"Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шiлдедегі № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 шiлдеде № 36368 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу", "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ұлттық және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация "ұлттық" деген мәртебемен аккредиттеледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Спорт түрінен (түрлерінен) ұлттық спорт федерацияларының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астам аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы спорт түрі (түрлері) бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға тиіс.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.

      "Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінеді.

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Куәлікті тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;

      2) спорт (түрі) түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламада қарастырылған іс-шаралар орындалмауы;

      3) аккредиттелген спорт федерациясы осы Қағидалардың 8-1 және 9-тарммақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы;

      4) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге жылына бір реттен жиілетпей сұрау салады).";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Куәлік мынадай жағдайларда қайтарылып алынады:

      1) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде куәлікті тоқтатуға негіздеме болған себептер жойылмаса;

      2) құқықтық мирасқорлықты қарастырмайтын қайта құру кезінде немесе спорт федерациясы таратылғанда;

      3) спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу туралы аккредиттелген ұлттық немесе жергілікті спорт федерациясының өтініші.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 114 бұйрығына
1-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

"Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/tsm "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын құжат - ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 8-1 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 114 бұйрығына
2-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖАО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні; спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні; спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/tsm "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы. Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 7, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 114 бұйрығына
3-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан




Спорт федерациясын аккредиттeу туралы КУӘЛIК №_____

      _________________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе

      жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)

      _________________________________________

      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және

      _________________________________________

      және заңды мекенжайы)

      _________________________________________

      ЖСН

      ________________________________________

      (Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі)

      _________________________________________

      (спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)

      дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.

      Мөр орны_____________ _________________________________________

      (қолы) (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы

      органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Берілген күні: 20 __ ж. "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады