ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЖБП циклінің көлемі 46 академиялық кредитті құрайды. Олардың 41 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене тәрбиесі, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ДБ циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 240 немесе 300 кредиттен кемінде 120 немесе 150 академиялық кредитті құрайды.
11. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша БП циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 300 немесе 360 кредиттен кемінде 75 немесе 105 академиялық кредитті құрайды.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі бағдарлама немесе жоғары білім беру бағдарламасы базасында түскен білім алушылар үшін академиялық кредиттер саны және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемі, немесе жеделдетілген оқу мерзімімен оқыту үшін жалпы орта білім беру бағдарламасының базасында ЖЖОКБҰ "Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына сәйкес бұрын қол жеткізілген формальды және формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тануды ескере отырып, дербес айқындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген).";
Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 221–бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, резидентура базалары ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – ДССҒҰ) оқу мерзіміне бағдарланып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар резидентура бағдарламаларын дербес, ал докторантура бағдарламаларын бейіндік бағыт бойынша – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықта іске асырады.";
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ білім беру бағдарламасының барабар орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытушылар мен резидент дәрігерлер үшін жеткілікті материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етеді. Ұйым жұмыс уақытының стандартты кестесіне сәйкес тиісті даярлық шеңберінде кезекшілікті қоса алғанда, медициналық қызметтің барлық түрлеріне тарта отырып, медициналық қызмет көрсету функцияларына тиісті назар аудара отырып, мамандар дәрігерлерін даярлау мақсатында клиникалық базаларды, Кадрлық, білім беру, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет көрсету шарттары мен резидент дәрігерлердің жауапкершілігін айқындайды және барлық тараптардың назарына жеткізеді.
5. Резидентураның клиникалық базаларын аккредиттеуді ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ медициналық ұйымның қызметін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген стандарттар мен өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау негізінде жүзеге асырады.
6. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңі ішінде "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – № 4 Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
7. Резидент-дәрігер резидентура базаларында клиникалық тәлімгердің қадағалауымен пән/модуль циклі бойы тұрақты бағалаумен және кері байланыспен жұмыс істейді.Пән және (немесе) модуль циклы аяқталғаннан кейін білім алушы ұйым белгілеген тәртіппен аттестатталады. Тәлімгер резидентура базаларында жұмыс істейтін, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты (тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл өтілі) бар практикалық денсаулық сақтаудың білікті мамандарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс регламенті мен тәлімгерді бекіту тәртібін резидентура базасы ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ келісімі бойынша дербес айқындайды.
8. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін резидент-дәрігер жеке жұмыс жоспарын орындау және кезеңдік құзыреттерді игеру мәніне аттестаттаудан өтеді. Резидентура тыңдаушысын жыл сайынғы аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ дербес айқындайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Резидентурада оқитын тұлға кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында мамандықтың үлгілік жоспарына сәйкес бағдарламаны меңгереді. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ ресми білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып, қысқартылған білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңі ішінде № 4 Бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға басшылық жасау үшін № 4 Бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми жетекші тағайындалады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Докторлық диссертацияны басқару үшін докторантқа оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде № 4 Бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми басшылық тағайындалады.";
75-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Резидентурада онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін ЖЖОБҰ-да, ДССҒҰ-да мыналарды қамтамасыз етеді:";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Резидентураны бітіргені туралы куәлікті ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ береді, қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы, ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2025 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы № 61 бұйрығына қосымша Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша |
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары
№/п | Білім беру бағдарламасының атауы | Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже | Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже | ||||
мемлекеттік тілде | орыс тілінде | ағылшын тілінде | мемлекеттік тілде | орыс тілінде | ағылшын тілінде | ||
1 | Жалпы медицина, медицина, педиатрия | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша медицина бакалавры | бакалавр медицины по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Bachelor of Medicine (code, name educational program) | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық медицина магистрі | магистр медицины по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Master of Medicine (code, name educational program) |
2 | Стоматология | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша стоматология бакалавры | бакалавр стоматологии по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Bachelor of Dentistry (code, name educational program) | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша стоматология магистрі | магистр стоматологии по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Master of Dentistry (code, name educational program) |
3 | Медициналық-профилактикалық іс | - | - | - | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау магистрі | магистр здравоохранения по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Master of Health (code, name educational program) |
4 | Мейірбике дело | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша мейіргер ісі бакалавры | бакалавр сестринского дела по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Bachelor of Nursing (code, name educational program) | - | - | - |
5 | Фармация | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша фармация бакалавры | бакалавр фармации по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Bachelor of Pharmacy (code, name educational program) | - | - | - |
6 | Қоғамдық денсаулық | "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық бакалавры | бакалавр Общественного здоровья по образовательной программе "код и наименование образовательной программы" | Bachelor of Public health (code, name educational program) | - | - | - |
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары
№ | Циклдер мен пәндердің атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |||
Мейіргер ісі | Фармация, Қоғамдық денсаулық | ||||
Академиялық сағаттарда | Академиялық кредиттерде | Академиялық сағаттарда | Академиялық кредиттерде | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП) | 1380 | 46 | 1380 | 46 |
1) | Міндетті компонент | 1230 | 41 | 1230 | 41 |
Қазақстан тарихы | 150 | 5 | 150 | 5 | |
Философия | 150 | 5 | 150 | 5 | |
Шет тілі | 240 | 8 | 240 | 8 | |
Қазақ (орыс) тілі | 240 | 8 | 240 | 8 | |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 90 | 3 | 90 | 3 | |
Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) | 180 | 6 | 180 | 6 | |
Дене тәрбиесі | 180 | 6 | 180 | 6 | |
2) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | 150 | 5 | 150 | 5 |
2 | Базалық пәндер циклі (БП) | кемінде 3600 | кемінде 120 | кемінде 4500 | кемінде 150 |
1) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | ||||
2) | Кәсіптік практика | ||||
3 | Бейіндеуші пәндер циклі (БП) | кемінде 1950 | кемінде 65 | кемінде 2850 | кемінде 95 |
1) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | ||||
2) | Кәсіптік практика | ||||
4 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | ||||
1) | Таңдау бойынша Компонент | ||||
5 | Қорытынды аттестаттау | кемінде 120 | кемінде 4 | кемінде 120 | кемінде 4 |
1) | Кешенді емтиханды дайындау және тапсыру | ||||
Қорытынды | кемінде 7200 | кемінде 240 | кемінде 9000 | кемінде 300 |
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспары
№ п/п | Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |||
Медициналық-профилактикалық іс | Медицина, Педиатрия, Стоматология | ||||
Академиялық сағаттарда | Академиялық кредиттерде | Академиялық сағаттарда | Академиялық кредиттерде | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП) | 1380 | 46 | 1380 | 46 |
1) | Міндетті компонент | 1230 | 41 | 1230 | 41 |
Қазақстан тарихы | 150 | 5 | 150 | 5 | |
Философия | 150 | 5 | 150 | 5 | |
Шет тілі | 240 | 8 | 240 | 8 | |
Қазақ (орыс) тілі | 240 | 8 | 240 | 8 | |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 90 | 3 | 90 | 3 | |
Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) | 180 | 6 | 180 | 6 | |
Дене тәрбиесі | 180 | 6 | 180 | 6 | |
2) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | 150 | 5 | 150 | 5 |
2 | Базалық пәндер циклі (БП) | кемінде 2250 | кемінде 75 | кемінде 3150 | кемінде 105 |
1) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | ||||
Оның ішінде: Шет тілі (кәсіби) Менеджмент Басқару психологиясы | 180 | 6 | 180 | 6 | |
2) | Кәсіптік практика | ||||
3 | Бейіндеуші пәндер циклі (БП) | кемінде 3600 | кемінде 120 | кемінде 4500 | кемінде 150 |
1) | Жоғары оқу орын компоненті және (немесе) таңдау компоненті | ||||
2) | Кәсіптік практика | ||||
3) | Интернатура | кемінде 900 | кемінде 30 | кемінде 900 | кемінде 30 |
4 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | ||||
1) | Таңдау бойынша компонент | ||||
5 | Эксперименттік-зерттеу жұмысы (ЭЗЖ) | 390 | 13 | 390 | 13 |
6 | Қорытынды аттестаттау | кемінде 360 | кемінде 12 | кемінде 360 | кемінде 12 |
1) | Магистрлік жобаны жазу, қорғау және кешенді емтихан тапсыру | 360 | 12 | 360 | 12 |
Қорытынды | кемінде 9000 | кемінде 300 | кемінде 10800 | кемінде 360 |