БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;";
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.";
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.";
18-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1. Алкоголь өнімін өткізу ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі), "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес алкоголь өнімінің сәйкестігі туралы декларация болған кезде жүзеге асырылады.";
47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының электрондық әмиянда бұғаттан шығарылған кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады;";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде 15 (он бес) пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға енгiзiледі.";
2) "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:
35-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган өткізген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі