БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары";
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКОББ) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бастауыш ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі – "Балет әртісі") бойынша кадрлар даярлау үшін), негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі (жоғары кәсіптік) бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, босқындар, пана іздеуші адамдар, қандастар, сондай-ақ білім туралы құжаты (куәлік, аттестат) бар ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, босқындар, пана іздеуші адамдар, қандастар, сондай-ақ білім туралы құжаты (куәлік, аттестат) бар ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар қабылданады.";
3-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліп және (немесе) білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі";
9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарына, рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік (жұмыс біліктілігі), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар мамандығының бейініне сәйкес орта буын мамандықтарына түсушілерді оқуға қабылдау ТжКББ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Жобалық мүмкіндік Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 381 бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында, ақылы негізде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады.";
36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"36. Педагогикалық, медициналық мамандықтарға түсуші адамдар үшін арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін негізгі орта, жалпы орта білім базасында шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 - 28 шілдесі аралығында өткізіледі.";
51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"51. Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында (білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 22 тамызына дейін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтініш береді.";
54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"54. Конкурсты ҰБДБ ақпараттық жүйесі (білім, мәдениет және спорт салаларындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды қоспағанда) талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балы бойынша автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағаларының орташа балы бойынша және ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелеріне сәйкес алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып өткізеді.";
57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"57. Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 23-24 тамызы аралығында, ақылы негізде 28-29 тамыз, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 29 шілде мен 2 тамызы аралығында, педагогикалық және медициналық мамандықтарға түсушілер үшін негізгі орта, жалпы орта білім және ТжКОББ базасында 16-17 тамыз аралығында өткізіледі.";
63 және 64-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"63. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша жинақталмаған топтар (өнер және мәдениет, денсаулық сақтау мамандықтарын қоспағанда кемінде 15 адам), қамтылмаған талапкерлер болған жағдайда, күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін № 381 бұйрыққа сәйкес мамандықтар мен ТжКОББ ұйымдары бойынша мемлекеттік тапсырыс қайта бөлінеді.
ҰБДБ ақпараттық жүйесі автоматты түрде бөлу арқылы білім басқармаларына ТжКОББ ұйымдарына қабылдау үшін талапкерлерді бөлу қорытындыларын:
білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарында оқу үшін әңгімелесуден сәтті өткен адамдардың тізімін;
кәсіпорындардың өтінімдері, сондай-ақ арнайы оқу бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау үшін әңгімелесуден сәтті өткен адамдардың тізімін;
орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтары бойынша оқуға конкурстан өткен адамдардың тізімін жібереді.
64. Білім басқармасы негізгі орта, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында оқуға түсушілер арасында Конкурс қорытындыларын ресми интернет-ресурстарда күнтізбелік жылдың 25 тамызында, өнер және мәдениет мамандықтарына – күнтізбелік жылдың 3 тамызында, негізгі орта, жалпы орта білім және ТжКОББ базасында педагогикалық және медициналық мамандықтарға – күнтізбелік жылдың 18 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді Порталдың 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS хабарламамен Конкурс қорытындылары туралы хабардар етеді.";
66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"66. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде:
1) күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін;
3) мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін;
4) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшаның жоғары оң бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
3-қосымшаның жоғары оң бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшаның жоғары оң бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
6-қосымшаның жоғары оң бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды /(ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не Тізбенің 9-тармағында жазылған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қолхат беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады; |
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды | Мамандықтың атауы | Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны | |
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі"") білім базасында | Орта (жалпы орта) білім базасында | ||
011 Образование | |||
01120100 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) |
01130100 | Логопедия | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
01130100 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлері бойынша) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
01130200 | Қосымша білім беру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
01140100 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) |
01140200 | Музыкалық білім беру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау |
01140300 | Көркем еңбек | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу |
01140500, | Дене тәрбиесі және спорт | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
01140600, | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) |
01140700, | Информатика | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу |
01140800, | Кәсіптік оқыту (салалар бойынша) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу және арнайы емтихан (эссе/диктант) |
021 Өнер | |||
02110200 | Дыбыс операторлық шеберлік | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, сольфеджиодан ауызша емтихан | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02110300, | Графикалық және мультимедиялық дизайн | Сурет/кескіндеме | Сурет/кескіндеме |
02110400, | Баспа ісі | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
02110500, | Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
02120100 | Интерьер дизайны | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
02120200 | Киім дизайны | Сурет және кескіндеме, | Сурет және кескіндеме |
02120300 | Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
02140100 | Қалпына келтіру (түрлері бойынша) | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
02130100 | Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша) | Сурет/кескіндеме, композиция | Сурет/кескіндеме, композиция |
02130200 | Каллиграфия | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
02140100 | Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) | Сурет/кескіндеме, композиция | Сурет/кескіндеме, композиция |
02140200 | Зергерлік іс | Сурет/кескіндеме, композиция | Сурет/кескіндеме, композиция |
02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02150200 | Музыка теориясы | Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан | Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан |
02150300 | Вокалдық өнер | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02150400 | Хорды дирижерлау | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
02150500 | Актерлік өнер | Актерлік шеберлік, сахна тілі | Актерлік шеберлік, сахна тілі |
02150600 | Цирк өнері | Акробатика/гимнастика, эквилибристика | Акробатика/гимнастика, эквилибристика |
02150700 | Хореографиялық өнері | Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері). Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті) | Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері). Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті) |
02150800 | Театр-декорациялық өнері (бейін бойынша) | Сурет/кескіндеме, композиция | Сурет/кескіндеме, композиция |
02150900, | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
02151000, | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
02210100 | Исламтану | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
02210200 | Теология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
02210300 | Хадистану | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
03220100 | Библиотечное дело | Әдебиет бойынша ауызша емтихан | Әдебиет бойынша ауызша емтихан |
071 Инженерия және инженерлік іс | |||
07310100 | Архитектура | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
07310400 | Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
07310500 | Ландшафтық дизайн | Сурет және кескіндеме | Сурет және кескіндеме |
091 Денсаулық сақтау | |||
09110100 | Стоматология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09120100 | Лечебное дело | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09130100 | Емдеу ісі | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09130200 | Акушерлік іс | - | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09140100 | Лабораториялық диагностика | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09160100 | Фармация | - | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |
09880100 | Гигиена және эпидемиология | - | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан |