БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары;";
4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2. ӘІБТ-ге қол жеткізу болмаған жағдайда АЕҚ аумақтық уәкілетті органды жазбаша хабардар ете отырып, ол пайда болған күні қойылады.
Егер осы Қағидалардың 4, 4-1-тармақтарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келетін болса, онда АЕҚ келесі жұмыс күнінде қойылады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың түпнұсқаларын ӘІБТ-ге уақтылы салу мүмкін болмаған жағдайда, орган (лауазымды адам) алыс болған немесе хабардар етудің дұрыс жолдары болмаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай немесе әскери жағдай және төтенше ахуалдың кезiнде, олар процестік шешім қабылданғаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде салынуға жатады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Электрондық нысанда толтырылған процестік және өзге де құжаттарды куәландыруды, сонымен қатар мас күйін тексеруге арналған жолдамаларды, электрондық жол-көлік оқиғаларының сызбасы, әкімшілік іс жүргізудің қатысушылары ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен немесе қолтаңба планшеті арқылы жүзеге асырады. ӘІБТ МҚ-да әкімшілік іс жүргізуді жүргізу кезінде қол қою планшеттік компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, пайдаланушы іс жүргізуге қатысушылардың жасалған құжаттардың қағаз нысанына қол қоюларын, кейін олардың РDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге салынуын қамтамасыз етеді.";
18-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"ӘҚБтК-нің 737-2-бабының тәртібімен жасалған процестік құжаттар және ӘҚБтК-нің 779-бабында көзделген құжаттар да ӘІБТ-де жоюға жатпайды.";
осы Қағидаларға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 8.1-тармақпен толықтырылсын:
"8.1 Субъект инвесторлар тізіліміне сәйкес инвестор болып табылады: иә (01), жоқ (02)";
Қағидаларға 2-қосымшаның 10.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10.2 ӘҚБтК-нің 741-бабының тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты (01), әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты (02), әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күшін жоюға байланысты (03), Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның жекелеген ережелерін немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде іс-әрекеттің саралануы тәуелді болатын осы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолдануға жататын өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануына байланысты (04), әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты (05), әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға қатысты сол факті бойынша судьяның, органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулының болуына, сондай-ақ сол факті бойынша адамды күдікті деп тану туралы қаулының болуына байланысты (06), іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты (07), ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 8) тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың бірі растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктердің туындауына байланысты (08), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттерді орындамауға әкеп соққан кеден сфере саласындағы уәкілетті орган растаған электрондық нысанда декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында қателіктердің туындауына байланысты (08-1), Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда (09), ӘҚБтК-нің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төленгенін растайтын құжаттың болуына байланысты (10), адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерге әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды заңда белгіленген тәртіппен тануға байланысты (11), ӘҚБтК-нің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты (12), прокурор ӘҚБтК-нің 759-бабында көзделген тәртіппен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келіспеген жағдайда (13);".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |