Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 313-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 шiлдеде № 36438 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және

      құрылыс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 10 шілдедегі
№ 313-НҚ бұйрыққа
1-қосымша

Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі

      2. Мемлекеттік архивтер азаматтық заңнама шеңберінде ақылы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу арқылы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 1-тармағымен көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне жатады:

      1) архив құжаттарын ретке келтіру;

      2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың заманауи негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;

      3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;

      4) архив құжаттарын сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;

      5) архив құжаттарының көшірмесін жасау;

      6) Заңның 15-1-бабы 1-тармағында көрсетілген архив құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архив құжаттарын электрондық нысанға аудару;

      7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;

      8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;

      9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;

      10) әдістемелік әдебиетті, архив құжаттарының жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;

      11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау.

      4. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік архив ғимараттарының ақпараттық стендінде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерінің ресми сайтында орналастырады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерімен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бекітеді.

      5. Мемлекеттік архивтер қағаз жеткізгіште немесе электрондық форматтағы еркін нысандағы өтініштің негізінде жеке және заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.

      6. Мемлекеттік архив пен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы өзара қатынастар, соның ішінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізу бойынша төлеу нысаны, мерзімі азаматтық-құқықтық шартпен реттеледі.

      7. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі үшін ақы төлеуі:

      1) қолма-қол емес ақша түрінде мемлекеттік архивтің ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша аудару жолымен;

      2) қолма-қол ақша түрінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып кассалық кіріс ордерлерінің негізінде мемлекеттік архивтің кассасына жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны пайдалану тәртібі

      8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жүзеге асыру бойынша көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінен түскен ақшаны мемлекеттік архивтер мынадай бағыттар бойынша пайдаланады:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайту;

      2) ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеу;

      3) шаруашылық шығыстар (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, коммуналдық төлемдер, ұйымдастыру техникасын және компьютерлерді жөндеу, ғимаратты ағымдағы жөңдеу, қызметтік автомобильдерді жөндеу және ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алу, бөлмелерді жалға алу;

      5) жеке және заңды тұлғалардан архивтік құжаттарды сатып алу;

      6) архив ісі бойынша оқу-әдістемелік құжаттардың жинақтарын, архив құжаттарының жинақтарын, анықтамалықтар мен архив ісі бойынша басқа да жинақтарды басып шығару;

      7) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік картон қораптарды дайындау;

      8) ғылыми, салалық, соның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға байланысты шығыстар.

      9. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары Кодекстің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сай жасалады.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 10 шілдедегі № 313-НҚ бұйрыққа
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17446 болып тіркелген).

      2. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18763 болып тіркелген).

      3. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23732 болып тіркелген).

      4. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 609-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35532 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады