"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36332 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) қызметкердің, әскери қызметшінің отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан жиырма үш жасқа толмаған балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; мүгедектігі бар балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҰҰ) әскери-оқу орындарына оқуға кандидаттарға, Қазақстан Республикасының ҰҰ-да келісімшарт бойынша және (немесе) резервте әскери қызметке кандидаттарға (бұдан әрі - әскери қызметке кандидаттар) және Қазақстан Республикасының ҰҰ-да әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге ӘДС өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21469 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларымен және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережемен регламенттеледі.";

      138-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әскери қызметке кандидаттарға, әскери қызметшілерге және әскери-оқу орындарының курсанттарына жеке жүргізеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құқық қорғау қызметіне кандидаттарға, келісімшарт бойынша және (немесе) резервтегі әскери қызметке кандидаттарға (бұдан әрі - әскери қызметке кандидаттар), құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында және әскери оқу орындарында оқуға кандидаттарға, құқық қорғау қызметінің қызметкерлеріне және құқық қорғау органдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ӘДК осы Ережені және осы бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 1 және 3-тармақтарында көрсетілген нормативтік актілерді басшылыққа алады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қызмет көрсетілетін контингентке: құқық қорғау қызметіне кандидаттарға, құқық қорғау органдарында әскери қызметке кандидаттарға, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында және әскери-оқу орындарында оқуға кандидаттарға, бұрынғы және жұмыс істеп жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне, құқық қорғау органдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының басқармасы (М.Ш.Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады