"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 26 маусымда № 36328 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында:

      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізуге ұсынылған өндірушінің бағасы, өтініште берілген референттік елдердің қатарындағы үш ең төменгі бағаның орташа мәнінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сайттарынан алынған үш ең төменгі бағаның орташа мәнінен аспайды

      Егер референттік елдердің саны үштен кем болса, өндірушінің көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағасы көрсетілген референттікелдердің бағаларының орташа мәнінен аспайды.

      Бағаларды қарау кезінде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер қатарынан ең төменгі мән ескеріледі.

      Референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің бағасы өндіруші елдегі бағаның мәнінен аспайды;";

      41-тармақ мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Референттік баға белгілеу және бағаны тіркеу тәртібі өзгерген кезде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ сауда атауларына шекті бағаларды қайта есептеуді мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның бастамасы бойынша қолда бар деректер мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өтініш берушіден өтініш бермей жүзеге асырады.";

      42-тармақ алып тасталсын;

      51-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) МӘМС жүйесі және (немесе) ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ үшін өндірушінің бағасы өтініште берілген референттік елдердің қатарындағы үш ең төменгі бағаның орташа мәнінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сайттарынан алынған үш ең төменгі бағаның орташа мәнінен аспайды

      Егер референттік елдердің саны үштен кем болса, өндірушінің МӘМС жүйесі және (немесе) ТМККК шеңберіндегі бағасы көрсетілген референттік елдердің бағаларының орташа мәнінен аспайды.

      Бағаларды қарау кезінде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер қатарынан ең төменгі мәні ескеріледі.

      Референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өндіруші елдегі бағаның мәнінен аспайды;";

      57-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "57. Референттік баға белгілеу және бағаны тіркеу тәртібі өзгерген кезде ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде ДЗ сауда атауларына шекті бағаларды қайта есептеуді мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның бастамасы бойынша қолда бар деректер мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өтініш берушіден өтініш бермей жүзеге асырады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. ДЗ үшін халықаралық патенттелмеген атаудың шекті бағасы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауының ең төменгі үш шекті бағасының орташа мәнінен аспауға тиіс. Осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес бекітілген тиісті өндірістік практика талаптарында өндірілген және ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жеткізілетін отандық тауар өндірушінің ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде ДЗ саудалық атауына шекті баға болған жағдайда, ХПА-ға шекті баға ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жеткізілетін тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген отандық тауар өндірушінің ДЗ саудалық атауына шекті баға бойынша айқындалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ММБ-ға:

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;

      ММБ үстеме бағасын қалыптастыру;

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға тіркелген баға туралы қорытынды беру;

      ММБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына шекті бағаларды қалыптастыру;

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен

      ММБ саудалық атауына шекті бағалар жобасын келісу;

      ММБ-ға тіркелген бағаларды кері қайтарып алу құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде және (немесе) өтініш берушінің өтініші бойынша еркін нысанда жүзеге асырылады;";

      26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Референттік баға белгілеу және бағаны тіркеу тәртібі өзгерген кезде ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде сауда атауларына шекті бағаларды қайта есептеуді мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның бастамасы бойынша қолда бар деректер мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өтініш берушіден өтініш бермей жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа 1-қосымша
Дәрілік заттардың шекті
бағалары мен үстеме
бағаларын реттеу,
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу"

      1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) отандық өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын тіркеу;

      2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде отандық өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын қайта тіркеу;

      3) ТМККК шеңбрінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шетелдік өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын тіркеу;

      4) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шетелдік өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын қайта тіркеу.

1

Атауы көрсетілетін қызметті берушінің

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК)

2

Тәсілдері ұсыну мемлекеттік органның қызметтер

1) Тіркелей "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ
2) "Электрондыдық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал)

3

Мерзім көрсету мемлекеттік органның қызметтер

15 жұмыс күні

4.

Нысан көрсету мемлекеттік органның қызметтер

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Нәтиже көрсету мемлекеттік органның қызметтер

1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға немесе қайта тіркелген баға туралы қорытынды.
2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тарту.

6

Алынатын төлем мөлшері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ақылы негізде жеке және заңды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК-ның бекітілген прейскурантына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) қағидаларының 6-тармағына сәйкес белгіленеді.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Бұл ретте, Еңбек Кодексінің 63-бабына сәйкес және еңбек тәртіптемесінің қағидаларына сәйкес әрбір қызмет көрсетуші жұмыс берушімен жұмыс кестесі бекітіледі.
2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінген кезде, демалыс күні және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Құжаттар мен мәліметтер тізбесі, талап етілетін тұлғалардың у көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін

ТМККК үшін және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеуге және (немесе) қайта тіркеуге өтініш:
Отандық өндірушілер үшін:
- өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
- тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өтініш беру сәтінде аяқталған, ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген ДЗ үшін ДЗ өндірісін растайтын құжаттар: тауарлардың сапасы туралы қорытындының көшірмесі ұсынылады;
- мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады тіркеу – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш.
Шетелдік өндірушілер үшін:
- референттік елдердегі бағалары және нақты жеткізу бағалары туралы ақпарат беру құқығын қоса алғанда, өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздерде әкелу жағдайларын қоспағанда, жеткізудің нақты бағасын көрсете отырып, соңғы 12 айдағы (нақты жеткізу болған кезде) ДЗ бағасын растайтын құжаттардың көшірмелері (инвойстардың (жүкқұжаттың), шот-фактураның көшірмелері).
Соңғы 12 айда нақты жеткізу болмаған кезде алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады;
- кедендік декларация көшірмесі;
- ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын ДЗ бағасы туралы ақпараты бар ДЗ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
- тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өтініш беру сәтінде өткен ДЗ үшін ДЗ тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе өндірілген, ДЗ әкелу және өндіру расталған құжаттарды: тауарлардың сапасы туралы қорытындының көшірмесі, сондай-ақ кедендік декларацияның көшірмесін;
- тіркеу куәлігі жоқ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетіндер үшін электрондық үкімет веб-портал алынған Қазақстан Республикасының аумағына ДЗ әкелуге уәкілетті органның рұқсатының көшірмесі;
- мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш.
Бірегей патенттелген ДЗ келісімшарттық өндірудің тапсырыс берушілері үшін:
- өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
- өтініш берілген сәтте тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін қоса алғанда ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін ДЗ өндірісін растайтын құжаттар ұсынылады;
- мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады тіркеу – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш;
- ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданыста болатын ДЗ өндірушісінің бағасы туралы ақпараты бар бірегей патенттелген ДЗ-ды келісімшарттық өндірудің тапсырыс берушісімен берудің ұзақ мерзімді шартының көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар есептегіш болуы керек.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден алуға мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және (немесе)
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесінде медициналық
бұйымдардың шекті бағаларын
және үстеме бағаларын реттеу,
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған медициналық бұйымдардың бағасын қайта тіркеу;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу;

      4) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық бұйымдардың бағасын қайта тіркеу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері

1) Тікелей "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК;
2) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал)

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде берілген әкелінетін/өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына тіркелген баға туралы қорытынды
2) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тарту

6

Алынатын төлем мөлшері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ақылы негізде жеке және заңды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе)
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларының 2-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сараптама ұйымының прайс-парағына сәйкес белгіленеді.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Қызметті көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Бұл ретте, Еңбек Кодексінің 63-бабына сәйкес және еңбек тәртіптемесінің қағидаларына сәйкес әрбір қызмет көрсетуші жұмыс берушімен жұмыс кестесі бекітіледі.
2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінген кезде, демалыс күні және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бағаны тіркеуге, тіркелген бағаны қосымшасымен қайта тіркеуге өтініш:
Отандық өндірушілер үшін:
1) өтінім берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
2) "СҚ-Фармация" ЖШС сатып алу веб-порталына сілтемені көрсете отырып, өтініш берілген күннің алдындағы 12 ай үшін соңғы сатып алуды растайтын құжаттарды (хаттама, сатып алу шарты және (немесе) беру шарты) ұсына отырып, жеткізудің нақты бағасы туралы ақпарат;
3) өтініш берілген күннің алдындағы 12 ай үшін соңғы сатып алуды растайтын құжаттарды (хаттаманы, сатып алу шартын және (немесе) беру шартын) ұсына отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтемені көрсете отырып, жеткізудің нақты бағасы туралы ақпарат;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қолымен расталған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде сапаны бағалауға нақты жұмсалған шығыстар туралы ақпарат.
5) ММБ тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген күннің алдындағы 12 ай үшін басқа елдерде өткізілетін ММБ бағалары туралы растайтын құжаттары (келісімшарт, инвойс) бар ақпарат.
Басқа елдерге сатылым болмаған жағдайда, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде сатылымның болмағанын өтініш беруші растайды.
Шетелдік өндірушілер үшін:
1) өтінім берушінің құжаттың қолданылу мерзімін көрсете отырып, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын өндіруші зауыттан апостиль қойылған сенімхат (нотариат куәландырған көшірме);
2) Кодекстің 252-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздерде әкелу жағдайларын қоспағанда, жеткізудің нақты бағасын көрсете отырып, ММБ бағасын растайтын құжаттардың көшірмесі (соңғы 12 айдағы инвойстардың (жүкқұжаттың), шот-фактураның көшірмелері (нақты жеткізу болған кезде);
3) 13-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжатқа кедендік декларацияның көшірмесі (шетелдік өндірушілер үшін).
Соңғы 12 айдағы нақты жеткізу болмаған жағдайда, алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілген кезеңде нақты жеткізу болмаған кезде, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде әкелудің болмағанын өтініш беруші растайды.
Мемлекеттік сараптама ұйымы талдау кезінде де сапаны бағалаудан өту үшін берілген инвойстардың (жүкқұжаттардың) немесе шот-фактуралардың көшірмелерін пайдаланады;
4) өндіруші зауыттан ММБ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған көшірмесі).
5) "СҚ-Фармация" ЖШС сатып алу веб-порталына сілтемені көрсете отырып, өтініш берілген күннің алдындағы 12 ай үшін соңғы сатып алуды растайтын құжаттарды (хаттама, сатып алу шарты және (немесе) жеткізу шарты) ұсына отырып, жеткізудің нақты бағасы туралы ақпарат;
6) өтініш берілген күннің алдындағы 12 ай үшін соңғы сатып алуды растайтын құжаттарды (хаттаманы, сатып алу шартын және (немесе) жеткізу шартын) ұсына отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтемені көрсете отырып, жеткізудің нақты бағасы туралы ақпарат.

9

 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар есептегіш болуы керек.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты анықтамалық қызметтерден алуға мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті берушінің, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады