Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оны қолдану шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36360 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабының 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесі, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрі, оны қолдану шарттары және осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 159-НҚ бұйрығына
қосымша

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесі, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрі, оны қолдану шарттары және осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде)

Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың атауы

Талаптарды бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының түрін

Қолдану шарты және жедел ден қою шараның қолданылу мерзімі (қажет болған кезде)

1.

Бассейндік келісімдерде көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындамау

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

45 күнтізбелік күнге дейін

2.

Басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуына алып келетін су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асыру

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

45 күнтізбелік күнге дейін

3.

Суды алу және ысырап ету көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындамау не бұзу

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

45 күнтізбелік күнге дейін

4.

Су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды ақаулы күйде ұстау

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

60 күнтізбелік күнге дейін

5.

Су тарту және су ағызу құрылысжайларында өлшеу құралдарының немесе су өлшеу аспаптарының болмауы

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

60 күнтізбелік күнге дейін

6.

Су пайдаланғаны үшін төлемақыны уақтылы жүзеге асырмау

су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту

45 күнтізбелік күнге дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады