Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 34 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 шiлдеде № 36407 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттердің көруі үшін қолжетімді жерде мынадай ақпарат:

      1) Банктер туралы заңның 30-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес лицензияны алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қазақ және орыс тілдеріндегі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның көшірмесі;

      2) уәкілетті ұйымдар үшін – Ұлттық Банктің аумақтық филиалы осы айырбастау пунктіне берген қолданыстағы лицензияға қолданыстағы қосымшаның көшірмесі;

      3) уәкілетті банктер үшін – Ұлттық Банктің аумақтық филиалының жазбаша растамасының көшірмесі (осындай растама алған айырбастау пункттері үшін) не айырбастау пункті куәлігінің көшірмесі (Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін айырбастау пунктінің куәлігін алған айырбастау пункттері үшін);

      4) айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату операциялары жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген, теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтер қамтылатын клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр) орналастырылады.

      Теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтер қамтылатын клиенттерге арналған ақпараттық стенд айырбастау пункті үй-жайының ішінде немесе айырбастау пункті операциялық кассасының жанында орнатылады.

      Аталған ақпараттық стендті айырбастау пунктінің үй-жайынан тыс, оның ішінде ғимараттардың немесе құрылыстардың шатырлары мен сыртқы жақтарында, стационарлық, жылжымалы және шығарылатын стендтерде орналастыруға жол берілмейді. Бұл ақпараттық стенд, егер айырбастау пункті көпфункционалды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда (оның ішінде іскерлік орталықтарда), теміржол вокзалдарының, казино ғимараттарында, халықаралық әуежайлар аэровокзалдарының ішінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз және өзен өткізу пункттерінің аумағында орналаспаса ғана айырбастау пункті үй-жайынан тыс ашық кеңістікте көзге көрінетін болмауға тиіс.

      Теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы ақпаратты автоматтандырылған айырбастау пунктінің мониторында орналастыруға рұқсат етіледі.

      5) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы туралы және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалы атына шағым жіберу мүмкіндігі туралы мәліметтер қамтылатын айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат;

      6) Ұлттық Банктің осы актісі қолданылуы кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін белгілейтін актісінің көшірмесі;

      7) клиенттерге қызмет көрсететін кассир туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда);

      8) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның интернет-ресурсы туралы ақпарат (ол болған кезде) орналастырылады.

      Осы тармақтың 1), 3) және 6) тармақшаларында көзделген ақпаратты қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның интернет-ресурсында орналастыруға рұқсат етіледі.

      Жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінің кассирі айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, инкассода төленбейтін немесе айналысқа жарамсыз шетел валютасының банкноттарын қабылдау тәртібі мен талаптары туралы ақпаратты ұсынады (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда)."

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады