Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 155-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36349 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 55-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН

      1. Қоса беріліп отырған жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанының 1-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 155-НҚ Бұйрығымен
бекітілген
Нысан

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы)

      ____________________________________________________________________

      (су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық

      бөлімшесінің атауы)

      Арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      субъектісіне (объектісіне) қатысты жедел ден қою шараларын қолдану туралы

      ҚАУЛЫ

      ____________________________________________________________________

      № _____ 20___ жылы "___"______________

      _________________Уақыты: ____________

      (жасалған орны)

      ____________________________________________________________________

      (актті жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)

      Арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      субъектісіне (объектісіне) қатысты ұсынылған материалдарды

      қарап,____________________ (заңды тұлға үшін көрсетілетін бақылау мен қадағалау

      субъектісі туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі,

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) №

      және берілген күні, ұйымның заңды және орналасқан жерінің мекенжайы, банктік

      деректемелері, заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны))

      ____________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, айы, күні,

      тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері,

      мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат), сондай-ақ жедел ден қою шараларын

      қолдану туралы қаулыны ресімдеу кезінде қатысқан бақылау мен қадағалау субъектісі

      өкілінің лауазымы)_________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін көрсетілетін бақылау мен қадағалау субъектісі туралы мәліметтер

      (жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу

      туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, айы, күні, тұлғаны куәландыратын

      куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу (қайта тіркеу) туралы

      ақпарат және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орналасқан жерінің мекенжайы,

      банктік деректемелері)) _____________________________________________________

      (істі қарау бойынша іс жүргізу тілі)

      Орнатқан:______________________________________________тексеру кезінде

      (тексеріс/ профилактикалық бақылау жүргізудің құқықтық негіздері, актінің/ тексеріс/

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы хабарламаның № және күні)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

№ п/п

Су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі тексеру парағы пунктінің нөмірі

Су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі тексеру парағының талаптарының атауы

Жедел ден қою шарасының түрі





      Қазақстан Республикасы Су кодексінің ________________________сәйкес

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін

      ___________________________________________________________________

      (су пайдаланушының атауы, су тарту объекті және орны, көлемі, жылына/м3)

      су пайдаланудың рұқсат етілген көлемі азайтсын.

      2. Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін

      ___________________________________________________________________

      (су пайдаланушының атауы, су тарту объекті және орны, көлемі, жылына/м3) арнаулы

      су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрсын.

      3. Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін

      ___________________________________________________________________

      (су пайдаланушының атауы, су тарту объекті және орны, көлемі, жылына/м3) арнаулы

      су пайдалануға рұқсаттан айырылсын (рұқсатты кері қайтарып алынсын) (керегінің

      астын сызу).

      4. Орындау нәтижелері және қабылданған шаралары бойынша су қорын қорғау және

      пайдалану жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі

      ____________________30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде хабарлансын.

      5. Осы қаулы күшіне енеді және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы

      шығарылған күннен бастап дереу орындалуға тиіс.

      6. Осы қаулыны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы қолданыстағы

      заңнамасымен жауапкершілік көзделген.

      7. Осы қаулыға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында

      көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін не шағым Қазақстан Республикасының

      заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153 бабына сәйкес

      прокурормен келісуге жатады.

      ____________________________________________________________________

      (бақылау мен қадағалау органның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда) және қолы (электрондық цифрлық қолтанба болған жағдайда пайдалануға

      рұқсат етіледі))

      Таныстым және бір данасын алдым: Бақылау мен қадағалау субъектісінің басшысы

      немесе оның заңды өкілі 20___ жылы "___" __________

      ____________________________________________________________________

      (бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау

      субъектісі өкілінің қолы мен күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады