БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің қатарынан "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы", "Әдебиет, театр және кино", "Журналистика және қоғамдық қызмет", "Спорт", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Ғылым" бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған кезде сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.
15. Сыйлықты беру туралы бұйрық уәкілетті органның интернет-ресурсын қоса алғанда, масс-медиада жарияланады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі.
Уәкілетті орган ақшалай сыйақыны сыйлықты беру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыйлыққа ие болған адамның банктік шотына аударады.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет;
2. Ғылым;
3. Дизайн және бейнелеу өнері;
4. Журналистика;
5. Классикалық музыка;
6. Қоғамдық қызмет;
7. Спорт;
8. Театр және кино;
9. Эстрада;
10. Халық шығармашылығы.