"Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 маусымда № 36305 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-тармақпен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2025 жылғы 17 маусымдағы
№ 167
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы "23" ақпандағы
№ 61 бұйрығымен
бекітілген

      3. Өсімдіктер дүниесінің жеке объектілерін заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе олардың қурап қалғаны үшін

Р/с №

Ағаштар мен бұталар тұқымы

Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда бір ағаш үшін залалды өтеу мөлшері

Ағаштар мен бұталардың жасы, жыл

10-ға дейін

11-ден 20-ға дейін

21-ден 30-ға дейін

31-ден және одан жоғары

1

Қарағай

15

25

35

45

2

Шыршаның барлық түрі

15

25

35

45

3

Балқарағай

15

25

35

45

4

Самырсын

17

27

37

47

5

Ағаш тектес арша

14

24

34

44

6

Үйеңкі, шегіршін, жөке

10

20

30

40

7

Қайың

12

22

32

42

8

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

10

20

30

40

9

Грек жаңғағы, шекілдеуік

50

60

70

80

жаңғақ

10

Өрік, ақ қараған, алша,

10

20

30

40

долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма

ағашы

11

Арша, жатаған қара самырсын

12

22

32

42

12

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да ағаш түрлері және бұталар

9

19

29

39

      Ескертпе:

      1) жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей өзі тіркелген жердегі салық органдарына өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық мөлшерлемелерде көзделген залал келтіргені үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар бойынша мәліметтер жібереді;

      2) келтірілген залал мөлшерін есептеу үшін осы базалық мөлшерлемелерде көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады