БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігіқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Электр берудің әуе желілерін жанғыш шатырлардың және бастырмалардың, сондай-ақ жанғыш заттардың, материалдар мен бұйымдардың ашық қоймаларының (қатарлардың, маялардың), А, Б, В1-В4 санаттарындағы жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша сыртқы технологиялық қондырғылардың үстіне төсеуге және пайдалануға жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 154-1-тармақпен толықтырылсын:
"154-1. Жеке тұрғын үйлердің тұрғын үй-жайлары дербес оптикалық-электрондық түтіндік өрт хабарлағыштармен жабдықталады.";
519-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"519. Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы кәсіпорындар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру құралдарының техникалық жай-күйіне тұрақты бақылау орнатылады.";
1299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1299. Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде оған қызмет көрсететін адамдар үнемі кептіргіш ғимаратында болады және оның жұмысын бақылауды жүзеге асырады.";
1399-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1399. АЖҚС, АГҚС өндірістік және қоғамдық үй-жайлары осы Қағидаларға 3-қосымшаның талаптарына сәйкес олардың өрт сөндіру қабілетіне, өрттің алаңы мен сыныбына қарай өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.";
1472-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1472. Уақытша электрдәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсатты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсатты құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары береді.";
1473-тармақ алынып тасталсын;
1474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1474. Уақытша электрдәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстардың жүргізілуіне уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары берілген рұқсат-нарядының негізінде осы жұмыстардың жүргізілетіні туралы объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметін, ал ол болмаған жерде оларды өндіру күні қарсаңында ерікті өртке қарсы құралымын хабардар етеді.";
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 12-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі