БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітіліген Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларында:
2-тармағының 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"17) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі – тұтынушылардың (тұрмыстық қажеттіліктер үшін жылу энергиясын пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;".
2. "Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 145-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
2-тармақтың 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"19) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі – тұтынушылардың (тұрмыстық қажеттіліктер үшін жылу энергиясын пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;".
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономикасы министрлігі