"Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 шiлдеде № 36377 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19762 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне (бұдан әрі – Қарулы Күштер) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады