"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 755 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 шiлдеде № 36381 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қағидаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне (бұдан әрі – ҚР ҚК) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау, әскери бөлімдер мен мекемелердің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру, кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу, әскери лауазымға тағайындау, оның ішінде бос әскери лауазымға уақытша тағайындау, келісімшарт жасау, оның ішінде әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімін ұзарту кезінде келісімшарт жасау, ротациялау, әскери атақ беру және одан айыру, ҚР ҚК-ға әскери қызметке кірген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін қайта аттестаттау, аттестаттау жүргізу тәртібі бөлігінде қолдануды нақтылайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке құрам бойынша бұйрық – әскери қызметшінің қызметтік жағдайын айқындайтын және әскери атақ беруді және одан айыруды, әскери атақты төмендетуді және қалпына келтіруді, штаттық лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша ауыстыруды, сондай-ақ өкімге қабылдауды, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды офицерлер құрамының лауазымдарына және азаматтарды қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымына уақытша тағайындауды, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасауды, әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) магистранттары, докторанттары мен адъюнкттері етіп қабылдауды, ӘОО-ларды және адъюнктураларды бітіруді, әскери қызметке запастан айқындауды, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке айқындауды, әскери қызметтен шығаруды, әскери қызметте қалдыра отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға жіберуді, ҚР ҚК-дан Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына іссапарға жіберуді және олардан ҚР ҚК-ға қабылдауды, әскери қызметтен шығаруға (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауысқан жағдайда, ҚР ҚК резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерін, резервтегі әскери қызметтен шығаруға байланысты ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тізімінен шығаруды, әскери бөлім (мекеме) нақты атауының өзгеруіне байланысты лауазымдық жағдайды, сауалнама деректерінің өзгеруін ресімдейтін бұйрық;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. ҚР ҚК-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әскери қызметте тұрмайтын және ҚР ҚК-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке азаматтарды іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1048 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларының 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19755 болып тіркелген) оларды қарауды жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ҚР ҚК-да келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кандидаттарды іріктеу бос әскери лауазымға жүзеге асырылады.";

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Заңның 38-бабының 2-тармағына және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе Заңның 40-2-бабының 2-тармағына және Қағидалардың 173-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартылған жағдайда бас тарту себептерін көрсетумен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексі 92-бабының 1-тармағына сәйкес қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хабарлама алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде шағым беру құқығын түсіндірумен хабарлама жасалады. Бiрiншi данасы кандидатқа берiледi, ал екiншiсi қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментте (әскери бөлiмде (мекемеде) қалады.";

      76-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін шекті жастан тыс ұзарту туралы ниет білдірсе, онда ол қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын мерзімде әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны медициналық куәландыруға жіберу туралы баянат береді.";

      12-тарау алып тасталсын;

      ҚР ҚК-да әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 755 Бұйрыққа
қосымша
ҚР ҚК-да әскери қызмет өткеру
қағидаларын қолдану жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
  Үлгі
(Кімге) _____________________
жергілікті әскери басқару
органының
(ҚІБ, ҚІББ) басшысы, әскери
бөлімнің (мекеменің) командирі
(бастығы)
(кімнен) ____________________
азаматтың тегі, аты және
әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
туған жылы және күні, айы
____________________________
тұрғылықты жері

Өтініш

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына (40-1) сәйкес менің құжаттарымды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне __ жыл мерзімге келісімшарт бойынша әскери қызметке (резервтегі әскери қызметке) кіру және
____________________________________________________________________
(лауазымның атауы, әскери бөлім (мекеме)
      бос әскери лауазымына тағайындау үшін қабылдауыңызды сұраймын.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке (резервтегі әскери қызметке) кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке ұсынылатын құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Қосымша: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қолы, күні

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 755 Бұйрыққа
қосымша
ҚР ҚК-да әскери қызмет
өткеру қағидаларын қолдану
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан

      Бұрыштық мөртаңба

  (Кімге) _____________________
тегі, аты және әкесінің аты
(бар болса)

Хабарлама

      Сізге _______________________________________________________
(бас тарту себебі көрсетіледі)
      байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке (резервтегі әскери қызметке) қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
      Сіз қорғаныс істері департаментінің бастығына (әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) хабарлама алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде шағым беруге құқылы екеніңізді түсіндіреміз.
__________________________________________________________
(лауазым атауы)
__________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады