Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36342 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
Н. Алдамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 154-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібін айқындайды.

      2. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуды су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары) су пайдаланушылар су ысыраптарын азайту және ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған жағдайда (бұдан әрі –Жоспар) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтаулар қолданылады:

      1) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығы бар және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) қолданыстағы ең үздік технологиялар – су қорын қорғау және пайдалану саласында қолданылатын техникалық құрылғыларды, аспаптарды, аппараттарды, құрылыстарды пайдалану процестері мен әдістерін әзірлеудегі су үнемдеу, су шығыстарының үлестік нормаларын төмендету, төгінділерді қысқарту немесе шектеу үшін нақты шара ретінде өзінің практикалық жарамдылығын дәлелдеген соңғы жетістіктер.

2 тарау. Су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібі

      4. Осы Қағидалар тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын не қолда бар ең үздік технологияларды толық ендірген және судың өнімсіз ысырабын азайтқан су пайдаланушыларды қоспағанда арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар барлық су пайдаланушыларға қолданылады.

      5. Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес арнаулы су пайдалануға рұқсат беру шарттарының бірі су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы (кемінде бес жыл).

      6. Су пайдаланушы қаралатын кезеңге арналған Жоспарда көзделген іс-шараларды орындамаған жағдайда, суды пайдалану көлемі әрбір орындалмаған іс-шара бойынша белгіленген мөлшерге азайтылуға жатады.

      7. Іс-шаралар жоспарында көзделген екі және одан да көп іс-шаралар орындалмаған жағдайда су пайдалануға рұқсат етілген жалпы көлемнің 20%-ға дейінгі мөлшерде қысқарту енгізіледі.

      8. Жоспарда көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындамау суды пайдалану көлемін азайтуға негіз болып табылады.

      9. Су пайдаланушылар бассейндік су инспекцияларына іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті қаңтар айының онынан кешіктірмей қағаз немесе электрондық жеткізгіште осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынады.

      10. Бассейндiк су инспекциялары су пайдаланушылардың есептiлiгiн талдау негiзiнде суды пайдаланудың санаттары бойынша бөлiнген су пайдалану көлемдерiн азайту ұсынылатын су пайдаланушылардың тiзбесiн жасайды.

      11. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту туралы ұсынымдар одан әрі талқылау және шешімдер қабылдау үшін тиісті бассейндік кеңестің қарауына жіберіледі.

      12. Бассейндік кеңестің ұсынымдарын талқылаудан кейін бассейндік су инспекциялары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосына келісу үшін жібереді.

      13. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ұсынымдарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және оларды тиісті бассейндік инспекцияға жібереді.

      14. Бассейндік кеңестің ұсынымдары қабылданбаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы ұсынымдар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме береді.

      15. Ұсынымдар бекітілгеннен кейін бассейндік су инспекциялары он жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы су пайдалануға рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылатын су тұтынудың түзетілген есептелген көлемдерін жібереді.

      16. Су пайдаланушыға өзгерiстер туралы хабарланған кезде, суды пайдаланудың қысқартылған көлемдерi күшiне енедi.

  Су пайдаланушылар
су ысырабын азайту және қолда
бар ең үздік технологияларды
ендіру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын орындамаған кезде
су пайдаланудың рұқсат
етілген көлемін азайту
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

      Арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бассейндік су инспекцияларына есеп ұсынады.
      Кезеңділігі: жылдық
      Есепті кезең: ________жыл
      Есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) тапсырылады
      БСН/ЖСН коды:____________________________________________________
      1. Арнаулы су пайдалануға рұқсат етілген көлемі бойынша деректер:
      нөмірі, сериясы________________________________________________________
      су пайдаланудың рұқсат етілген көлемі____________________________________
      рұқсат құжатының берілген күні__________________________________________
      2. Орындау нәтижелері:
      қысқартылған су ысырабының жалпы көлемі_______________________________
      үздік қолжетімді технологияларды енгізу __________________________________
      (сипаттамасы, әсері)
      қосымша көрсеткіштер _________________________________________________
      (қажет болған жағдайда)
      3. Іс-шаралар тізбесі және олардың орындалуы:

Іс-шаралар

Іс-шараның мақсаты

Орындалу мерзімі

Орындалу жағдайы

Қысқартылған ысырыбының пайызы

1

2

3

4

5

6







      Атауы____________________________________________________________
      Мекенжайы_______________________________________________________
      Телефон__________________________________________________________
      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
      Орындаушы ________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ___________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
      Мөрге арналған орын _______________________________________________
      "____" _________ 20 ___ жыл

  Су ысырабын азайту және қолда
бар ең үздік технологияларды
ендіру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалуы
туралы есеп нысанына
қосымша

Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1-бөлімде арнаулы су пайдалануға берілген қолданыстағы су пайдаланудың рұқсат етілген көлемі бойынша деректер көрсетіледі: нөмірі, сериясы, берілген күні және рұқсат етілген су пайдалану көлемі (мың м³).

      2-бөлімде жоспардың орындалу нәтижелері көрсетіледі: судың қысқарған ысырабының жалпы көлемі (мың м³), қолда бар ең үздік ендірілген технологиялардың сипаттамасы және қол жеткізілген әсер.

      3-бөлімнің 1- бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      3-бөлімінің 2-бағанында арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін 5-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде іске асырылған іс-шараның атауы.

      3- бөлімінің 3-бағанында іс-шараның мақсаты көрсетіледі (мысалы, ПӘК-ті арттыру, су шығынын оңтайландыру және т.б.).

      3- бөлімінің 4-бағанында іс-шараны орындау мерзімі көрсетіледі.

      3- бөлімінің 5-бағанында орындау жағдайы көрсетіледі: орындалған немесе орындалмаған.

      3- бөлімінің 6-бағанында су ысырабының азайту пайызы, мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      P - су ысырабының азайту пайызы;

      Vл- рұқсат етілген су пайдалану көлеміне сәйкес бастапқы лимит;

      Vk- іс-шараны орындау нәтижесінде қол жеткізілген соңғы көлем.

  Су пайдаланушылар су
ысырабын азайту және қолда
бар ең үздік технологияларды
ендіру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын орындамаған
кезде су пайдаланудың рұқсат
етілген көлемін азайту
қағидаларына
2- қосымша

Түзетілген арнаулы су пайдалану шарттары

      Арнаулы су пайдалануға мынадай шарттар сақталғанда рұқсат етіледі (әрбір арнайы су пайдаланудың түріне жеке көрсетіледі):

      Арнаулы су пайдалану түрі _______________________________________

      Су тұтынудың түзетілген есептік көлемдері

Су объектісінің атауы

Су көзінің коды

Беруші ұйымның коды

Теңіз-өзен коды

Ағыстар

Сапа коды

Сағадан қашықтық, шақырым

Суалудың есептік жылдық көлемі, мың.м3

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













2

























      кестенің жалғасы

Айлар бойынша жылдық су жинаудың есептік көлемдері, мың.м3

Жылдық көлемдердің қамтамасыз етілуі

Пайдалану түрі

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыр-күйек

Қа-зан

Қа-раша

Желтоқсан

95%

75%

50%

Коды

Көлемі, мың.м3

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30




















































      Су бұрудың түзетілген есептік көлемдері

Р/с №

Су нысанының атауы

Су көзінің коды

Қабылдаушы ұйымның коды

Су шаруашылығы учаскесі коды

Теңіз-өзен коды

Ағыстар

Сапа
коды

Сағадан қашықтық, шақырым

Суды жіберудің есептік жылдық көлемі, мың.м3

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1














2














...














      кестенің жалғасы

Айлар бойынша жылдық су жинау есебі, мың.м3

Ластанған

Нормативті-таза (тазаланбаған)

Нормативті тазаланған

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Тазалан-баған

Жеткілікті тазалан-баған

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30


















































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады