БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9995 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілерін аттестаттауды "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары (бұдан әрі – федерациялар) жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |