"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 30 маусымдағы № 162-НҚ Бұйрыққа қосымша/ |
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану тізімі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11332 болып тіркелген).
2. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 299 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15545 болып тіркелген).
3. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16080 болып тіркелген).
4. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19942 болып тіркелген).
5. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 459 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25136 болып тіркелген).
6. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 606 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29502 болып тіркелген).