БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен жері туралы ақпаратты олар өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырады.";
6-тараудың 8-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-параграф. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету";
240, 241 және 242-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"240. Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тараптардың негізгі талаптары, құқықтары мен міндеттері айқындалатын ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы (тасымалдаушылар) арасында жасалған магистральдық желіні пайдалану шарты тасымалдаушылардың бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар темір жолдарға қол жеткізуі үшін негіз болып табылады.
241. Тасымалдаушылардың теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды магистральдық желіні пайдалану шартын жасаспай пайдалануына жол берілмейді.
242. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарға қолжетімділік тасымалдаушыларға ұлттық инфрақұрылым операторымен жасалған шартты ескере отырып беріледі.";
6-қосымшаның 2-нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымшаның 3-нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғаш ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау үшін пайдаланылатын құрылымдық параметрлердің ең аз тізбесі
Электр энергиясын беру саласында:
электр энергиясын беру.
Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:
электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны | мың тұтынушы |
2. | Желілердің жалпы ұзындығы (электр энергиясын беру саласындағы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | мың километр |
3. | Күш трансформаторларының саны (электр энергиясын беру саласындағы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | Дана |
4. | Күш трансформаторларының жалпы қуаты (электр энергиясын беру саласындағы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | мегаватт/сағ |
5. | Желілердегі жыл ішінде тіркелген ең жоғары жүктеме (электр энергиясын беру саласындағы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | киловольт |
6. | Бір жылда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі | киловатт/сағ |
7. | Қызмет көрсету аумағы | шаршы километр |
Ескертпе:
егер құрылымдық параметр реттеліп көрсетілетін қызмет үшін қолайлы болмаған жағдайда, мұндай құрылымдық параметр осындай реттеліп көрсетілетін қызмет үшін ескерілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында:
шикі немесе тауарлық газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау;
сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды сақтау.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қосылған тұтынушылар саны (абоненттер) | мың тұтынушы |
2. | Газ құбырларының жалпы ұзындығы | мың километр |
3. | Газ құбырларының/газ тарату жүйесінің жалпы қуаты | мың текше метр |
4. | Газ құбырларындағы/газ тарату жүйелеріндегі ең жоғары қысым | МПа |
5. | Бір жылда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі | мың текше метр |
Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су қоймаларын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру және бөлу;
жылу энергиясымен жабдықтау;
жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;
жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қаланың қосылған объектілерінің саны | дана |
2. | Құбырлардың жалпы ұзындығы | мың километр |
3. | Қазандықтың жылу қуаты | гигокалории/сағ (мегаватт/сағ) |
4. | Сорғылардың қуаты | мегаватт/сағ |
5. | Желілердегі ең жоғарғы жүктеме | мың Гкал |
6. | Бір жылда көрсетілген реттеліп көрсетілген қызмет көлемі | мың Гкал |
Ескертпе:
егер құрылымдық параметр реттеліп көрсетілетін қызмет үшін қолайлы болмаған жағдайда, мұндай құрылымдық параметр осындай реттеліп көрсетілетін қызмет үшін ескерілмейді.
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтері:
суды магистральдық құбырлар арқылы беру;
суды таратушы желілер арқылы беру;
суды арналар арқылы беру;
тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;
су бұру қызметтері:
сарқынды суларды бұру;
сарқынды суларды тазарту.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны | мың тұтынушы (абонент) |
2. | Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы | мың километр |
3. | I,II көтерілімдер сорғы станциялары мен су тазарту құрылысжайлары трансформаторлық тобының қуаты | мегаватт/сағ |
4. | Орнатылған сорғы жабдығының жиынтық қуаты | мегаватт/сағ |
5. | II көтерілім сорғы станциясынан су беру кезіндегі есептік арын | м |
6. | II көтерілім сорғы станциясынан су беру кезіндегі нақты арын | м |
7. | Бір жылда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі | мың текше метр |
Жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласында:
жүктерді контейнерлермен тасу және бос контейнерлерді тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерін пайдалануға беру;
жүктерді контейнерлермен тасу және бос контейнерлерді тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;
жүктерді контейнерлермен тасу және бос контейнерлерді тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру;
Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну саласында:
бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалануға беру;
Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласында:
бәсекелес кірме жол болмаған кезде жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;
бәсекелес кірме жол болмаған кезде маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Поездардың ең жоғары жол берілетін салмағы | тонна |
2. | Жолаушылар поездары қозғалысының ең жоғары жол берілетін жылдамдығы | километр/сағ |
3. | Жүк поездары қозғалысының ең жоғары жол берілетін жылдамдығы | километр/сағ |
4. | Жүк қозғалысында бір жылда реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі | т-километр |
5. | Жолаушылар қозғалысында бір жылда реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемі | жолаушы-километр |
Портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласында:
кейіннен порттан шығып танкерге/танкерлерден құбырлар арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Айлақтар саны | бірлік |
2. | Айлақтарда кемелерді өндеудің бір жылдағы ең көп мүмкіндігі | бірлік/тәулігіне |
3. | Реттеліп көрсетілетін қызметтің бір жылдағы көрсетілген көлемі | табиғи бірлік |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында:
бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет;
мұнайды магистральдық құбыр жүйесі арқылы қайта айдау;
мұнайды теміржол цистерналарынан құйып алу;
мұнайды теміржол цистерналарына құю;
мұнайды танкерлерге құю;
мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
мұнайды автоцистерналарға құю;
мұнайды сақтау;
мұнайды ауыстырып тиеу;
мұнайды араластыру.
Р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Көрсетілектін қызметті тұтынушылар саны | мың тұтынушы |
2. | Мұнай құбырларының жалпы ұзындығы | мың километр |
3. | Барлық учаскелер бойынша орташа өткізу қабілеті | мың/тәүлік |
4. | Реттеліп көрсетілетін қызметтің бір жылда көрсетілген көлемі (жүк айналымы) | миллион т-километр |
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің ең аз тізбесі
Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну саласында:
электр энергиясын желіге беруді тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және тұтыну.
№ | Көрсеткіш | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға арналған өтінімін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің олардың барлығын қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Электр энергиясын босатуға шектеу енгізу туралы тұтынушыға субъектіні алдын ала хабарлау мерзімі | Есептік жыл үшін тұтынушыларды алдын ала хабардар етудің (тұтынушыларды хабардар еткен кезден бастап электр энергиясын босатудың нақты шектелуіне дейін) жалпы ұзақтығының (сағаттарда) есептік жыл үшін электр энергиясын босатудың барлық шектеулерінің санына қатынасы |
3 | Субъектінің электр энергиясын босату жүйесіндегі авариялық жағдайларға ден қою мерзімі | Есептік жыл үшін авариялық жағдайлар туындаған кезден бастап электр энергиясын босатуды қалпына келтірудің жалпы ұзақтығының (сағаттарда) есептік жыл үшін электр энергиясын босату жүйесіндегі барлық авариялық жағдайлардың санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы | Бір жылда қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы ұзақтығының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
5 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққанда жиілігі | Бір жылда қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы санының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру
№ | Көрсеткіш | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға арналған өтінімін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған субъектінің көрсетілетін қызметке рұқсат алуға тұтынушылардың барлық өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен), осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатудың ұзақтығы | Есептік жыл үшін электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатудың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жыл үшін осындай тоқтатулардың санына қатынасы |
3 | Субъектінің электр энергиясы учаскелері қималарына жүктеменің шамадан түсуіне алып келетін электр энергиясы теңгерімсіздігінің туындауы және қызмет көрсетуге арналған шартты біржақты бұзуы туралы тұтынушыны алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыларды (тұтынушыларды хабардар еткен кезден электр энергиясы учаскелері қималарына жүктің шамадан түсуіне алып келетін электр энергиясының елеулі теңгерімсіздігінің нақты туындауына және қызмет көрсетуге арналған шартты біржақты бұзуына дейін) алдын ала хабардар етуінің (сағаттарда) жалпы ұзақтығының есептік жылы субъектінің осындай шарттарды бұзуының барлық жағдайларының санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы | Бір жылда қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы ұзақтығының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
5 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққанда жиілігі | Бір жылда қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы санының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
электр энергиясын беру саласында:
электр энергиясын беру.
№ | Көрсеткіш | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Өтінімді алған кезден бастап субъектінің электр желілеріне тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға және қосуға техникалық шарттарды беруге арналған тұтынушының өтінімін қарау және беру мерзімі | Есептік жылы өтінімді алған кезден бастап субъектінің электр желілеріне тұтынушылардың электр қондырғыларын қосу үшін тұтынушының қосуға арналған өтінімін қарау және техникалық шарттарды беру ұзақтығының (жұмыс күнінде) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды жоспардан тыс тоқтатаудың ұзақтығы | Есептік жылы электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды жоспардан тыс тоқтатудың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) есептік жылдағы осындай тоқтатулардың санына қатынасы |
3 | Тұтынушылардың электр қондырғыларын субъектінің электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды уақтылы бермеуіне тұтынушының шағымын субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған тұтынушылардан өтініштерді алу кезінен бастап электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттардың уақтылы берілмеуіне тұтынушылардың шағымдарын қараудың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен), осындай шағымдарының санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы (SAIDI) | Бір жылдағы қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы ұзақтығының абоненттердің жалпы санына (қосылуларына) қатынасы |
5 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы жиілігі (SAIFI) | Бір жылдағы қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуларының жалпы санының абоненттердің жалпы санына (қосылуларына) қатынасы |
Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс экспорттау мақсатында сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, шикі газды жалғастырушы газ құбырлары бойынша тасымалдау
тауарлық газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау;
шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау.
№ | Көрсетілетін қызмет сапасының көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке қосылуға арналған өтінімін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған субъектінің көрсетілетін қызметке рұқсат алуға тұтынушылардың барлық өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушыны көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімі | Субъект беру туралы шешімді есептік жылы қабылдаған тұтынушылардан өтініштер алған кезден бастап реттеліп көрсетілетін қызметке қосылуға техникалық шарттарды берудің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтініштердің санына қатынасы |
3 | Қызмет көрсетудің жоспарлы тоқтатылуы туралы субъектінің тұтынушыны алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылғы субъектінің тұтынушыларды алдын ала хабардар етуінің (тұтынушыларды хабардар еткен кезден бастап қызмет көрсетуді жоспарлы тоқтатудың нақты басталуына дейін осындай тоқтатулардың санына) жалпы ұзақтығының (сағаттарда) есептік жылғы барлық осындай тоқтатулардың санына қатынасы |
4 | Тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушыны қызметке қосуға техникалық шарттардың уақтылы берілмеуіне тұтынушының шағымын қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған тұтынушылардың техникалық шарттардың уақтылы берілмеуіне шағымдары алынған кезден бастап оларды қараудың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай шағымдардың санына қатынасы |
5 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы | Бір жыл ішінде қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатылуының жалпы ұзақтығының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында:
тұтынушыны енгізудегі кранға дейін топтық резервуарлық қондырғыдан газ құбырлары бойынша сұйытылған газды тасымалдау
№ | Көрсетілетін қызмет сапасының көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке қосылуға арналған өтінімін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған субъектінің көрсетілетін қызметке қосуына тұтынушылардың барлық өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушыны көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған тұтынушылардан өтініштерді алған кезден бастап реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды берудің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) осындай өтініштердің санына қатынасы |
3 | Қызмет көрсетудің жоспарлы тоқтатылуы туралы тұтынушыны субъектінің алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыларға алдын ала хабарлауының (тұтынушыларға алдын ала хабарлаған кезден бастап қызмет көрсетуді жоспарлы тоқтату іс жүзінде басталғанға дейін) жалпы ұзақтығының (сағатта) есептік жылғы барлық тоқтатудың санына қатынасы |
4 | Субъектінің тұтынушыға газ жеткізудің орташа тәуліктік нормасына дейін тұтынушының газды жеткізуін мәжбүрлеп шектеу туралы алдын ала хабарлау мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыларға алдын ала хабарлауының (тұтынушыларға хабарлаған кезден бастап газды жеткізудің орташа тәуліктік нормасына дейін газды тұтынушының жеткізуін мәжбүрлеп шектеу іс жүзінде басталғанға дейін) жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) есептік жылғы барлық шектеулердің санына қатынасы |
5 | Тұтынушыны көрсетілетін қызметке қосуға техникалық шарттарды уақытылы бермегені үшін тұтынушыдан өтінішті алған кезден бастап тұтынушының шағымын қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған тұтынушылардың шағымдарын алған кезден бастап техникалық шарттардың уақтылы берілмеуіне тұтынушылардың шағымдарын қараудың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) тұтынушылардың осындай шағымдарының санына қатынасы |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында:
тауарлық газды сақтау
№ | Көрсетілетін қызмет сапасының көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметке қол жеткізуге тұтынушының өтінімін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған субъектінің тауарлық газды сақтау бойынша көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың барлық өтінімдерін субъектінің қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Тауарлық газды құюға және (немесе) сақтауға және (немесе) іріктеуге әсер етуі мүмкін туындаған төтенше және авариялық жағдайлар туралы субъектінің тұтынушыға ақпарат беру мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған қабылдаған тауарлық газды құюға және (немесе) сақтауға және (немесе) іріктеуге әсер етуі мүмкін туындаған төтенше және авариялық жағдайлар туындаған кезден бастап субъектінің тұтынушыға олар туралы ақпаратты беруінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) барлық төтенше және авариялық жағдайлардың санына қатынасы |
3 | Субъектінің қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді бұзуынан туындаған залалды өтеу туралы тұтынушының өтінішін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді бұзуынан туындаған залалды өтеу туралы тұтынушының өтініштері түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) тұтынушылардың барлық өтініштерінің санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққанда ұзақтығы | Бір жыл ішінде қызмет көрсетуді барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатудың жалпы санының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
5 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққанда жиілігі | Бір жыл ішінде қызмет көрсетудің барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатудың жалпы санының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
Жүктерді контейнерлермен тасу және бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Ресупубликасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық темір жол желісі саласында:
жүктерді контейнерлерде тасу және бос контейнерлерді тасу кезіндегі магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру;
жүктерді контейнерлерде тасу және бос контейнерлерді тасу кезіндегі магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;
жүктерді контейнерлерде тасу және бос контейнерлерді тасу кезіндегі магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің тұтынушының магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімін алған кезден бастап осындай өтінімді қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің атына магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінім берілген кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Тұтынушының магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімі берілген кезден бастап тұтынушыны мұндай өтінімді бас тарту туралы хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъект бас тарту туралы шешімдер қабылдаған, тұтынушының магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға арналған тұтынушының өтінімі қарауға берілген кезден бастап тұтынушының өтінімін қабылдаудан бас тарту туралы тұтынушыны хабардар етудің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) тұтынушылардың мұндай өтінімдерінің санына қатынасы |
3 | Субъектінің қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерін бұзуы салдарынан туындаған залалдарды өтеу туралы тұтынушының өтінішін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерін бұзуы салдарынан туындаған залалдарды өтеу туралы тұтынушылардың өтініштері келіп түскен сәттен бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) тұтынушылардың мұндай өтінімдерінің санына қатынасы |
Бәсекелес теміржол болмаған кезде теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну саласында:
бәсекелес теміржол болмаған кезде теміржол көлігі объектілері бар теміржолдарды пайдалануға беру
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының теміржолдардың көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға өтінімі берілген кезден бастап субъектінің тұтынушының мұндай өтінімін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, тұтынушылардың теміржолжолдардың көрсетілетін қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің тұтынушылардың барлық осындай өтінімдерін қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) тұтынушылардың мұндай өтінімдерінің санына қатынасы |
2 | Субъектінің тұтынушыға поезды техникалық және/немесе коммерциялық қарауға беру уақыты туралы алдын ала хабарлау мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыны (тұтынушының теміржолдарды пайдалануы басталғанға дейін) алдын-ала хабардар етуінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) Есептік жылғы барлық қарап-тексерулердің санына қатынасы |
3 | Тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынудың поездар қозғалысының бекітілген графигінен ауытқуының ұзақтығы | Есептік жылғы поездар қозғалысының бекітілген графигінен тұтынушыларға көрсетілетін қызметті ұсынудың ауытқуының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жылғы осындай ауытқулардың барлық жағдайларының санына қатынасы |
Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласында:
бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;
маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің тұтынушының кірме жолдарға рұқсат алуға арналған өтінішін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың барлық өтініштері субъектінің атына келіп түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) тұтынушылардың осындай өтініштерінің санына қатынасы |
2 | Субъектінің кірме жолдың көрсетілетін қызметін ұсынуды жоспарлы тоқтата тұру туралы тұтынушыны алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыны алдын-ала хабардар етуінің (қызмет көрсетуді жоспарлы тоқтата тұру нақты басталғанға дейін тұтынушылардың хабарлама алған кезінен бастап) жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) есептік жылы барлық жоспарлы тоқтатулардың санына қатынасы |
3 | Субъектінің қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы салдарынан туындаған залалдарды өтеу туралы тұтынушының өтінішін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы салдарынан туындаған залалдарды өтеу туралы тұтынушының өтініштерін субъектінің қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндермен) тұтынушылардың осындай өтініштерінің санына қатынасы |
Порттар саласында:
кейіннен порттан (кеме қатынасынан) шыға отырып, мұнай мен мұнай өнімдерін танкерге/танкерден/танкерлерге құбыржолдары бойынша ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін көрсетілетін қызметтер;
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Танкерлердің порт акваториясындағы жүзуінің авариялық деңгейі | Есептік жылы порттың кінәсі бойынша тіркелген танкерлермен авариялық жағдайлар санының өткен жылы порт акваториясында тіркелген танкерлермен авариялық жағдайлар санына қатынасы |
2 | Кемелердің өтуі үшін арнаны беру ұзақтығы | Есептік жылы кемелердің айлаққа өтуі үшін арнаны беру уақытының көрсетілетін қызметті ұсыну ұзақтығының есеп-қисабы көрсеткішіне қатынасы (365 күн табиғи-климаттық жағдайлар бойынша 30 күнді және жоспарлы жөндеуге 5 күнді шегере отырып) |
3 | Кемелердің кіруіне қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық | Есептік жылы кемелердің иелерінен порттағы кемелердің кіруі көрсетілетін қызметтерінің сапасына түскен шағымдар санының өткен жылы түскен шағымдар санына қатынасы |
4 | Көрсетілетін қызметтің тиімділігі | Есептік кезеңде кемені өңдеу уақытының өткен жылы кемені өңдеу уақытына қатынасы (осы көрсеткіш бойынша серпін жаңа технологиялар енгізуге, техниканы жаңғыртуға, өндірістік процестердің автоматтандырылуына байланысты болуы мүмкін) |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында:
мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер:
бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет;
ұнайды магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша қайта айдау;
теміржол цистерналарынан мұнайды төгу;
мұнайды теміржол цистерналарына құю;
мұнайды танкерлерге құю;
автоцистерналардан мұнайды төгу;
автоцистерналарға мұнай құю;
мұнайды сақтау;
мұнайды ауыстырып тиеу;
мұнайды араластыру.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің мұнайды (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдауды біржақты тоқтата тұру туралы тұтынушыны алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің мұнайды (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдауды біржақты тоқтата тұру туралы тұтынушыға хабарлама беруінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жылы осындай тоқтата тұрулардың санына қатынасы |
2 | Субъектінің қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді бұзуы салдарынан туындаған шығындарды өтеу туралы тұтынушының өтінішін қарау мерзімі |
Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді бұзуы салдарынан туындаған шығындарды өтеу туралы тұтынушылардың өтініштері түскен кезден бастап субъектілердің осындай өтініштерді |
3 | Авариялар нәтижесінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтата тұрған жағдайда мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдауды авариялық тоқтатуға ден қою мерзімі | Есептік жылы авариялар нәтижесінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтата тұрған жағдайда мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды тоқтатқан кезден бастап тасымалдауды толық қалпына келтірген кезге дейін жалпы ұзақтықтың (сағаттарда) есептік жылғы авариялық тоқтата тұрулардың санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы | Бір жыл ішінде қызмет көрсетуді барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатулардың жалпы ұзақтығының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясын өндіру
№ | Көрсетілетін қызмет сапасының көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің тұтынушыны жылу энергиясын өндіруді жоспарлы тоқтату туралы алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыны алдын ала хабардар етуінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) (жылу энергиясын өндіруді жоспардан тыс нақты тоқтату басталғанға дейін) есептік жылы барлық жоспарлы тоқтатулардың санына қатынасы |
Реттеліп көрсетілетін қызмет сенімділігінің көрсеткіші | ||
2 | Жылу энергиясын өндіруді жоспардан тыс тоқтатулардың ұзақтығы | Есептік жылы жылу энергиясын өндіруді жоспардан тыс тоқтатулардың жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) есептік жылы осындай тоқтатулардың санына қатынасы |
3 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққандағы ұзақтығы | Жыл ішінде қызмет көрсетуді барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатулардың жалпы ұзақтығының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтатудың бір тұтынушыға шаққанда жиілігі | Жыл ішінде қызмет көрсетуді барлық (жоспарлы және жоспардан тыс) тоқтатулардың жалпы санының тұтынушылардың жалпы санына қатынасы |
топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясын беру және бөлу
№ | Көрсетілетін қызмет сапасының көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің тұтынушыны жылу энергиясын беруді және (немесе) бөлуді жоспарлы тоқтату туралы алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы субъектінің тұтынушыларды алдын ала хабардар етуінің (тұтынушыларды хабардар еткен кезден бастап жылу энергиясын беруді және (немесе) бөлуді нақты жоспарлы тоқтату басталғанға дейін) жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) есептік жылы барлық жоспарлы тоқтатулардың санына қатынасы |
2 | Тұтынушының жылумен жабдықтауды тоқтату немесе жылу энергиясы сапасының аутқуы салдарынан берілген жылу энергиясы үшін төлем сомасын қайта есептеуге берілген өтініші берілген кезден бастап тұтынушының өтінішін субъектінің қарау мерзімі | Тұтынушының жылумен жабдықтауды тоқтату немесе жылу энергиясы сапасының аутқуы салдарынан берілген жылу энергиясы үшін төлем сомасын қайта есептеуге берілген өтініші берілген кезден бастап осындай өтініштерді субъектінің қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерінде) тұтынушылардың мұндай өтініштерінің санына қатынасы |
Реттеліп көрсетілетін қызмет сенімдігінің көрсеткіші | ||
3 | Бір объектіге шаққанда қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатулардың ұзақтығы | Бір жылда қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатулардың жалпы ұзақтығының объектілердің жалпы санына қатынасы |
4 | Бір объектіге шаққанда қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатулардың жиілігі | Бір жылда қызмет көрсетуді жоспардан тыс тоқтатулардың жалпы санының объектілердің жалпы санына қатынасы |
топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
жылу энергиясымен жабдықтау
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Қызметке қосылу үшін тұтынушының жылумен жабдықтау шартын жасасуға өтінішін қарау мерзімі | Субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасасуға өтініштерді қарауының жалпы ұзақтығының (күнтізбелік күндерде) осындай өтініштердің санына қатынасы |
2 | Ұсынылған қызметтердің сапасының, оның ішінде ақы төлеуге берілген шоттардың мәселелері бойынша тұтынушылардың өтініштерін қарау мерзімі | Субъектінің ұсынылған қызметтердің сапасының, оның ішінде ақы төлеуге берілген шоттардың мәселелері бойынша тұтынушылардың өтініштерін қарауының жалпы ұзақтығының (күнтізбелік күндерде) тұтынушылардың осындай өтінімдерінің санына қатынасы |
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сенімділігі көрсеткіші | ||
3 | Жылумен жабдықтау қызметтері үшін шоттарды қате берудің расталған фактілерінің саны | Жылумен жабдықтау қызметтері үшін шоттарды қате беру фактілерінің расталған саны |
4 | Көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің жиналуы | Басқа кірістерді шегерумен ақы төлеу сомасының есепке жазу сомасына қатынасы |
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
суды тарату желілері арқылы беру
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Субъектінің тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға арналған өтінімін қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, тұтынушылардың субъектінің көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға арналған өтінімі субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің оларды қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жыды тұтынушылардың осындай өтінімдерінің санына қатынасы |
2 | Тұтынушылардың объектілерін субъектінің сумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушыға оны беру мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, nұтынушылардың объектілерін субъектінің сумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге тұтынушылардан өтініш алған кезден бастап қосуға техникалық шарттарды берудің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтініштердің санына қатынасы |
3 | Ақы төлемегені үшін көрсетілетін қызмет ұсынуды тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, субъектінің тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды бір тәуліктен артық тоқтата тұру туралы тұтынушыны алдын ала хабардар етуінің мерзімі | Ақы төлемегені үшін көрсетілетін қызмет ұсынуды тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, субъектінің тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды бір тәуліктен артық тоқтата тұру туралы тұтынушыны алдын ала хабардар етуінің жалпы мерзімінің есептік жылы тұтынушыларға көрсетілетін қызметті ұсынуды барлық тоқтатулардың санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтата тұру себебі жойылған кезден бастап субъектінің тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды қалпына келтіру мерзімі | Қызмет көрсетуді тоқтата тұру себебі жойылған кезден бастап субъектінің көрсетілетін қызметті толық қалпына келтіруіне дейінгі жалпы ұзақтықтың (күнтізбелік күнмен) есептік жылғы осындай барлық тоқтата тұрулардың санына қатынасы |
5 | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйесі құрылысының жұмысында туындаған ақаулар туралы мұндай шағымды кәсіпорын кеңсесі арқылы жазбаша нысанда немесе диспетчерлік орталық арқылы ауызша нысанда алған кезден бастап тұтынушының шағымына субъектінің ден қою мерзімі | Субъект су бұру жүйесі құрылысының жұмысында туындаған ақаулар туралы тұтынушылардың шағымдарын алған кезден бастап осы құрылыстың жұмысын толық қалпына келтірген кезге дейін жалпы ұзақтықтың (ауызша жүгінген кезде сағатпен және жазбаша жүгінген кезде жұмыс күнімен) есептік жылы түскен осындай барлық шағымдардың санына қатынасы |
6 | Тұтынушының есепке алу аспаптарының жұмысында туындаған ақаулар туралы шағымы түскен кезден бастап субъектінің осындай шағымға ден қою мерзімі | Субъектінің тұтынушылардың есепке алу аспаптарының жұмысында туындаған ақаулар туралы шағымын алған кезден бастап осы құралдың жұмысын толық қалпына келтірген кезге дейін жалпы ұзақтықтың (сағатпен) есептік жылы келіп түскен барлық шағымдардың санына қатынасы |
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
сарқынды суларды бұру.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға өтінімін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің атына субъектінің көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың өтінімдері түскен кезден бастап субъектінің олардың қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) тұтынушылардың осындай өтінімдерінің санына қатынасы |
2 | Тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушының объектілерін субъектінің су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды тұтынушыға беру мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, тұтынушылардан өтініштерді алған кезден бастап тұтынушылардың объектілерін субъектінің су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды берудің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) тұтынушылардың осындай өтініштерінің санына қатынасы |
3 | Субъектінің тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтату туралы тұтынушыны алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы тұтынушыны (тұтынушыларды хабардар еткен кезден қызметті көрсетуді нақты тоқтата тұрғанға дейін) субъектінің алдын ала хабардар етуінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жылы тұтынушыларға көрсетілетін қызметті ұсынудың барлық осындай тоқтата тұруларының санына қатынасы |
4 | Қызмет көрсетуді тоқтата тұру себептері жойылған кезден бастап субъектінің тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды қалпына келтіру мерзімі | Көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру себептерін жойған кезден бастап субъект қызмет көрсетуді толық қалпына келтіргенге дейін жалпы ұзақтықтың (жұмыс күндерімен) есептік жылдағы осындай тоқтата тұрулардың санына қатынасы |
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
суды арналар арқылы беру.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға арналған өтінімін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап субъектінің олардың барлығын қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) осындай өтінімдердің санына қатынасы |
2 | Тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап тұтынушылардың объектілерін субъектінің сумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды тұтынушыға беру мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, тұтынушылардан өтініштерді алған кезден бастап субъектінің сумен жабдықтау желілеріне тұтынушылар объектілерін қосуға техникалық шарттарды тұтынушыға берудің ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жылы тұтынушылардың барлық өтінімдерінің санына қатынасы |
3 | Ақы төлемегені үшін көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды бір тәуліктен астам тоқтата тұру туралы тұтынушыға субъектінің алдын ала хабардар ету мерзімі. | Есептік жылы субъект осындай тоқтата тұрулар туралы тұтынушыларды хабардар ететін, ақы төлемегені үшін көрсетілетін қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, қызмет ұсынуды бір тәуліктен астам тоқтата тұрған кезге дейін субъектінің тұтынушыны алдын ала хабардар етуінің жалпы ұзақтығының (күнтізбелік күндермен) есептік жылы тұтынушыларға көрсетілетін қызметті ұсынуының барлық тоқтата тұруларының санына қатынасы |
4 | Субъектінің көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру себебі жойылған кезден бастап тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды қалпына келтіру мерзімі | Көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру себебі жойылған кезден бастап субъектінің көрсетілетін қызметті ұсынуды қалпына келтіргеніне дейінгі жалпы ұзақтығының (күнтізбелік күнмен) есептік жылы осындай барлық тоқтата тұрулардың санына қатынасы |
5 | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйесі құрылысының жұмысында туындаған ақаулар туралы шағымды кәсіпорын кеңсесі арқылы жазбаша нысанда немесе диспетчерлік орталық арқылы ауызша нысанда алған кезден бастап субъектінің тұтынушының осындай шағымына ден қою мерзімі | Субъектінің су бұру жүйесі құрылысының жұмысында туындаған ақаулар туралы тұтынушылардың шағымдарын алған кезден бастап осы құрылыстың жұмысын толық қалпына келтірген кезге дейінгі жалпы ұзақтығының (ауызша жүгінген кезде сағат және жазбаша жүгінген кезде жұмыс күні) есептік жылы түскен осындай шағымдардың барлығының санына қатынасы |
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағынын реттеу;
ағынды суларды тазалау.
№ | Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіші | Көрсеткіштің есеп-қисабы формуласы |
1 | Тұтынушының көрсетілетін қызметке рұқсат алуға арналған өтінімін субъектінің қарау мерзімі | Есептік жылы субъект олар бойынша шешім қабылдаған, субъектінің көрсетілетін қызметіне рұқсат алуға тұтынушылардың барлық өтінімдері субъектінің атына түскен кезден бастап тұтынушылардың барлық өтінімдерін субъектінің қарауының жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) тұтынушылардың осындай өтінімдерінің санына қатынасы |
2 | Тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру туралы тұтынушыны субъектінің алдын ала хабардар ету мерзімі | Есептік жылы тұтынушыны субъектінің алдын ала хабардар етуінің жалпы ұзақтығының (жұмыс күндерімен) есептік жылы тұтынушыларға қызмет көрсетуді барлық тоқтата тұру санына қатынасы (қызмет көрсетуді нақты тоқтатата тұруға дейін тұтынушыларды хабардар еткен кезден бастап) |
3 | Қызмет көрсетуді тоқтата тұру себептері жойылған кезден бастап тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды субъектінің қалпына келтіру мерзімі | Көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұру себептерін жойған кезден бастап субъект қызмет көрсетуді толық қалпына келтіргенге дейінгі жалпы ұзақтықтың (жұмыс күндерімен) есептік жылы осындай тоқтата тұрулардың санына қатынасы |