"Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 шiлдеде № 36385 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну туралы қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалар";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігі оның спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерацияда (бұдан әрі – спорттық федерация) тіркелуден өткендігін растайтын құжат болып табылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы туризм
және спорт министрі
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 101 бұйрығына
қосымша
Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
нысан

Спортшыны тіркеу туралы ұсыну

№ р/с

Спортшы туралы мәліметтер

3х4 түрлі түсті фотосурет

1

Тегі


2

Аты


3

Әкесінің аты (ол болған жағдайда)


4

Туған күні


5

Жеке сәйкестендiру нөмiрi


6

Спорт түрі


7

Жынысы


8

Спортшы ұсынатын өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)


9

Спортшы ұсынатын дене шынықтыру-спорт ұйымы


10

Білімі


11

Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер


12

Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер


13

Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері


14

Жарыстан шеттету туралы мәліметтер


15

Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер


16

Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер


17

Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер


18

Жеке жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


19

Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының тізіміне сәйкес жаттықтырушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы

      Басшысы ___________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      Мөр орны "__"_____ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады