БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
2-қосымшаның 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы:
1) тамақ өнімдерін өндіру;
2) сусындар өндіру;
3) тоқыма бұйымдарын өндіру;
4) киім өндіру;
5) былғары және оған жататын өнімдерді өндіру;
6) жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;
7) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
8) химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;
9) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру;
10) резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру;
11) өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру;
12) металлургия өндірісі (асыл (бағалы) металдар өндіру, өзге де түсті металдар өндіру, ядролық отынды қайта өңдеу, өзге де түсті металдар құю қоспағанда)*;
Ескерту:
12 – тармақша жаңа жобаларға ғана қолданылады;
13) машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;
14) компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;
15) электр жабдықтарын өндіру;
16) басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;
17) автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру;
18) басқа көлік құралдарын өндіру;
19) жиһаз өндіру;
20) өзге де дайын бұйымдар өндіру;
21) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату;
22) жүк әуе көлігінің қызметі;
23) жүктерді қоймаға қою және сақтау;
24) құрлықтағы жол көлігінің қосалқы қызметі;
25) әуе көлігінің қосалқы қызметі;
26) жүктерді көліктік өңдеу;
27) өзге де көліктік қосалқы қызмет;
28) жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошталық қызмет;
29) өзге де пошталық және курьерлік қызмет;
30) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ тармақшаларда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) осы тармақтың жобалық-сметалық құжаттама шегінде.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі