"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық жастар форумын өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10861 болып тіркелген);
2) "Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31667 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 5 маусымдағы № 260-НҚ бұйрығына қосымша |
Республикалық жастар форумын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу қағидалары "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Республикалық жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілетін өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің форумы.
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Тәртіпті басшылыққа алады.
2-тарау. Форумды өткізу тәртібі
4. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Ұйымдастыру комитеті Форумды өткізу мерзімі уақытына қалыптастырылады.
5. Форум екі жылда кемінде бір рет шақырылады.
6. Форумда шешімдер қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
7. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен облыстарда, республикалық маңыздағы қалада және астанада өңірлік форумдарда жүргізіледі.
8. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін жастар ұйымдарын Форум делегаттарының жалпы санының 10 пайыздан аспайтын көлемінде қосымша шақыра алады.