"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 298/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 маусымда № 36303 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 54 бұйрығына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13352 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағының 193) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Аталған бұйрықпен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағы 193) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіріп, өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13588 тіркелген) бекітілген мемлекеттік монополия, ерекше құқық субъектісі өндіріп, өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады