"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 12 маусымдағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36289 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 16.06.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілері балалар, жастар, ересек халық үшін (бұдан әрі – жеке тұлғалар) өткізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілері, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың дене дайындығына қойылатын нормативтерден тұрады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерінің құрылымы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар қатысады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін тапсыру ауа-райына байланысты далада немесе жабық спорттық кешендерде өткізіледі.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
2-қосымша";

      4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 12 маусымдағы
№ 89 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
4-қосымша

Президенттік дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісіне берілетін куәлік нысаны

      Беткі жағы


МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК


 

      Ішкі жағы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
№ _____куәлік
_________________________________
(тегі)
________________________________
(аты)
__________________________________
(әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының президенттік тестілерінің президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін айырым белгісі бар төсбелгісімен марапатталды
саты ___ "______"
20__жылғы "__" ____ № __ бұйрық
Төраға ___________/_________/ (қолы) мөрдің орны

Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Удостоверение № ____
_________________________
(фамилия)
_________________________
(имя)
_________________________
(отчество (при наличии)
Награжден нагрудным знаком отличия за выполнение нормативов президентского уровня готовности президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан
____ ступень "___________"
Приказ № __ от "__" ____20__года
Председатель __________/_______/ (подпись)
место печати

  бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
5-қосымша

Ұлттық дайындық деңгейдің айырым белгісі бар төсбелгісіне берілетін куәлік нысаны

      Беткі жағы


 
МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК


 

      Ішкі жағы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
№ _____куәлік
_________________________
(тегі)
_________________________
(аты)
_________________________
(әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының президенттік тестілерінің ұлттық дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін айырым белгісі бар төсбелгісімен марапатталды
саты ___ "______"
20__жылғы "__" ____ № __ бұйрық
Төраға ___________/_________/ (қолы)
мөрдің орны

Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Удостоверение № ____
_________________________
(фамилия)
_________________________
(имя)
_________________________
(отчество (при наличии)
Награжден нагрудным знаком отличия за выполнение нормативов уровня национальной готовности президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан
____ ступень "___________"
Приказ № __ от "__" ____20__года
Председатель __________/_______/ (подпись)
место печати

  бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
халқының дене шынықтыру
даярлығына президенттік
тестілерін өткізу қағидаларына
6-қосымша

Бастапқы дайындық деңгейдің нормативтерін орындағаны үшін жеке тұлғаларға арналған сертификат нысаны

      Беткі жағы


 
СЕРТИФИКАТ

      Ішкі жағы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
№ ______ сертификат
______________________________
(тегі)
______________________________
(аты)
______________________________
(әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының президенттік тестілерінің бастапқы дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін берілді
20___ жылғы "____" _____________ № _____ бұйрық
Төраға____________/ ___________/ (қолы)
мөрдің орны

Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Сертификат № _______
______________________________
(фамилия)
______________________________
(имя)
______________________________
(отчество (при наличии)
Выдан за выполнение нормативов начального уровня готовности президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан
Приказ № ____ от "_____" ______________ 20__ года
Председатель______________/ ___________/ (подпись) место печати


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады