Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 297-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 шiлдеде № 36405 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27917 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 291-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
А. Сыдыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 297-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

      2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге алына отырып, мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:

      Қ – зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны;

      ТШ – тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар.

      3. Зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнына мынадай шығындар:

      1) ықтимал залалдарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) ақпараттық ілгерілету шығыстары (жарнама);

      4) демеушілік көмек;

      5) айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыптары енгізілмейді.

      4. Тікелей шығыстар зерттеулер жүргізу мен консалтингтік көрсетілетін қызметтерге байланысты мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да аударымдарды есепке ала отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды;

      2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) өндірістік персоналдың іссапар шығыстарын;

      4) сыртқы сарапшыларды тартуды;

      5) супервайзерлердің немесе жеке тұлғалардың қызметтерін (жаппай сауалнамалар, терең сұхбат, кабинеттік зерттеулер жүргізу, фокус-топтар үшін);

      6) өңдеу қызметтерін (деректерді енгізу, сауалнамаларды кодтау, статистикалық өңдеудің арнайы бағдарламасында деректерді өңдеу);

      7) тауарлық-материалдық қорларды сатып алуды;

      8) байланыс және интернет қызметтерін;

      9) көлік қызметтерін;

      10) полиграфиялық шығыстарды;

      11) курьерлік және пошталық қызметтерді (материалдарды тарату);

      12) жалға беру қызметтерін;

      13) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді (талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелерін плагиатқа тексеруді, мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қол жеткізуді қоса алғанда);

      14) аударма қызметтерін қамтиды.

      5. Жанама шығыстар мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да аударымдарды есепке ала отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды;

      2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстарын;

      4) сақтандыруды;

      5) коммуналдық қызметтерді;

      6) ақпараттық қызметтерді;

      7) өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтауды;

      8) күзет қызметтерін;

      9) өкілдік шығыстарды;

      10) аудиторлық қызметтерді;

      11) біліктілікті арттыруды;

      12) банктік қызметтерді;

      13) нотариалдық қызметтерді қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады