БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) инвестициялық субсидиялау объектілері – инвестициялық субсидиялау осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес қаржы институтына арнайы шотқа аванстық төлеммен инвестициялық субсидияларды аудару тетігін қолдана отырып, жүзеге асырылатын кредитке/лизингке сатып алынған техника, машина, жабдық;";
16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) қаржы институттары – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамдастығы (тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар бойынша инвестициялық субсидиялау шеңберінде) (бұдан әрі – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ), екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар микроқаржы ұйымдары, кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес айқындалған сенім білдірілген өкілдер (агенттер);";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. № 1 (жер учаскелері бойынша ең төменгі норматив болған кезде), № 2, № 4, № 13, № 14 жобалардың паспорттары үшін инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) СМАЖ-ның жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) тиісті алаңының болуы қажет.
Ауыл шаруашылығы кооперативінен өтінім берілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы ескеріледі.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелік СМАЖ-ның "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталады.
Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын, мүшелерінің атына жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермер қожалығынан № 1, № 2, № 4, № 13, № 14 жобалардың паспорттары бойынша өтінім берілген жағдайда, сатып алынған, шаруа немесе фермер қожалығының мүшесіне тіркелген техникаға және (немесе) машиналарға субсидия беруге жол беріледі.
Бұл ретте, шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру арқылы расталады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ағымдағы қаржы жылындағы өтінімдер бойынша ағымдағы қаржы жылы жергілікті бюджеттен инвестициялық субсидияларды төлеуге қаражат болған кезде әкімшінің шешімі бойынша мынадай жобалар паспорттары бойынша инвестициялық салымдардың өтеу үлесін ұлғайтуға жол беріледі:
50 (елу) %-ке дейін:
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 1 "Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу" жобасының паспорты бойынша 2; 13.2; 14; 19; 25; 26; 28; 29; 30; 31; 36; 40; 42-позициялар бойынша;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 1.1 "Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу" жобасының паспорты бойынша 1; 2; 5; 6; 7; 8; 10; 11-позициялар бойынша;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 8 "Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау ұйымдары, сүт қабылдау пункттері және сүт өңдеу кәсіпорындары үшін жабдықтар мен техника сатып алу" жобасының паспорты бойынша.
Бұл ретте, бір ауыл шаруашылығы кооперативі сатып алынған (сатып алынатын) техникаға, машина мен жабдыққа:
тиісті мөлшерде тіркемелі және аспалы жабдықтары бар үш тракторға;
екі астық жинау комбайнына және тиісті мөлшерде аспалы және тіркемелі жабдыққа;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жүктерді тасымалдауға арналған екі автомобильге және өзі аударғыш тіркемеге дейін инвестициялық субсидиялар ала алады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін техниканың бір бірлігіне (гектар/ірі қара малдың шартты басы) арналған ең төменгі норматив жөніндегі талап қолданылмайды.";
23-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) № 4 жобаның паспорты бойынша қосымша "Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 тіркелген) бекітілген "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес алынған арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Өтінімді қарау нәтижелері туралы мәліметтер инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі және веб-порталда көрсетіледі.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оң шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) электрондық нысанда СМАЖ арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялау шартын және осы Қағидаларға 13-қосымшаға инвестициялық субсидиялау объектісін нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді қалыптастырады және қол қояды, олар инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) қол қою үшін автоматты түрде жіберіледі.
Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) туындаған жағдай туралы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.";
32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы, машиналарды, жабдықты кредитке/лизингке жоспарлап сатып алған жағдайда, инвестициялық субсидияларды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға, арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады.
Бұл ретте мыналар шеңберінде қаралатын өтінімдер бойынша:
1) № 1, № 1.1, № 2, № 3, № 6, № 8, № 13, № 14 жобаларының паспорттары аясында инвестициялық субсидияларды Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға, арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолданудың орындылығын инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) айқындайды, бұл инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімде көрсетіледі;
2) № 4, № 5, № 7, № 9, № 10, № 12, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 27.1, № 28, № 29, № 30, № 31 жобалардың паспорттары аясында инвестициялық субсидияларды Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға, арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолданудың орындылығын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайды.
33. Инвестициялық субсидияларды арнайы шотқа алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолдана отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім береді және қосымша Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, куәландырған Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің көшірмесін қоса береді.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінімін мақұлдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ және инвестор (көрсетілетін қызметті алушының) арасында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы үшжақты шарт және келісім жасалады.
Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ осы Қағидалардың 34 немесе 35-тармақтарында көрсетілген шарттар уақытында орындалғанға дейін арнайы шотқа алынған инвестициялық субсидиялар қаражатын пайдаланбайды.
34. Кредит беру арқылы инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қаржыландырылған жағдайда, Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) кредит беруді жүзеге асырады және растайтын құжаттарды, кредиттік шарттың көшірмесін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы қаржы институтының немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы үшжақты шартқа және келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күннен аспайтын мерзімде сатып алушы мен жеткізуші арасындағы техниканы, машиналар мен жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің және кредиттік шартқа қосымша келісімнің (бар болса) көшірмелерін қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машиналар және (немесе) жабдықтарды жеткізудің аяқталғаны туралы хабарламаны және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік шартқа қосымша келісім (бар болса) және инвестициялық субсидиялау объектісін нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.
Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.
Кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты қайтарады.
Кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома субсидияларды есептеу үшін іс жүзінде рұқсат етілген ең жоғары құннан асатын инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.
35. Техниканы, машиналар және (немесе) жабдықтарды лизингке беру жолымен инвестор қаржыландырылған жағдайда, Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) оң шешімінің көшірмесін және арнайы шотқа қаражатты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде егер инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) мен Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, онда қаржы лизингі шартында көзделген қаражатты инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотына аударады және жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) растайтын құжаттарды, сондай-ақ қаржы лизингі шартының көшірмесін ұсынады.
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арнайы шотқа қаражат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.
Лизинг нысанасының түпкілікті құны іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ға жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп шотына хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты қайтарады.
Лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидияларды есептеуге арналған ең жоғары жол берілген құннан асатын инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.
36. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ осы Қағидалардың 34-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) кредит беру жолымен қаржыландырған кезде) немесе осы Қағидалардың 35-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) техниканы, машиналары және (немесе) жабдықты лизингке беру жолымен қаржыландырған кезде) көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, онда Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арнайы шотқа аударған қаражатты толық көлемде қайтарады. Бұл ретте ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар сыныптауышының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырылады. Өткен жылдардағы төлемдер қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемақы жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
37. Арнайы шотқа аударылған қаражатты Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) инвестициялық субсидия беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде техниканы, машиналар мен жабдықты сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аударады.
38. Инвестициялық субсидиялау мониторингін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау сәтітен бастап 3 (үш) жыл ішінде СМАЖ-да мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:
1) тоқсан сайын инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) сатып алынған техниканы, машиналар мен жабдықтарды иеліктен шығармауы және нысаналы пайдалануы тұрғысынан;
2) № 7, № 8 (сүт өңдеу зауыты бойынша), № 10, №18, №19, № 24, № 25, № 26, № 27, № 27.1, № 28, № 29 жобаларының паспорттары бойынша: инвестициялық субсидиялау объектісінің пайдалануға берілген сәтінен бастап жылына кемінде 1 (бір) рет жұмыс істеуі/істемеуі, инвестициялық субсидиялау объектісінің бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде кемінде 50 (елу) % мөлшерінде жобалық қуатқа шығуға қол жеткізуі/қол жеткізбеуі тұрғысынан;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жылына кемінде 1 (бір) рет құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау жүзеге асырылған инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспарға сәйкес өндіргіштігі және/немесе өнімділігі және/немесе өнімді өткізу және/немесе өндірістік қуаттылықтар жүктемесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуді орындау тұрғысынан;
4) жылына кемінде 1 (бір) рет субсидияларды аванстық төлеммен арнайы шотқа аудару жөніндегі тетік шеңберінде субсидияланған объектілерді пайдалануға беру (бизнес-жоспарда көрсетілген мерзімдерде), иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан;
5) субсидия берілгеннен кейін жылына кемінде 1 (бір) рет инвестордың қызметі түрінің негізгі немесе қайталама қызмет түрі тиісті қызметтің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге сәйкестігі тұрғысынан;
6) жылына кемінде 1 (бір) рет қаржы институтының Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы шарт және келісімді орындауы бойынша.";
2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Жобалар паспортының тізбесі
1 | Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу |
1.1 | Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу |
1.2 | Аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жобасының паспорты |
2 | Селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алу |
3 | Тұқым тазарту-сұрыптау жабдығын сатып алу |
4 | Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен (құдықтар, ұңғымалар) қамтамасыз ету |
5 | Малды бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту |
6 | Сүтті бағыттағы ірі қара мал/ешкі өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту |
7 | Мал союға және ет өңдеуге арналған объектілерді құру және кеңейту |
8 | Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдары, сүт қабылдау пункттері мен сүт өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық пен техника сатып алу |
9 | Жүн дайындау пунктіне арналған жабдық сатып алу |
10 | Ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту |
12 | Жылыжай кешенін салу және кеңейту |
13 | 5 гектардан басталатын қарқынды алма бағын отырғызу |
14 | 5 гектардан басталатын жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу |
15 | Қуаты жылына 5 мың тоннадан басталатын құс етін өндіруге арналған объектілерді құру және кеңейту |
16 | Алу және өсіру қуаты 1200 бас будан мегежіндерден басталатын селекциялық-будандық орталық құру |
17 | Қуаты 1000 бас мегежіннен басталатын шошқа өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту |
18 | Құрамажем зауытын салу |
19 | Тәулігіне 50 тонна құс саңғырығын өңдеуге арналған техника мен жабдықтар сатып алу |
20 | Жұмыртқалы және етті бағыттағы құс шаруашылығында асыл тұқымдық репродуктор құру және кеңейту |
21 | Астық сақтау орындарын салу және кеңейту |
22 | 1 000 тоннадан басталатын картоп-көкөніс сақтау орындарын салу, кеңейту |
23 | 1 000 тоннадан басталатын жеміс сақтау орындарын салу және кеңейту |
24 | Жемістер/көкөністер/бақша дақылдарын өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу және (немесе) кеңейту |
25 | Картоп өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу |
26 | Май-тоңмай өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорынды салу және (немесе) кеңейту |
27 | Дәнді дақылдардың өңделген өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорынды құру және кеңейту |
27.1 | Өсімдік шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеу жөніндегі кәсіпорынды құру және кеңейту |
28 | Қант өндіру жөніндегі кәсіпорынды құру және кеңейту |
29 | Қуаты жылына 2 000 тонна өнімнен басталатын нан-тоқаш және/немесе кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі кәсіпорынды кеңейту |
30 | Өндірістік қуатын жылына 50 миллион жұмыртқадан бастап ұлғайта отырып жұмыртқалы құс фабрикаларын кеңейту |
31 | Топырақты талдау жөніндегі агрохимиялық зертханалар үшін жабдық сатып алу |
32 | Тауық жұмыртқасын өңдеу зауытын құру және кеңейту |
Субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының тізбесі
№ 1.2 "Аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу" жобасының паспорты* | |||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі % | Техника/машиналар/жабдықтар бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін ең жоғарғы рұқсат етілетін құн, қума метр, теңге |
1 | Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды егуге арналған сепкіш: | ||
1.1 | қамту ені 3 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 2 488 000 |
1.2 | қамту ені 3,1 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 7 162 000 |
2 | Пневматикалық/егіс кешені: | ||
2.1 | қамту ені 6 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 51 509 000 |
2.2 | қамту ені 6,1 метрден 12 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 149 514 000 |
2.3 | қамту ені 12,1 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 184 281 000 |
3 | Соқа (үш және одан да көп корпусты): | ||
3.1 | қамту ені 4,0 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 2 245 000 |
3.2 | қамту ені 4,1 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 19 000 000 |
4 | Дискілі/ротациялы тырма: | ||
4.1 | қамту ені 6,0 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 12 099 000 |
4.2 | қамту ені 6,1 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 18 957 000 |
5 | Серіппелі тырма: | 15% | 17 000 000 |
6 | Тісті тырма: | ||
6.1 | қамту ені 12 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 5 830 000 |
6.2 | қамту ені 12,1-ден 20 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 11 438 000 |
6.3 | қамту ені 20,1 (қоса есептегенде) метрден басталатын | 15% | 23 863 000 |
7 | Қопсытқыш | 15% | 34 764 000 |
8 | Тіркемелі/аспалы дестелегіш: | ||
8.1 | 6-9 метрден басталатын дестелегіш | 15% | 27 723 000 |
8.2 | 9,1 метрден басталатын дестелегіш | 15% | 42 817 000 |
9 | Пресс-жинауыш: | ||
9.1 | орамалы | 15% | 18 367 000 |
10 | Шөп шапқыштар, шөпшапқы-жаныштауыштар, дискілі шөп шапқыштар: | ||
10.1 | қамту ені 8,0 (қоса есептегенде) метрге дейін | 15% | 6 170 000 |
10.2 | қамту ені 8,1 (қоса есептегенде) метрден бастап | 15% | 36 311 000 |
11 | Комбайнға платформа-жинауыш: | ||
11.1 | ені 4,0 (қоса есептегенде) тоннаға дейін | 15% | 6 069 000 |
11.2 | ені 4,1 (қоса есептегенде) тоннадан бастап | 15% | 30 827 000 |
Ескертпе: |
№ 2 "Селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алу" жобасының паспорты* | ||
Инвестициялық салымдардың өтеу үлесі – 50 % | ||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Техника мен жабдықтың бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін ең жоғарғы рұқсат етілетін құн, теңге |
1 | Селекциялық комбайндар** : | |
1.1 | қуаты 52 ат күші | 102 169 643 |
1.2 | өлшеу жүйесі бар қуаты 52 ат күші | 149 138 393 |
1.3 | қуаты 75 ат күші | 227 575 893 |
1.4 | өлшеу жүйесі бар қуаты 115 ат күші | 264 486 607 |
1.5 | қуаты 185 ат күші | 196 875 000 |
1.6 | өлшеу жүйесі бар қуаты 185 ат күші | 187 151 786 |
2 | Селекциялық тұқым сепкіштер**: | |
2.1 | жалпылай себетін | 40 660 714 |
2.2 | отамалы | 49 714 286 |
2.3 | кассеталық | 96 955 357 |
2.4 | өздігінен жүретін | 80 852 679 |
2.5 | пунктирлі себетін | 76 883 929 |
2.6 | қолмен тұқым сепкіш | 6 308 036 |
3 | селекциялық-тұқым шаруашылығы жабдығы: | |
3.1 | 3 килограммға дейінгі шағын тұқым партияларын ылғалды дәрілеуге арналған машина | 9 004 464 |
3.2 | өнімділігі сағатына 10 килограмнан бастап 50 килограмға дейінгі тұқымдар партияларын ылғалды дәрілеуге арналған машина | 12 125 000 |
3.3 | өнімділігі сағатына 300 килограмға дейінгі масақ бастырғыш | 11 026 786 |
3.4 | жеке масақтар мен шағын бауларға арналған масақ бастырғыш | 10 138 393 |
3.5 | өнімділігі сағатына 300 килограмға дейінгі бір собықтық бастырғыш | 12 022 321 |
3.6 | 2 барабанастылық байламдық бастырғыш | 14 535 714 |
3.7 | астық сынамаларын 6 бөлікке бөлуге арналған сынама бөлгіш | 5 776 786 |
3.8 | зертханалық тұқым есептегіш | 7 508 929 |
3.9 | зертханалық ұсақтағыш | 16 151 786 |
3.10 | егіс материалын есептегіш | 15 169 643 |
3.11 | сағатына 50 килограмға дейін тұқымдарды ұқыпты тазалау және сұрыптауға арналған зертханалық машина | 6 281 250 |
Ескертпе: * "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тұқым шаруашылығы туралы заң) сәйкес қызметін жүзеге асыратын, аттестатталған бірегей тұқым өндірушілер мен элиталық тұқым шаруашылықтары сатып алған техника мен жабдықтар субсидияланады. ** Селекциялық техника аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерде және элиталық тұқым шаруашылықтарында бар ұрпақтарын сынау питомниктері мен көбейту питомниктерінің алаңын ескере отырып субсидияланады. Селекциялық техниканың бір бірлігі ұрпақтарын сынау питомниктері мен көбейту питомниктері алаңының әр 20 гектарына есептеледі. Бір түрдегі техниканың келесі бірлігін субсидиялауға алаң белгіленген нормативтен 50 % асып кеткен жағдайда рұқсат етіледі. |
№ 3 "Тұқым тазарту-сұрыптау жабдығын сатып алу" жобасының паспорты* | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 50 % | ||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жабдықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілетін құн, теңге |
1 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, өнімділігі сағатына 5 тоннаға дейін тұқымдық тазалау кезіндегі тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Еуропа өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын бастапқы сепаратор**, жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын екінші сепаратор, фотосепаратор**, дражиратор**, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, тұқым мен қалдықтарды тасымалдауды** (норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырларды**, аспирациялық құбырларды**, циклондарды**, кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 344 812 048 |
2 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, тұқымдық тазарту кезіндегі өнімділігі сағатына 5,1 тоннадан 10 тоннаға дейін тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Еуропа өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын бастапқы сепаратор**, жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын екінші сепаратор, фотосепаратор**, дражиратор**, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, тұқым мен қалдықтарды тасымалдауды** (норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырларды**, аспирациялық құбырларды**, циклондарды**, кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 397 504 915 |
3 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, тұқымдық тазарту кезіндегі өнімділігі сағатына 10,1 тоннадан 20 тоннаға дейін тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Еуропа өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (бастапқы сепаратор, торлы стан, екінші сепаратор, фотосепаратор**, дражиратор**, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, торлардың жұмыс жазықтықтарын тазалауды, тасымалдауды (транспортерлер, норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырлар жиынтығын, аспирациялық құбырларды, айқастыру клапандары, автотиеуге арналған таратқыш**), улағышты**, қаптарға салуды** кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 591 780 228 |
4 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, тұқым тазалау кезінде өнімділігі сағатына 5 тоннаға дейін болатын тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын бастапқы сепаратор**, жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын екінші сепаратор, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, тұқым мен қалдықтарды тасымалдауды** (норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырларды**, аспирациялық құбырларды**, циклондарды**, кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 134 623 037 |
5 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, тұқым тазалау кезінде өнімділігі сағатына 5,1 тоннадан 10 тоннаға дейін болатын тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын бастапқы сепаратор**, жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын екінші сепаратор, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, тұқым мен қалдықтарды тасымалдауды** (норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырларды**, аспирациялық құбырларды**, циклондарды**, кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 162 201 608 |
6 | Шеф-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын қоса алғанда, тұқым тазалау кезінде өнімділігі сағатына 10,1 тоннадан 20 тоннаға дейін болатын тұқым тазалау-сұрыптау жабдығы (Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина өндірісінің модельдері). Желі тұқымдарды қабылдауға, бастапқы тазалау мен сұрыптауға арналған жабдықты (жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын бастапқы сепаратор**, жоғарғы тор жазықтығын қырғыш транспортермен тазалайтын екінші сепаратор, триерлі блок, пневмоүстел), дәрілегішті, тұқым мен қалдықтарды тасымалдауды** (норилер, шынжырлы және таспалы транспортерлер), өздігінен ағатын құбырларды**, аспирациялық құбырларды**, циклондарды**, кешенді автоматтандыруды (басқару шкафы және кабельді материал) қамтиды. | 162 469 466 |
Ескертпе: * Тұқым шаруашылығы туралы заңға сәйкес қызметін жүзеге асыратын, аттестатталған бірегей тұқым өндірушілер мен элиталық тұқым шаруашылықтары сатып алған техника мен жабдықтар; |
№ 5 "Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуаттылықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша рұқсат етілетін құн, теңге |
1 | 5 000 бас ірі қара малды бір мезгілде күтіп-бағуға арналған қашалары, ені кемінде 3 метр бетон алаңдары бар науалары (1 басқа 30 сантиметр азық үстелі есебінен), сумен жабдықтаудың автосуаттары бар автоматтандырылған жүйесі, малмен жұмыс істеуге арналған жабдықталған (бекіткіші бар) ветеринариялық пункті, азық цехы бар алаң кем дегенде 5 000 тонна құнарлы азық сақтауға арналған сыйымдылықтардың немесе үй-жайлардың болуы, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техника және жабдықтың болуы. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: жаңа құрылыс салған кезде, кеңейту кезінде | ірі қара малдың 1 басын ұстауға арналған орын |
200 000 |
2 | 5 000 бас қойларды бір мезгілде күтіп-бағуға арналған қашалары, науалары, қатты алаңдары (1 басқа кемінде 10 сантиметр есебінен азық үстелі) немесе құнарлы азықты беруге арналған тасымалы құрылғы, сумен жабдықтаудың автосуаттары бар автоматтандырылған жүйесі, ұсақ малмен жұмыс істеуге арналған жабдықталған (өткелек, бекіткіші) ветеринариялық пункті, малды түсіруге және тиеуге арналған сатысы, азық цехы не дәнді уақтағыш/жаныштағышы, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техникасы мен жабдықтары бар кем дегенде 1 000 тоннадан құнарлы астық сақтауға арналған сыйымдылығы немесе үй-жайы бар алаң. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады: жаңа құрылыс салған кезде, кеңейту кезінде |
20 000 | |
3 | Жартылай тіркеме – мал тасу үшін, ірі қара малдың мың шартты басына біреу | 1 бірлік | 32 000 000 |
4 | Тартқыш – мал тасу үшін, ірі қара малдың мың шартты басына біреу | 25 000 000 | |
Ескертпе: Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 6 "Сүтті бағыттағы ірі қара мал/ешкі өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықтың атауы мен техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуаттың немесе жабдықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін ең жоғары жол берілетін құн, теңге |
1-тарау. Қуаты 400 аналық бастан басталатын сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту: | |||
1 | Объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техникасы мен жабдығы бар сиыр қорасы, бұзау қорасы, сауын залы, азық цехы, емдеу-сауықтыру орындары бар төлдеу үй-жайлары, серуендейтін алаңдары, көң сақтау орны бар тауарлық сүт фермасы. Мынадай жабдықпен жарақталған сиыр қорасының ғимараты: сиырларға арналған бокстар, бекітпесі бар азықтық үстелдер (қажет болса), ішкі өтетін жерлердің қоршаулары, сиырлар қасынуға арналған қондырғылар, желдету (қажет болса), сумен қамту жабдығы, сұйық көңді бөлу жүйесі (қажет болса), емдеу-санитариялық пункт; роботтандырылған сауу қондырғысы немесе автоматтандырылған сауу қондырғысымен (карусель, параллель, елочка, тандем) және/немесе сүт құбырымен, сүт салқындатқыш танкермен, сиырлардың физикалық жай-күйін бақылау жүйесімен жарақталған сауын залы; бұзауды күтіп-бағуға арналған тормен жарақталған бұзау қора, сүрлем траншеялары. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: | бағымдағы сиырға арналған орын | |
салу кезінде | 2 900 000 | ||
кеңейту кезінде | 1 450 000 | ||
Ескертпе: Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату (лизинг) шарттары, жабдықты жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларация, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының өтеу %-ы шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 8 "Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, сүт қабылдау пункттері мен сүт өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық пен техника сатып алу" жобасының паспорты | ||||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жобаның қуатын өлшеу бірлігі | Қуат немесе техника/машина/жабдықтар бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге | |
1 | Сүтті өңдеуге, сүт өнімдерін өлшеп-орауға және сақтауға арналған технологиялық жабдығы бар, өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын сүт өңдеу зауыты. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады: | тәулігіне 1 тонна | ||
құрылыс | 25 700 000 | |||
кеңейту | 12 800 000 | |||
2 | Әрленген, жылыту, инженерия жүйесі бар, сүтті салқындатқыш, шұңғылшасы бар тот баспайтын болаттан жасалған үстел, сүт сорғысы, электр су жылытқышы, сүт есептегіштері, сүт анализаторы, сүзгіштер сияқты жабдықтар орнатылған блок контейнер | 1 бірлік | 5 000 000 | |
2.1 | Ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, сүт қабылдау пункттері үшін жабдықтар сатып алу: | 1 бірлік | ||
2.1.1 | Сүт салқындатқыш | 2 200 000 | ||
2.1.2 | Тасымалданатын сауу аппараты | 90 000 | ||
2.1.3 | Сүт сорғысы | 140 000 | ||
2.1.4 | Электр су жылытқыш | 90 000 | ||
2.1.5 | Сүт есептегіш | 120 000 | ||
2.1.6 | Сүт сапасын талдауға арналған аспап | 80 000 | ||
2.1.7 | Сүзгісі бар корпус | 40 000 | ||
2.1.8 | Электр станциясы (дизельді немесе бензинді) | 1 000 000 | ||
3 | Ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, сүт қабылдау пункттері және сүт өңдеу кәсіпорындары үшін зертханалық жабдықтар сатып алу: | 1 бірлік | ||
3.1 | Маститті анықтауға арналған экспресс индикаторлар | 100 000 | ||
3.2 | Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін анықтауға арналған зертханалық жабдық | 120 000 000 | ||
3.3 | Үлгілерді сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтар | 500 000 | ||
4 | Сүт тасымалдауға арналған көлік құралы (сүт тасымалдауға арналған цистернасы бар автомашина) және (немесе) жартылай сұйықтың температурасының өзгеруіне жол бермеу үшін жылу оқшаулағышы бар сүт тасушы жартылай тіркеме: | 1 бірлік | ||
4.1 | сыйымдылығы 1 тоннадан басталатын автокөлік базасындағы сүт тасушы | 8 000 000 | ||
4.2 | сыйымдылығы 4 тоннадан басталатын автокөлік базасындағы сүт тасушы | 13 000 000 | ||
4.3 | сыйымдылығы 7 тоннадан басталатын автокөлік базасындағы сүт тасушы | 25 000 000 | ||
4.4 | сыйымдылығы 12 тоннадан басталатын автокөлік базасындағы сүт тасушы | 32 000 000 | ||
4.5 | сыйымдылығы 12 тоннадан басталатын жартылай тіркеме негізіндегі сүт тасушы | 32 000 000 | ||
5 | Сүт тасымалдауға арналған тіркеме-цистерна: | 1 бірлік | ||
5.1 | сыйымдылығы 300 литрден бастап | 1 500 000 | ||
5.2 | сыйымдылығы 400 литрден бастап | 2 000 000 | ||
5.3 | сыйымдылығы 900 литрден бастап | 2 300 000 | ||
5.4 | сыйымдылығы 1100 литрден бастап | 2 500 000 | ||
6 | Рефрижератор (сүт өнімдерін тасымалдауға арналған тоңазытқыш жабдығы бар автомашина)* | 1 бірлік | ||
6.1 | жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін* | 9 200 000 | ||
6.2 | жүк көтергіштігі 5 тоннадан жоғары* | 19 700 000 | ||
6.3 | Ершікті тартқыш* | 1 бірлік | 30 000 000 | |
6.4 | 10 тоннаға дейінгі рефрижераторлы жартылай тіркеме* | 1 бірлік | 20 000 000 | |
6.5 | 10 тоннадан басталатын рефрижераторлы жартылай тіркеме* | 1 бірлік | 30 000 000 | |
7 | Жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу кәсіпорындарын кеңейту үшін құрғақ сүт және/немесе сүт сарысуын өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу (роликті кептіргіш, ұсақтау, бүрку қондырғысы) |
| 32 500 000 | |
Ескертпе: * 1 сүт өңдеу зауытына екі данадан артық емес. | ||||
№ 9 "Жүн дайындау пунктіне арналған жабдық сатып алу" жобасының паспорты | ||||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Техника/машина/жабдықтар бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге | ||
1 | Қырқу пункті: | |||
1.1 | Қойларды электрлі механикалық қырқу құралы (1 бірлік) | 520 000 | ||
1.2 | Пресс | 500 000 | ||
1.3 | Жүн қалдықтарына арналған қопсытқыш-тазартқыш жабдық (1 жиынтықтан артық емес) | 1 500 000 | ||
2 | Жылжымалы қырқу пункті (ашылмалы корпусы бар екі осьті тіркеме, сұрыптау торы, пресс, жүннің жіңішкелігін анықтауға арналған экспресс жабдықтар, штабелер). | 11 000 000 |
№ 10 "Ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Ең жоғары жол берілетін құны, теңге/бірлік |
1 |
Сағатына 350 килограмнан бастап жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорны | |
құрылысы | 868 000 000 | |
кеңейту | 430 000 000 | |
2 | Тәулігіне 1000 килограмнан бастап жүнді тереңдете өңдеу кәсіпорыны. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады | |
құрылыс | 4 000 000 000 | |
кеңейту | 4 000 000 000 | |
3 |
Тәулігіне 600 данадан бастап ірі қара мал терісін, 2000 дана ұсақ мал терісін бастапқы өңдеу кәсіпорыны. | |
құрылыс | 661 000 000 | |
кеңейту | 300 000 000 | |
4 |
Тәулігіне 2 000 данадан бастап ірі қара мал терісін және 5 000 дана ұсақ мал терісін тереңдете өңдеу кәсіпорыны. | |
құрылыс | 4 600 000 000 | |
кеңейту | 2 300 000 000 | |
Ескертпе: |
№ 12 "Жылыжай кешенін салу және кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 30% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңг |
Жылыжай кешенінде мыналар болуы тиіс: жылу энергиясының автономды көздері (қажет болған жағдайда), термоаккумулятор, жылыту және климаттық бақылау жүйесі, ауаны автоматты түрде жете ылғалдандыру, жарық беру (қажет болған жағдайда), көмір қышқыл газын өндіру, перделеу жүйесі, жасанды субстратта (өсіру үшін топырақ болмаған жағдайда) топырақсыз өсіру технологиясы, дақылдарды аз көлемде өсірудің автоматты жүйесі (тамшылатып суару, қоректік ерітінділерді дайындау тораптары, су дайындау). | 1 гектар | |
1.Үлдірден/поликорбанаттан жасалған жабын: | 288 966 000 (құрылыс кезінде) | |
1.2. Кеңейту | 144 483 000 (кеңейту кезінде) | |
| ||
| 540 845 000 (құрылыс кезінде) | |
| 270 422 500 (кеңейту кезінде) | |
Ескертпе: |
№ 13 "5 гектардан басталатын қарқынды алма бағын отырғызу" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 40% | ||
Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат немесе техника/машина/жабдықтар бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңг |
Қарқынды алма бағын отырғызу мынадай технология бойынша жүзеге асырылады: аласа бойлы және жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерін, оның ішінде книп-баум көшеттерін пайдалана отырып, отырғызатын материал аурулар мен зиянкестерден таза болуға тиіс; - 1 гектарға көшеттер саны 2000 данадан 5714 данаға дейін***; - тіреуіш бағаналы мырышталған сымды пайдалана отырып, тартатын (негізгі) бағаналардан, аралық бағаналардан (биіктігі топырақтың бетінен кемінде 2,0 м) тұратын тіреуіш бағаналарды (тіреуішті), тіреуіш бағанаға көшетті бекіту элементтерін, керме құрылғыларды, зәкір немесе тірек конструкцияларды қолдана отырып; - тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып; - құрамында уытты элементтері жоқ материалдан жасалған қорғаныш торды (бұршаққа қарсы, күн сәулесінен қорғайтын) пайдалана отырып* | 1 гектар | 21 000 000 |
Техника және жабдық** | ||
трактор (қуаты 100 ат күшіне дейін) *** | 1 бірлік | 15 000 000 |
мамандандырылған бақ бүріккіші (бак сыйымдылығы кемінде 500 литр) |
| 4 000 000 |
трактор тіркемесі (жүк көтергіштігі кемінде 3 тонна) | 3 500 000 | |
аспалы бақ культиваторы | 3 000 000 | |
бақ шөп шапқышы | 4 000 000 | |
тыңайытқыш енгізуге арналған машина | 5 500 000 | |
жеміс жинауға арналған машина*** | 32 090 000 | |
кесуге арналған жабдық | 3 000 000 | |
механикалық сиретуге арналған машина | 4 115 000 | |
Ескертпе: * қорғаныш торын (бұршақ жауынға қарсы, күннен қорғайтын) субсидиялау бақша салынған төрт жыл бойы орнату фактісі бойынша жүзеге асырылады, осы шарт бойынша бақ отырғызу басында қорғаныш торын орнату талап етілмейді; ** ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу (қажет болған жағдайда); *** техниканың бірінші бірлігін субсидиялау кезінде қарқынды алма бағына арналған жердің ең аз нормативі 5-тен 20 гектарды құрайды. Бір түрдегі техниканың екінші бірлігін субсидиялау ең төменгі норматив 20 гектарда 50%-ке және одан артық болған кезде жүзеге асырылады. Ең аз нормативтерге сәйкес келетін қарқынды алма бағына арналған жер алаңдарының бар-жоғы меншік құқығындағы жер учаскесі актісімен және (немесе) уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісімен расталады. Егер инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) бұрын салған алма бақшасының алаңы кемінде 5 гектарды құраса, екпелер кеңейген кезде алма бақшасының алаңы кемінде 5 гектарды құрайтын болса, онда алма бағын отырғызу субсидияланады. Осы Қағидалар шеңберінде субсидияланған көшеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Шығымдылықты арттыруды субсидиялау қағидалары) шеңберінде субсидияланбайды, сол сияқты Шығымдылықты арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидияланған көшеттер осы Қағидалар шеңберінде субсидияланбайды. |
№ 14 "5 гектардан басталатын жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 30% | ||
Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат немесе техника/машина/жабдықтар бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
Жеміс-жидек дақылдарын және жүзімді отырғызу мынадай технология бойынша жүзеге асырылады: орта және ұзын бойлы телітушілердегі көшеттерді пайдалана отырып, отырғызу материалы аурулар мен зиянкестерден таза болуға тиіс; керме (негізгі) бағаналарды, аралық бағаналарды (биіктігі топырақ деңгейінен кемінде 2 метр) қамтитын тіреуіш бағананы (тіректі) қолдана отырып, тіреуіш бағаналы мырышталған сымды, көшетті тіреуіш бағанаға бекіту элементтерін, керме құрылғылары, зәкір немесе тірек конструкциясын (жеміс-жидектерді және Апорт сортты алма ағашын қоспағанда) пайдалана отырып; тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып (Апорт сортты алма ағашын қоспағанда); 1 гектарға мынадай көшеттер санымен***: дәнді жеміс дақылдары - 500 данадан 2000 данаға дейін; сүйекті жеміс дақылдары - 200 данадан 2000 данаға дейін; жаңғақ жемісті дақылдар - 100 данадан 500 данаға дейін; жүзім - 1150 данадан 2667 данаға дейін; жидек дақылдары - 1 гектарға 40 000 данаға дейін. | 1 гектар | 9 889 000 |
отандық көшеттерді пайдалана отырып: | 1 535 000 (дәнді жеміс дақылдары); | |
1 767 000 (сүйекті жеміс дақылдары); | ||
1 847 000 (жүзім); | ||
импорттық көшеттерді пайдалана отырып | 4 887 000 (дәнді жеміс дақылдары); 8 668 000 (сүйекті жеміс дақылдары); 1 841 000 (жаңғақ жемісті дақылдар); 3 945 000 (жүзім); 4 622 000 (жидек дақылдары); | |
құрамында уытты элементтері жоқ материалдан жасалған қорғаныш торды (бұршақ жауынға қарсы, күн сәулесінен қорғайтын) пайдалана отырып (жаңғақ жемісті және жидекті дақылдарды қоспағанда) * | 1 гектар | 2 157 000 |
Торды (тірекке арналған тіректерді) және көшетті торға бекіту элементтерін қамтитын торлы жүйені қолдану | 1 гектар | 1 071 428 |
Техника және жабдық** | ||
трактор (қуаты 100 ат күші) *** | 1 бірлік | 13 610 000 |
мамандандырылған бақ бүріккіші (бак сыйымдылығы 500 литрден кем емес) | 3 085 000 | |
трактор тіркемесі (жүк көтергіштігі 3 тоннадан кем емес) | 3 120 000 | |
аспалы бақ культиваторы | 3 312 000 | |
бақ шөп шапқышы | 4 324 000 | |
тыңайытқыш енгізуге арналған машина | 5 129 000 | |
жеміс жинауға арналған машина*** | 32 090 000 | |
кесуге арналған жабдық | 3 000 000 | |
механикалық сиретуге арналған машина | 4 115 000 | |
Ескертпе: * қорғаныш торын (бұршақ жауынға қарсы, күннен қорғайтын) субсидиялау бақша салынған төрт жыл бойы орнату фактісі бойынша жүзеге асырылады, осы шарт бойынша бақ отырғызу басында қорғаныш торын орнату талап етілмейді; ** ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу (қажет болған жағдайда); *** техниканың бірінші бірлігін субсидиялау кезінде қарқынды алма бағына арналған жердің ең аз нормативі 5-тен 20 гектарды құрайды. Бір түрдегі техниканың екінші бірлігін субсидиялау ең төменгі норматив 20 гектарда 50%-ға және одан артық болған кезде жүзеге асырылады. Ең аз нормативтерге сәйкес келетін қарқынды алма бағына арналған жер алаңдарының бар-жоғы меншік құқығындағы жер учаскесі актісімен және (немесе) уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісімен расталады. Егер инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) бұрын салған алма бақшасының алаңы кемінде 5 гектарды құраса, екпелер кеңейген кезде алма бақшасының алаңы кемінде 5 гектарды құрайтын болса, алма бағын отырғызу субсидияланады. Осы Қағидалар шеңберінде субсидияланған көшеттер Шығымдылықты арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидияланбайды, сол сияқты Шығымдылықты арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидияланған көшеттер осы Қағидалар шеңберінде субсидияланбайды. |
№ 15 "Қуаты жылына 5 мың тоннадан басталатын құс етін өндіруге арналған объектілерді құру және кеңейту" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
1 | Техникалық жабдығы, ғимараттары және құстарды ұстауға арналған еденді/торлы жабдықтары, автоматты азықтандыру, суару, микроклимат, сумен жабдықтау, желдету мен жылыту, жарықтандыру желісі, сою цехы, ветеринариялық блогы, инкубатор, азық цехы, тоңазытқыш жабдығы, қалдықтарды өңдеу жүйесі, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті технологиялық жабдығы, құрылысжайлары бар құс фабрикасы. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: |
Жылына | |
салу кезінде | 520 000 | ||
кеңейту кезінде | 260 000 | ||
Ескертпе: Кезең-кезеңмен іске асыру кезінде бастапқы қуаты жылына 2 мың тоннадан басталатын құс етін өндіру объектілерін құру және кеңейту жобалары субсидияланады. Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. Егер кәсіпорында құрамажем зауыты және/немесе мобильді құрамажем зауыты болса, онда жем цехын салудың қажеті жоқ. |
№ 16 "Алу және өсіру қуаты 1200 бас будан мегежіндерден басталатын селекциялық-будандық орталық құру" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
1 | Шошқа басын ұстауға арналған жабдықталған ғимараттары, ветеринариялық-санитариялық блогы, сою цехы, таразысы, тоңазытқыш жабдығы, автоматты азықтандыру, сумен жабдықтау, көң шығару, желдету және жылыту жүйелері, генетикалық зертханасы, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техника және жабдығы бар селекциялық-гибридтік орталық. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады. | мегежінге арналған орын | 2 500 000 |
Ескертпе: Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 17 "Қуаты 1000 бас мегежіннен басталатын шошқа өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңгее |
1 | Шошқа басын күтіп-бағуға арналған жабдықталған ғимараттары, ветеринариялық пункті, автоматты азықтандыру, сумен жабдықтау, көң шығару, желдету және жылыту жүйелері, сою цехы және қалдықтарды өңдеу жүйесі, таразысы, тоңазытқыш жабдықтары, объектіге қызмет көрсетуге арналған қажетті техника және жабдығы бар шошқа өсіру кешені. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: салу/жаңғырту кезінде; кеңейту кезінде | мегежінге арналған орын |
1 700 000 |
Ескертпе: Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, сатып алынған жабдық сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 18 "Құрамажем зауытын салу" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат немесе техника/машин/жабдықтар бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
1 | Құрамажем зауытының (цехының) ғимаратын, астық сақтау сыйымдылықтарын (сүрлемдік корпустар), өндірістік блокты, авто және/немесе теміржол көлігіне тиелімдері бар шикізат және дайын өнімдерге арналған қоймаларды, құрамажем зауытына, қоймаларға және сүрлемдерге арналған технологиялық жабдықты, қоймалар мен сүрлемдерді, қажетті техника мен көлікті қамтитын қуаты сағатына 3 тоннадан басталатын құрамажем/түйіршіктелген азық өндіретін құрамажем зауыты (цехы). Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: |
сағатына | |
салу кезінде | 270 000 000 | ||
кеңейту кезінде | 135 000 000 | ||
2 | Сору жапқышын, балғалы пневмо ұсақтағышты, дәнтүйгішті, роторлы компрессорды, салмақтық араластырғышты, аспирацияны, сорғыш штуцерді, түсіргіш иірмекті, бұрылмалы иірмекті, құрамалы шлюзді, тиеу құйғышын, тиегіш иірмекті, ауа көмегімен түсіру желісін, азықтық майға арналған мөлшерлегіш сыйымдылықты қамтитын қуаты сағатына 15 тоннадан басталатын мобильді құрамажем зауыты. | 1 бірлік | 100 000 000 |
2.1 | Құрамажем зауытын қозғалтуға арналған тартқыш | 23 000 000 | |
Ескертпе: Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 19 "Тәулігіне 50 тонна құс саңғырығын өңдеуге арналған техника мен жабдықтар сатып алу" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жобаның қуатын өлшеу бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
Саңғырықты компостирлеу: | ||
қопсытқыш | 1 бірлік | 108 200 000 |
фронтальді тиегіш | 5 600 000 | |
Саңғырықты кептіру: | ||
Тыңайтқыштарды кептіруге арналған жабдық |
тәулігіне | 466 700 |
Биогаз қондырғысы: | ||
Биогаз қондырғысы |
тәулігіне | 11 600 000 |
Қайта өңдеудің барлық тәсілдеріне арналған техника мен жабдықтар: | ||
Шашқыш | 1 бірлік | 25 000 000 |
Тыңайтқыштарды буып-түю және орау жабдықтары |
тәулігіне | 666 670 |
№ 20 "Жұмыртқалы және етті бағыттағы құс шаруашылығында асыл тұқымдық репродуктор құру және кеңейту" жобасының паспорты | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі - 40% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуаттылықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша рұқсат етілетін құн, теңге |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары: | |||
1.1 | Ата-тектік/ата-енелік табынның құс қорасы | 1 шаршы метр | 208 000 |
1.2 | Құс басын толықтырушы балапанның құс қорасы | 156 000 | |
1.3 | "Мал шаруашылығының, құс шаруашылығының және аң шаруашылығының ғимараттары мен үй-жайлары" ҚР ҚНжЕ 3.02-11 17.1.2 және 17.1.3-тармақтарына сәйкес жобалық-сметалық құжаттамада көзделген ветеринариялық объектілер кешені | 200 000 | |
1.4 | Сою цехының ғимараты (инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) қолданыста объекісі болған немесе құс сою бойынша жасалған аутсорсинг шарты болған жағдайда міндетті емес) | 123 000 | |
1.5 |
Инкубаторий | 162 000 | |
2 | Жабдық: | ||
2.1 | Құс басын толықтырушы балапанды өсіруге арналған едендік жабдықтар (суару, азықтандыру, жылыту, желдету, жарықтандыру, сумен жабдықтау жүйесі) | бір құс орнына | 25 000 |
2.2 | Құс басын толықтырушы балапанды өсіруге арналған торлы жабдықтар (суару, азықтандыру, жылыту, желдету, жарықтандыру, сумен жабдықтау жүйесі) | бір құс орнына | 42 500 |
2.3 | Ата-тектік/ата-енелік табынды күтіп-бағуға арналған едендік жабдық (жұмыртқа жинау жүйесі, суару, азықтандыру жүйесі, жылыту жүйесі, желдету, жарықтандыру, сумен жабдықтау) | бір құс орнына | 42 500 |
2.4 | Ата-тектік/ата-енелік табынды күтіп-бағуға арналған клеткалық жабдық (жұмыртқа жинау жүйесі, суару, азықтандыру жүйесі, жылыту жүйесі, желдету, жарықтандыру, сумен жабдықтау) | бір құс орнына | 35 000 |
3 | Кәдеге жарату жабдығы - Крематорий | 1 бірлік | 12 500 000 |
4 | Инкубаторға арналған жабдық | жұмыртқа орны | 8 800 |
5 | Сою цехына арналған жабдық | 1 бірлік | 53 000 000 |
6 | Техника: | ||
6.1 | Азық тасығыш | 1 бірлік | 35 000 000 |
6.2 | Балапан тасығыш | 40 000 000 | |
6.3 | Жұмыртқа тасығыш рефрижератор | 15 000 000 | |
6.4 | Ашалы электрлі жүктегіш/дизелді ашалы тиегіш | 12 500 000 | |
6.5 | Шағын тиегіш | 8 000 000 | |
6.6 | Фронтальді тиегіш | 5 600 000 | |
6.7 | Жылжымалы дезинфекциялық қондырғы | 12 000 000 | |
7 | Дизельді электр станциясы/дизельді генераторлы қондырғы | 1 бірлік | 22 000 000 |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады. |
№ 21 "Астық сақтау орындарын салу және кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтардың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
Астықты қабылдау, өңдеу, тазалау, өңдеу, кептіру, сақтау, ішкі орнын ауыстыру және тиеу операцияларын қамтамасыз ететін жабдығы бар, майлы дақылдарға арналған, сақтау орны 5000 тоннадан басталатын астық қоймасын кеңейту. | 1 тонна | 20 137 |
Астықты қабылдау, өңдеу, тазалау, өңдеу, кептіру, сақтау, ішкі орнын ауыстыру және тиеу операцияларын қамтамасыз ететін жабдығы бар, бірақ 10 000 тоннадан аспайтын астық қоймасын салу | 1 тонна | 33 800 |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады. Егер жоба жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдықты сатып алу-сату (лизинг) шарттары, жабдықты жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (жүк-кедендік декларация, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялауға жол беріледі. |
№ 24 "Жемістер/көкөністер/бақша дақылдарын өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу және (немесе) кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңг |
Шырын және (немесе) жеміс-көкөніс өнімдерінің бір және (немесе) бірнеше түрін өндіруге қажетті жабдықтары бар жаңа піскен жемістер, көкөністер, бақша дақылдарын өңдеу жөніндегі кәсіпорын. Субсидияларды есептеуге арналған шарттар: | ||
қуаты сағатына 1 тоннадан басталатын шикізат өңдейтін кәсіпорын салу кезінде | 1 тонна сағатына | 188 333 300 |
қуаты сағатына 1 тоннадан бастап шикізат өңдейтін кәсіпорынды кеңейту кезінде | 53 333 300 | |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады. Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 25 "Картоп өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
Картоп өңдеу жөніндегі кәсіпорын картопты, өңделген өнімдердің (картоп чипсілері, фри картобы, жартылай фабрикат) бір және (немесе) бірнеше түрін өндіруге қажетті жабдықтары бар өндірістік кешенді қамтиды. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: жылына 140 000 тоннадан басталатын шикізат өңдейтін кәсіпорын салу |
|
|
№ 27 "Дәнді дақылдардың өңделген өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорынды құру және кеңейту" жобасының паспорты" | |||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | |||
Р/с | Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуаты бірлігіне субсидияларды есептеуге арналған ең жоғары жол берілетін құн, теңге |
1 | Жарма өнімінің және (немесе) құрғақ таңғы астың бір және бірнеше түрлерін өндіруге қажетті жабдықтары бар астық өңдеу жөніндегі кәсіпорын. Субсидия есептеу талаптары: | ||
өңдеу қуаты сағатына 2 тоннадан басталатын шикізат өңдейтін жарма өнімдерін өндіруге арналған кәсіпорын салу кезінде | сағатына 1 тонна | 838 241 450 | |
өңдеу қуаты сағатына 2 тоннадан басталатын шикізат өңдейтін жарма өнімдерін өндіруге арналған жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту кезінде | 102 818 435 | ||
қуаты сағатына 0,2 тоннадан басталатын құрғақ таңғы ас өндіру жөніндегі кәсіпорын салу кезінде | сағатына 1 тонна | 1 500 000 000 | |
қуаты сағатына 0,2 тоннадан басталатын құрғақ таңғы ас өндіру жөніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту кезінде | 1 200 000 000 | ||
| Бір және (немесе) бірнеше өнім түрлерін өндіруге қажетті жабдығы бар макарон өнімдерін өндіруге арналған астықты/ ұн өңдеу жөніндегі кәсіпорын. Субсидия есептеу талаптары: | ||
өңдеу қуаты сағатына 1 тоннадан басталатын шикізат өңдеу кәсіпорнын салу кезінде | сағатына 1 тонна | 600 000 000 | |
өңдеу қуаты сағатына 1 тоннадан басталатын шикізат өңдейтін жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту кезінде | 512 244 000 | ||
қуаты сағатына 0,2 тоннадан басталатын глютенсіз макарон өндіретін кәсіпорынды салу кезінде |
сағатына | 1 212 146 835 | |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады. Егер, инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануы тиіс. |
№ 28 "Қант өндіру жөніндегі кәсіпорынды құру және кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 40% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
1. Шикізатты қабылдауға және өңдеуге қажетті жабдығы бар қант қызылшасын өңдеу жөніндегі кәсіпорын. Субсидияны есептеу шарттары: | ||
өңдеу қуаты тәулігіне 5000 тоннадан басталатын шикізат өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу кезінде | 1 тонна тәулігіне | 8 750 000 |
өңдеу қуаты тәулігіне 1600 тоннадан басталатын шикізат өңдеу жөніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту кезінде | 3 615 384 | |
2. Қант қызылшасын қабылдау пункті: | ||
автомобиль өлшейтін таразы | 1 тонна | 97 125 |
шикізат зертханасының жабдығы | 1 бірлік | 330 000 |
үйінді тегістеуші машина | тонна/сағ | 767 148 |
белсенді желдету жабдығы | тонна/сағ | 83 000 |
3. Сығынды өңдеу желісі (престеу) | 1 тонна тәулігіне | 106 783 |
Сығынды өңдеу желісі (түйіршіктеу) | 1 тонна тәулігіне | 2 082 753 |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады. Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, техника мен жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған техника мен жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануы тиіс. |
№ 29 "Қуаты жылына 2 000 тонна өнімнен басталатын нан-тоқаш және/немесе кондитерлік өнімдер өндіру жөніндегі кәсіпорынды кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Өлшем бірлігі жобаның қуаты | Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
Нан-тоқаш және/немесе кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған желі | Жылына 1 тонна дайын өнім | 2 040 000 |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады. Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
№ 30 "Өндірістік қуатын жылына 50 миллион жұмыртқадан бастап ұлғайта отырып жұмыртқалы құс фабрикаларын кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% | ||
Техниканың, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Өлшем бірлігі жобаның қуаты | Қуат, техника, жабдық бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн теңге |
Мекиен-тауықтар қорасы | бір құс қорасының 1 шаршы метріне | 57 160 |
Балапандар қорасы | 62 560 | |
Жұмыртқа қоймасы | 1 шаршы метрге | 80 400 |
Инфрақұрылым және жобалау-сметалық құжаттама | 302 343 584 | |
Жабдық: | ||
Технологиялық жабдық - құс басын толықтырушы балапан төлін ұстауға арналған тор жабдық | құс орны | 1 790 |
Технологиялық жабдық - өнеркәсіптік мекиенді ұстауға арналған тор жабдық | құс орны | 2340 |
Жұмыртқа сұрыптауыш машина 90 000 жұмыртқа/сағат | 1 бірлік | 352 296 000 |
Жұмыртқа сұрыптауыш машина 45 000 жұмыртқа/сағат | 187 886 250 | |
Құсты сою жабдығы 1 500 бас/сағат | 53 020 468 | |
Сойылған құстың саңғырықтарын өңдеу жабдығы | 29 568 000 | |
Тоңазытқыш жабдығы | 23 988 000 | |
Техника: | ||
Жем тасушы | 1 бірлік | 21 518 000 |
Жұмыртқа тасушы - рефрежератор | 14 000 000 | |
Трактор | 6 855 000 | |
Ашалы тиегіш | 11 250 000 | |
Фронтальді тиегіш | 8 000 000 | |
Жүк тасығыш | 17 273 000 |
№ 31 "Топырақты талдау жөніндегі агрохимиялық зертханалар үшін жабдық сатып алу" жобасының паспорты |
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 25% |
Р/с | Техника мен жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңге |
1 | Қажетті жабдықтар: автосамплері бар бөлшектелген ағынды автоматты талдағышпен, жаппай сынама дайындауға арналған жабдықпен, спектрофотометрмен, органикалық көміртекті (гумусты) жаппай талдауға арналған жабдықпен, компрессоры бар жалынды фотометрмен және газға арналған манометрмен, топырақ сынамаларын ұнтақтауға арналған диірменмен, зертханалық аквадистиллятормен, аналитикалық таразылармен, термостатпен, кептіру шкафымен, сору жабдығымен жарақталған топырақты агрохимиялық талдау зертханасы | 226 625 446 |
2 | Автосамплері бар индуктивті-байланысқан плазмасы бар атомдық-эмиссиялық спектрометр | 37 000 000 |
3 | Автоматты түрде топырақ сынамасын алушы | 9 719 000 |
4 | Автоматты түрде зертханалық ыдыс жуғыш машина | 7 011 750 |
№ 32 "Тауық жұмыртқасын өңдеу зауытын құру және кеңейту" жобасының паспорты | ||
Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 40% | ||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы | Жоба қуатының өлшем бірлігі | Қуаттылықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша рұқсат етілетін құн, теңге |
Объектіге қызмет көрсету үшін қажетті техникасы мен жабдықтары бар, технологиялық жабдығы, ғимараттары мен құрылысжайлары, инфрақұрылымы және тіршілік ету жүйелерінің жабдықтары бар жұмыртқа өңдейтін кәсіпорын. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады: | жұмыртқа тәулігіне | |
құрылыс кезінде | 5 863 | |
кеңейту кезінде | 4 667 | |
Ескертпе: Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес айқындалады. Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесі шегінде субсидиялануға тиіс. |
Инвестициялық субсидиялау объектілерін нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы №___келісім
______ қаласы | 20__ жылғы "__" _______ |
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын Қазақстан Республикасы _____ облысының
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
______________________ басқармасы атынан _______ № ______ _______
(атауы) негізінде әрекет ететін ____________________ басшы
(немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) бір тараптан және бұдан әрі
"Инвестор" деп аталатын _______________ атынан
________________________ негізінде әрекет ететін _________________ екінші
тараптан, бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей Тарап деп аталатындар, субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде төмендегілер туралы осы Инвестициялық субсидиялау объектілерін нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты:
1-тарау. Келісімнің нысанасы мен мақсаты
1.1 Осымен Инвестор өзіне инвестициялық субсидиялау объектілерін қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және иеліктен шығармау, ауыстыруды жүзеге асырмау, жалға бермеу, сондай-ақ субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде мақсатты пайдаланбағаны үшін жауапкершілікте болу міндеттемесін алады.
1.2 Осы Келісім шеңберінде қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы үлкен күшке ие болады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Инвестор:
Келісім бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
Жұмыс органының сұранымы бойынша осы Келісімді орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты тез арада беруге;
Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру үшін қолжетімділік беруге;
Қағидалардың 39-тармағына сәйкес ақпарат беруге;
осы Келісімнің шарттары мен іске асырылуы туралы ақпаратты Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға;
Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде инвестициялық субсидиялау объектілерін иеліктен шығармауға, ауыстыруды жүзеге асырмауға, жалға бермеуге міндетті.
2.2. Жұмыс органы:
Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.
3-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
3.1 Осы Келісім Тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 3 (үш) жыл бойы, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
4.1 Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
4.2 Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
4.3 Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
4.4 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы осы Келісімнің орындалу мерзімінің олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтылуына алып келеді.
4.5 Егер мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
5-тарау. Қорытынды ережелер
5.1 Хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почтамен (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.
5.2 Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің шарттарын, оның ішінде осы Келісімнің қолданылу мерзімін кез келген өзгерту, тоқтату Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын қосымша келісімдермен ресімделеді.
5.3 Осы Келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешіледі. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар осы Келісім бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
5.4 Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер 20___ жылғы ___________ №____ Инвестициялық субсидиялау шартымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
5.5 Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары
Инвестор: | Жұмыс органы: |
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы №___ шарт және келісім
_______ қаласы | 20___ жылғы "__" _______ |
Бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ___________________ бір тараптан, бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын ____________________ облысының
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) _______________
__________________________________________________ басқармасы (атауы)
мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде әрекет ететін басшысы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) ______ екінші тараптан, бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын ________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ___________ үшінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп, ал жеке-жеке Тарап деп аталатындар төмендегілер туралы осы Қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы шарт пен келісімді (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Осы Шартты жасасуға мыналар негіз болып табылады:
1) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);
3) Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органының шешімі
(20___ жылғы ______________ № ___).
2-тарау. Терминдер мен айқындамалар
2.1. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.
3-тарау. Шарттың нысанасы
3.1. Қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты Жұмыс органы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес инвестициялық субсидиялар төлеу туралы шешім қабылдағанға дейін пайдаланбайды.
3.2. Арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алу үшін инвестор Субсидиялау қағидаларында көрсетілген құжаттармен бірге, қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты куәландырған көшірмесін, қаржы институтымен жасалынған кредиттік шартты/лизинг шартын қосымша береді.
4-тарау. Инвестициялық субсидияларды аудару тәртібі мен шарттары
4.1. ______ (______) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар сомасын Жұмыс органы аванстық төлеммен қаржы институтының арнайы шотына аударады.
Қаржы институтының арнайы шотының деректемелері:
________________________________________________________________
4.2. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жасалады.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Қаржы институты арнайы шотқа қаражат келіп түскен күнннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттік шартта (Қаржы институты мен Инвестор арасында жасалған) көзделген қаражатты, егер инвестор мен қаржы институты арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жабдық сатушының шотына аударады және Жұмыс органына растайтын құжаттарды береді.
5.2. Қаржы институты Субсидиялау қағидаларында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы арнайы шотқа аванстық төлеммен аударған қаражаттың орнын толық көлемде қайтарады.
5.3. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен Жұмыс органының кассалық шығыстарын қайтару арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемдер жасалған тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
5.4. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты Жұмыс органының инвесторға инвестициялық субсидиялар беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдық пен техника сатып алуға пайдаланылған инвестордың кредит/лизинг бойынша негізгі борышын өтеу шотына аударады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шарт бойынша жауапкершілікте болады.
7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
7.1. Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар Субсидиялау қағидаларына сәйкес өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін қолданыста болады.
8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
8.1. Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
8.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
8.4. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімінің ұлғайтылуына алып келеді.
8.5. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
9-тарау. Дауларды шешу
9.1. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.
9.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.
10-тарау. Хат-хабар алмасу
10.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар бір-біріне жөнелтетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда ұсынылады және Тараптар тапсырылғаны туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралады.
10.2. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе, тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.
11-тарау. Құпиялылық
11.1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау кезінде олар алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.
11.2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады.
11.3. Тараптар осы Шарттың талаптар мен құпиялылығын сақтау үшін құқықтық сипаттағы шаралармен қоса барлық қажетті шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
11.4. Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапкершілікте болады.
11.5. Инвестор осы Шартқа қол қоя отырып, Жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.
12-тарау. Қорытынды ережелер
12.1. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.
12.2. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 3 (үш) данада жасалды.
Жұмыс органы: | Қаржы институты: | Инвестор: |