БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидаларында:
1 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1 тарау. Жалпы ережелер";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидалары (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 7- бабы 28) тармақшысына сәйкес әзірленген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (бұдан әрі - ұйым) ауысуының тәртібін анықтайды.
2. Ауысудың бірыңғай тәртібін белгілеу ашықтықты қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республиканың ұлттық командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық спорттық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Осы Қағида мынадай ұғымдар қолданылады:
1) дене шынықтыру-спорт ұйымы (бұдан әрі-ұйым) – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) спорттық қызмет туралы шарт – спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
3) трансферттік карта (сертификат) - спортшыға шетелдік спорт ұйымы үшін өнер көрсетуіне құқық беретін рұқсат.";
2 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2 тарау. Спортшының ауысуы және спорттық қызмет туралы шарт жасасуы";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Спортшылардың ауысу мәселелерін, ұлттық аккредиттелген және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялар, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қарастырады және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен мынадай тәртіпте келіседі:
1) спортшының, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың команда мүшесінің Қазақстанның шегінде бір ұйымнан басқа ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация қарастырады және жергілікті атқарушы органмен келіседі;
2) спортшының, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың команда мүшесінің шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген спорттық федерация, жергілікті атқарушы орган қарайды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келіседі;
3) спортшының ауысуы кезінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық команда мүшесінің бір ұйымнан басқа ұйымға (соның ішінде шетелдік) ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорттық федерация қарайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган бекітеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Спортшының бір ұйымнан ауысуы басқа ұйымға мынадай негіздемелер болған жағдайда мүмкін болады:
1) мерзімді əскери қызметке шақырылса;
2) күндізгі оқу бөлімінде оқыса;
3) спортшы мен ұйым арасындағы спорттық қызмет туралы шарттың қолдану мерзімі аяқталса;
4) тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылса.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган келіскеннен кейін спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорттық федерациялардан спортшы шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысқан кезде оған трансферттік карта (сертификат) беріледі, ол спорт түрінен халықаралық спорттық федерациялардың талаптарына сай болады және спортшының Қазақстан Республикасының ұлттық командасы үшін ресми халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын көздейді.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |