БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылын:
"1. Осы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін орган болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың пакетін ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада сәйкес жазылған.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Өтемақы төлемі халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға жұмсалған шығындардың құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына ақшаны аудару арқылы жүргізіледі.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
13. Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда "Электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беріледі.
14. Шағымда мыналар көрсетіледі:
1) шағымды қарайтын органның атауы;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның нақты тұратын және заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
6) шағым беру күні;
7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;
8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.";
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні. Құжаттар топтамасын тапсыруға арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда – Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді. |
Өтініш
Сiзден ______________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
сұраймын.
Банк деректемелері:
Банктің атауы _______________________________________
Банк шотының № ____________________________________
Шот түрі: ағымдағы __________________________________
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
_____________________________________ _____________(тегi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
20____жылғы "_____" __________________
Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"
_____________________________________ _____________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты
(қолы) (ол болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__________________ бөлімі
______________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда атауы жоқ және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен):
1)___________________________________________;2)___________________________________________;
3)___________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: _________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі __________________
Алдым: ______________________________ ________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)
20__ жылғы "__""_________