БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 "Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21902 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру, спортшының дене бітімінің дамуы, денсаулығының жай-күйі, денсаулық жағдайының ауытқуын ертерек анықтау, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындығы оның ішінде функционалдық жай-күйі және серпіндегі оның физикалық жұмысқа қабілеттілігінің көрсеткіштері туралы неғұрлым толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында спорт медицинасы және оңалту ұйымдарымен өткізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Кешенді функционалдық тестілеу мына тексерулерді қамтиды:
1) спорт медицинасы дәрігерінің қарауы (спорттық медицина бойынша дәрігердің тағайындауы бойынша бейінді мамандардың тексеруі);
2) биологиялық материалдарды зертханалық зерттеуін;
3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық зерттеулер:
антропометрия, дене құрамының құрамын талдау;
плантоскопия;
спирография;
омыртқаның көп өлшемді талдауы;
ЭКГ;
эхокардиография;
жүктемелі кардиологиялық тестілеу;
буындардың магниттік-резонанстық томографиясы;
газ анализімен және лактатты анықтаумен арнайы төзімділікті бағалау;
жылдамдық пен қуат көрсеткіштерін бағалау.
Кешенді функционалдық тестілеу үшін тексерулерді спорт медицинасы дәрігерінің спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының бас жаттықтырушысымен келісім бойынша спорт түріне, жаттығу жиындары мен жарыстардың жиілігіне сәйкес, сондай-ақ әр спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, спортшыға тағайындайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Спортшыны кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының халықаралық және ұлттық спорттық жарыстарға даярлау бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде жылына кемінде екі рет жүргізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру қорытындылары бойынша оқу-жаттығу процесіне рұқсат алу және спорттық жарыстарға қатысу үшін спорт медицинасы дәрігері (еркін нысанда) қорытынды жасайды, онда мыналар қамтылады:
1) денсаулық жағдайын бағалау және функционалдық топқа жататындығын анықтау:
дені сау, спорттық қызметпен айналысу шектеулерсіз мүмкін;
іс жүзінде сау, спорттық қызметі кезінде физикалық жүктемелерді шектемейтін диагнозды көрсету;
емделу және қалпына келтіру кезінде спортпен шұғылданудан шеттетілуді талап ететін диагнозды көрсету және спортшыны қалпына келтіру;
спорттық қызмет кезінде дене жүктемесін шектейтін және спортпен айналысудан тұрақты шеттетуді талап ететін диагнозды көрсету;
2) физикалық дамуын бағалау (антропометриялық деректер және индекстер әдісі бойынша);
3) бейімделу мүмкіндіктерін және функционалдық жағдайын бағалау (дене жұмыс қабілеті, жүректің функционалдық резерві, вегетативті қамтамасыз ету түрі, ортостатикалық орнықтылығы, сенсомоторлы реакция жылдамдығы).";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды тереңдетілген, кезеңдік, ағымдағы, кешенді функционалдық тестілеудің және жарыс алдындағы медициналық тексерулердің нәтижелері, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34558 болып тіркелген) № 052/е нысаны бойынша "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" толтырылады.";
Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тереңдетілген медициналық тексерудің бағдарламасында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту: "Мүгедектігі бар спортшылар мен денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған тереңдетілген медициналық тексерудің өткізу бағдарламасы денсаулықтың бұзылу түріне, функционалдық диагностика, стресс-тесттер және дәрігер-мамандардың зерттеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі
|
Е. Мырзабосынов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 8 шілдедегі № 127 бұйрығына қосымша |
Тереңдетілген медициналық тексерудің бағдарламасы
№
|
Спортшылардың санаты
|
Өткізу мерзімділігі
|
Дәрігер мамандар
|
Клиникалық - зертханалық және функционалдық - диагностикалық зерттеулер
|
1.
|
Спорттық - сауықтандыру даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар
|
жылына бір рет
|
Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты)
жалпы практика дәрігері,
травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог, кардиолог,
емдік дене шынықтыру дәрігері,
спорт медицинасы дәрігері
|
Қанның клиникалық талдауы (бұдан әрі - ҚКТ),
зәрдің клиникалық талдауы (бұдан әрі - ЗКТ),
антропометрия, электрокардиография (бұдан әрі - ЭКГ), эхокардиографиялық зерттеу (бұдан әрі - ЭХОКГ),
|
2.
|
Бастапқы даярлық кезеңінде шұғылданатын спортшылар
|
жарты жылда бір рет
|
Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты),
жалпы практика дәрігері,
травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог, кардиолог,
емдік дене шынықтыру дәрігері,
спорт медицинасы дәрігері
|
ҚКТ, ЗКТ, антропометрия, ЭКГ, ЭХОКГ, қол, орнақтық динамометрия (бұдан әрі - динамометрия), құрсақ қуысы мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу, (бұдан әрі - ҚҚ және бүйректі УДЗ), өкпефлюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес). Жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған функционалдық сынамалар:
PWC-170 бойынша Л.В. Карпман, Мартине, Летунов сынамасы, Гарвард степ-тесті, жамбасты жоғары көтеріп 3 минуттық жүгіру, көлеңкемен 3 минуттық жекпе-жек
|
3.
|
Оқу-жаттығу даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар
|
жарты жылда бір рет
|
Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог,
стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері
|
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, жалпы билирубин, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі - АЛТ), аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі - ACT), креатинфосфокиназа (бұдан әрі - КФК), сілтілі фосфатаза, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, кортизол, тестостерон, тиреотропты гормон (ТТГ),
еркін Т4(FT4), ЗКТ, антропометрия, ЭКГ, ЭКГ жүктемемен, ЭХОКГ, динамометрия, ҚҚ және бүйректі УДЗ, спирография, өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес). Жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған функционалдық сынамалар:
PWC-170 бойынша Л.В. Карпман, Мартине, Летунов сынамасы, Гарвард степ-тесті,
жамбасты жоғары көтеріп 3 минуттық жүгіру,
көлеңкемен 3 минуттық жекпе-жек
|
4.
|
Спорттық жетілдірукезеңінде шұғылданатын спортшылар
|
жарты жылда бір рет
|
Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог,
стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері
|
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, (бұдан әрі - ЖТЛП),
(бұдан әрі - ТТЛП), жалпы билирубин, тікелей билирубин, АЛТ, ACT, КФК, (бұдан әрі - КФК-МВ), сілтілі фосфатаза, ЛДГ, ЛДГ1-ші изоферменті; фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы, ЗКТ, антропометрия және дене құрамын талдау, ЭКГ, ЭКГ жүктемемен, ЭХОКГ, динамометрия, ҚҚ және бүйректі УДЗ, спирография, өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес). Дене жұмыс қабілетін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу: велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия; магистральды және қолтық бұлшықеттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия; жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест; велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау. Психоэмоционалды жағдайды зерттеу
|
5.
|
Жоғары спорт шеберлігі кезеңінде шұғылданатын спортшылар
|
жарты жылда бір рет
|
Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері
|
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, ЖТЛП,
ТТЛП, жалпы билирубин, тікелей билирубин,
АЛТ, ACT, КФК, КФК-МВ,
сілтілі фосфатаза, ЛДГ, ЛДГ1-ші изоферменті, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы, ЗКТ, антропометрия және дене құрамын талдау, ЭКГ, ЭКГ жүктемемен,
ЭХОКГ, динамометрия, ҚҚ және бүйректі УДЗ,
спирография, өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес). Дене жұмыс қабілеттілігін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу:
велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия;
магистральды және қолтық бұлшық еттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия;
жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест;
велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау. Психоэмоционалды жағдайды зерттеу
|
6.
|
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының спортшылары
|
жарты жылда бір рет
|
Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері
|
ҚКТ, қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, жоғары тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ЖТЛП), төмен тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ТТЛП), жалпы билирубин, тікелей билирубин,
АЛТ, ACT, КФК, креатинфосфокиназа МВ (КФК-МВ), сілтілі фосфатаза, лактатдегидрогеназа (ЛДГ), ЛДГ1-ші изоферменті, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы, ЗКТ, антропометрия және дене құрамын талдау, ЭКГ, ЭКГ жүктемемен, ЭХОКГ, динамометрия, ҚҚА және бүйректі УДЗ, спирография, өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен көп емес). Дене жұмыс қабілеттілігін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу:
велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия;
магистральды және қолтық бұлшық еттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия;
жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест;
велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау. Психоэмоционалды жағдайды зерттеу
|