Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 257-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36344 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29284 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31656 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 257-н/қ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу тәртібі

      2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны мынадай тікелей пайдаланылатын шығыстарды қамтиды:

      1) қызмет беруге тікелей қатысатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;

      3) қосылған құн салығы;

      4) зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстары (ел ішіндегі қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тарту;

      6) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары);

      7) байланыс қызметтері;

      8) көлік қызметтері;

      9) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);

      11) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына қол жеткізу;

      12) аударма қызметтері.

      3. Зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін бюджеттік сұранымды қалыптастыру кезінде шығыстардың әрбір бабы негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есептеулер, шарттардың көшірмелері, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады