесінші, жүз алпыс төртінші, жүз жетпіс жетінші, жүз сексен алтыншы, жүз сексен сегізінші және жүз сексен тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады