Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ және "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 6-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36338 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелері және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімі және заң сараптамасы 750. Рәсімдік стандартта, осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелерінің және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімін сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше), заң сараптамасын - құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобының жетекшісі) Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелерге) жібереді.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапа бақылауы және заң сараптамасы 750 Рәсімдік стандартта және осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.".

      2. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сапа бақылауын:

      1) аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде – сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше;

      2) аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше);

      3) аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жүзеге асырады.

      Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүргізеді.";

      14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.

      15. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше):

      1) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратқа, Аудит бағдарламасының жобасына;

      2) растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептердің (Аудиторлық есептердің), оларға қоса берілген Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім), Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестелері (бар болса) (бұдан әрі – Жүйелік кемшіліктер кестесі) жобаларына;

      3) тартылған сарапшылардың қорытындыларына (материалдарына);

      4) Аудиторлық қорытындының, Қаулының және Нұсқамалардың, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте), Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) жобаларына;

      5) сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлкеттік аудит объектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың ақпаратына сапа бақылауын жүзеге асырады.";

      15-1-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сапа бақылауына сыртқы МАҚБ органдарының аудиторлық қызметінің дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының барлық қызметі, осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес өлшемшарттар негізінде мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сапа бақылауын жүргізу мақсатында:

      1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және танылған материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) қоса бере отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты;

      2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда қызметтік жазбаның жобасын;

      3) Аудит бағдарламасының жобасын;

      4) Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын ұсынады.";

      23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының кеңсесінде тіркелген күнінен кейін жеті жұмыс күні ішінде растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептің (Аудиторлық есептің) жобасына сапа бақылауы рәсімін жүргізеді.

      24. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сапа бақылауының бекітілген өлшемшарттары бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға және нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасай отырып, нақты фактілерді көрсете отырып, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілерін көрсетеді.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер) бойынша сапа бақылауының нәтижелері мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кезінде ескеріледі.";

      31, 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және нұсқамалардың жобалары бойынша заң сараптамасы олар келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, кейіннен заң сараптамасының қорытындысы сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауын жүргізуге және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      32. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапа бақылауы олар келіп түскен күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге сараптамалық қорытынды жіберіледі.".

      2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Сапаны бақылау және бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады